Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауын 9 маусымға белгіледі. Бұған дейін Қазақстанда бес рет президент сайлауы өткен. Оның үшеуі мерзімінен бұрын болды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауын 9 маусымға белгіледі. Бұған дейін Қазақстанда бес рет президент сайлауы өткен. Оның үшеуі мерзімінен бұрын болды.
Орталық сайлау комиссиясы жеті үміткерге кандидат куәлігін берді. Сәдібек Түгел ("Ұлы дала қырандары" республикалық қозғалысы), Қасым-Жомарт Тоқаев ("Нұр Отан" партиясы), Амангелді Таспихов (Қазақстан кәсіподақтар федерациясы), Дания Еспаева ("Ақ жол" партиясы), Төлеутай Рақымбеков ("Ауыл" партиясы), Жамбыл Ахметбеков (Қазақстан коммунистік халық партиясы), Әміржан Қосанов ("Ұлт тағдыры" қозғалысы) тиісті 118 мың қолды жинап, барлық құжаттарды өткізді.
Партиялар мен қоғамдық ұйымдар ұсынған үміткерлер: Сәдібек Түгел ("Ұлы дала қырандары" республикалық қозғалысы),Қасым-Жомарт Тоқаев ("Нұр Отан" партиясы), Амангелді Таспихов (Қазақстан кәсіподақтар федерациясы), Дания Еспаева ("Ақ жол" партиясы), Төлеутай Рақымбеков ("Ауыл" партиясы), Жамбыл Ахметбеков (Қазақстан коммунистік халық партиясы), Әміржан Қосанов ("Ұлт тағдыры" қозғалысы), Жұматай Әлиев ("Халық демографиясы" қоғамдық бірлестігі).
ЖСДП президент сайлауына бойкот жариялады. Ал Қазақстан мәжілісінің бұрынғы депутаты, Қазақстан құрылысшылары одағы президент сайлауына үміткер ретінде ұсынған Талғат Ерғалиев құжаттарын қайтарып алды.
Алматыда "Ұлт тағдыры" қозғалысы Әміржан Қосановты, Қазақстан коммунистік халық партиясы Жамбыл Ахметбековті сайлауға кандидат ретінде ұсынды. Ал Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы сайлауға бойкот жариялады. ЖСДП съезінде Жармахан Тұяқбай партия төрағалығынан кететінін жариялады. Орнына Ермұрат Бапи сайланды. Бұған дейін "Ақ жол" партиясы Дания Еспанованы, "Ауыл" партиясы Төлеутай Рақымбековті, Қазақстан кәсіподақтар федерациясы Амангелді Таспиховті, "Ұлы дала қырандары" республикалық қозғалысы Сәдібек Түгелді президент сайлауына кандидат ретінде ұсынған.
23 сәуірде "Нұр Отан" партиясының съезі өтті. Партия лидері Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан президенті сайлауына билік партиясынан кандидат ретінде ұсынды. "Нұр Отан" мүшелері Тоқаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдап, дауыс берді. Осы күні Орталық сайлау комиссиясы Тоқаевтың кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде тіркелгенін хабарлады.
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, президенттікке үміткерлерді ұсыну 10 сәуір басталып, 28 сәуір күні кешке тоқтатылады. Кандидаттарды тіркеу 2019 жылы 11 мамырда кешкі алтыда аяқталады. Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, Қазақстанда 2019 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша, 12 миллионға жуық адам дауыс беру құқығына ие. Заң бойынша әр үміткер ресми түрде кандидат болып тіркелуі үшін дауыс берушілердің кемінде 1 пайызының (118 140 адам) қолын жинауы керек. Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткізуге мемлекеттік бюджеттен 12 млрд теңге сұрады. Үкімет 9,4 млрд теңге бөлетінін мәлімдеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған үндеуінде кезектен тыс президент сайлауы 2019 жылы 9 маусымда өтетінін жариялады. Ол Қазақстанды “демократиялық мемлекет” деп атап, президент халықтың қалауымен таңдалатынын, сайлау әділ әрі ашық өтетінін мәлімдеді. Тоқаев өзінің сайлауға түсетіні туралы ештеңе айтқан жоқ.
