Қазақстан заңдары алдымен орысша қабылданып, содан кейін қазақ тіліне аударылады. Тіл мамандары да, сол заңмен жұмыс істейтін заңгерлер де аударма сапасының нашар екенін айтады. Сөйлемдердің орыс тілінен сөзбе-сөз аударылуы, құқықтық терминдердің бірізді болмауы заңды қазақ тілінде оқуды ауырлатады. "Калькасыз қазақ тілі" Telegram каналының авторы, филолог Назгүл Қожабек Конституцияның өзі дұрыс аударылмаған дейді. Азаттық оған заңның кей баптарын түзетіп көруді ұсынды.
вводится в действие со дня его официального опубликования.
алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.
Граждане Республики вправе получать бесплатно гарантированный объем медицинской помощи, установленный законом.
Республика азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін тегін алуға хақылы.
Республика азаматтары заңда көрсетілген кепілді медициналық көмек көлемін тегін алуға қақылы.
Отклонение обвинения Президента Республики в совершении государственной измены на любой его стадии влечет за собой досрочное прекращение полномочий депутатов Мажилиса, инициировавших рассмотрение данного вопроса.
Республиканың Президентіне мемлекетке опасыздық жасады деп тағылған айыптың қабылданбауы оның қай кезеңінде де осы мәселенің қаралуына себепші болған Мәжіліс депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының Президенті мемлекетке опасыздық жасады деген айып (қай кезеңде де) қабылданбаса, осы мәселені қарауға бастама көтерген Мәжіліс депутаттарының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Назгүл Қожабек
Назгүл Қожабек
Қазақстанда заң, нормативтік актілер – бәрі орысша жазылып, қазақшаға аударылатынына етіміз өліп кеткен, солай болуға тиіс сияқты. Тәуелсіздік ондай болмаса керек-ті. Тіпті орысшадан аударылғанның өзінде қазақша жазылғандай етіп аударуға болар еді. Қатесіз, орыс тілінен енген штамптар мен калька оралымдарды қолданбай, қазақтың өз тіліне бейімдеуге болар еді. Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту қазақша сөйлейтін халықтың заңдарды түсініп оқи алуынан басталар.
Ата заң – Конституция орыс тілінің штамптарымен жазылған. Оқыған адам түсіне қоюы екіталай. Орысша нұсқасының үтір-нүктесіне дейін айна-қатесіз қайталанған, сондағы оралымдар тілге де, көзге де ауыр, сондықтан Конституцияның өзін орысша оқи салғанда оңай көріп жүрміз. Қазақ тілін бизнес тіліне, экономика тіліне айналдыру керек деген сөз көп айтылады. Қазақ тілін алдымен заң тіліне айналдыру керек. Халық өз құқығы туралы білімді өз тілінде алуы керек.