Қазақстанда 30 жылға жуық билік құрған Назарбаев 19 наурызда кенеттен президент қызметінен кететінін жариялаған. Ол мәлімдемесінде сайлау өткенше сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев президент болатынын айтты. Тоқаев 20 наурызда ант беріп, қызметіне кірісті. Ал сенат спикері болып Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаева тағайындалды. Назарбаев президенттіктен кетсе де, “Ұлт көшбасшысы – елбасы” мәртебесін сақтап қалды. Назарбаев елдің ішкі, сыртқы саясатына ықпал ететін конституциялық орган Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, парламенттегі басым орынға ие “Нұр Отан” партиясының төрағасы болып қалды.
Кезектен тыс сайлау өткізу идеясын бірінші болып Қазақстан халықтар ассамблеясы ұсынды. Бұл ұсынысты “Нұр Отан” партиясы мен мәжіліске кіретін басқа да партия жетекшілері қолдады. Сенатта 41 депутат бұл ұсынысты қолдап, бір депутат қарсы болды. Сол кездегі сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттардан қайта дауыс беруді сұрады. “Маған бірнәрсе ұнаған жоқ. Бұл – техникалық ақау. Қайта дауыс берейік. Біреу байқамай басып жіберген болар” деді ол. Екінші дауыс беруде сенат депутаттары кезектен тыс сайлауды бірауыздан қолдады.
Конституциялық кеңес кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешімді тек президент қабылдайтынын хабарлады. Назарбаев телеарна арқылы мәлімдеме жасап, кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Ал өзі сайлауға қатысатынын я қатыспайтынын кейін жариялайтынын айтты. Сайлауға үш кандидат – Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Коммунистік халық партиясының хатшысы Тұрғын Сыздықов, Қазақстан кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов тіркелді. Сайлауда Назарбаев - 97,7 пайыз, Тұрғын Сыздықов - 1,61 пайыз, Әбілғазы Құсайынов 0,64 пайыз дауыс жинады. ЕҚЫҰ сайлауда заңдар бұзылғанын айтты.
Орталық сайлау комиссиясының дерегіне сәйкес, Назарбаев - 95,55 пайыз, сенат депутаты Ғани Қасымов - 1,94 пайыз, Қазақстан халықтық коммунистік партиясының хатшысы Жамбыл Ахметбеков- 1,36 пайыз, «Табиғат» қозғалысының жетекшісі Мэлс Елеусізов 1,15 пайыз дауыс жинаған. Оппозициялық партиялар сайлауға бойкот жариялады. Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро, ЕҚЫҰ және АҚШ мемлекеттік департаменті тағы да сайлауды «халықаралық стандарттарға сай емес» деп тапты. ТМД мен ШЫҰ бақылаушылары сайлауды «еркін әрі демократия заңдарына сай өтті» деп бағалады.
2010 жылдың желтоқсанынан бастап елде президент өкілетін 2020 жылға дейін ұзарту туралы бастама көтеріліп, қол жинау жүрді. Парламент бұл мәселе бойынша референдум өткізуді ұсынды. Назарбаев Конституцияға өзгерту енгізу туралы парламенттің ұсынысына қол қойған жоқ. 2011 жылдың басында Конституциялық кеңес те парламент ұсынысын "заңға сәйкес емес" деп тапты. 2011 жылы 2 ақпанда парламент Конституцияға президентке кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешім қабылдау құқығын беретін өзгерту енгізді. Артынша Назарбаев кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойды.
Нұрсұлтан Назарбаевқа “Ұлт көшбасшысы – елбасы” мәртебесі берілді. Заң баспасөзде жарияланды. Жаңа мәртебе оған президент сайлауына шексіз түсуге рұқсат берді. Жаңа заңға сай, «Ұлт көшбасшысы-елбасының» жеке басы қорғалады және сотқа тартылмайды.
Конституцияға кезекті өзгертулер енгізіліп, бір адамның сайлауға екі реттен артық түсуіне қайта шектеу қойылды және президент өкілетінің мерзімі жеті жылдан бес жылға қайта қысқарды. Бірақ Конституцияда «бұл шектеулер Қазақстанның бірінші президентіне қатысты қолданылмайды» деп жазылды. Конституциядағы өзгертулер Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанның бірінші президенті ретінде ерекше мәртебе берді.
Президент 1998 жылы қабылданған өзгертулерге сәйкес, енді жеті жылға сайланатын болды. Сайлауда 91,15 пайыз дауыс жинаған Нұрсұлтан Назарбаев жеңді. “Әділетті Қазақстан үшін” қозғалысының көшбасшысы Жармахан Тұяқбай – 6,61 пайыз, “Ақ жол” партиясының жетекшісі Әлихан Байменов - 1,61 пайыз, мәжіліс депутаты Ерасыл Әбілқасымов– 0,34 пайыз, өз-өзін ұсынған кандидат Мэлс Елеусізов 0,28 пайыз дауыс жинады. Ел тарихында бірінші рет кандидаттар теледебатқа түсті. Нұрсұлтан Назарбаев теледебатқа қатысқан жоқ. ЕҚЫҰ, АҚШ мемлекеттік департаменті, Еуропа одағы және басқа бірқатар халықаралық ұйым бақылаушылары сайлауды “халықаралық стандарттарға сай емес” деп сынады. ТМД, Ресей және Польшадағы шығысты зерттеу орталығы сайлауға оң баға берді.
Конституциялық кеңес Конституцияның 42-бабының 5-тармағына сәйкес, бір адам екі рет Қазақстан президенті бола алмайтынын, бірақ “бұл ереже Қазақстанның 1995 жылғы Конституциясына сәйкес, Қазақ ССР және Қазақстан президенті қызметін 1999 жылдың 10 қаңтарына дейін атқарған тұлғаға (Нұрсұлтан Назарбаев – ред.) қатысты қолданылмайтынын” хабарлады.
Президент сайлауына үміткерлер ретінде сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаев, оппозиция жағындағы Коммунистік партия жетекшісі Серікболсын Әбділдин, Кеден комитетінің төрағасы Ғани Қасымов пен сенат депутаты Энгельс Ғаббасов тіркелді.
Экс-премьер-министр Әкежан Қажыгелдин “әкімшілік құқық бұзғаны үшін” сайлаудан шеттетілді. ЕҚЫҰ “сайлау өткізу тәртібі бұзылды” деп, өз бақылаушыларын Қазақстанға жібермеді.
Сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев - 79,78 пайыз, Серікболсын Әбділдин – 11,7 пайыз, Ғани Қасымов - 4,61 пайыз, Энгельс Ғаббасов 0,76 пайыз дауыс жинады.
Парламент Конституцияға өзгерту енгізуді мақұлдап, президенттің өкілетін бес жылдан жеті жылға ұзартты және президент үшін белгіленген шектік жас мөлшерін (65 жас) алып тастады. Осы өзгерістерден кейін елде кезектен тыс президент сайлауы жарияланды.
Конституция референдум негізінде қабылданды. Заңда президентке қойылатын талаптар бекітілді. Қазақстанда туған және осы елде 15 жыл тұрған, қазақ тілін еркін меңгерген 35-65 жастағы азаматқа президент болуға рұқсат берілді. Жаңа Конституцияға сай, президент бес жылға сайланады және бір рет қайта сайлануға құқылы болды.
Қазақстан халықтар ассамблеясы Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілетін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзартуды ұсынды. Ресми дерек бойынша, референдумға сайлаушылардың 91,21 пайызы қатысып, олардың 95,46 пайызы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілетін ұзартуды қолдап, дауыс берген. Осы референдумнан бастап Қазақстанда кезектен тыс сайлау мен президент өкілетіне байланысты референдум өткізу “дәстүрге” айналды.
Кеңес одағы тұсында болған Конституцияның орнына жаңа заң қабылданып, Қазақ ССР атауы Қазақстан Республикасы болып өзгерді. Жаңа Конституцияға сәйкес, президент бес жылға сайланып, оның өкілеті екі президенттік мерзіммен шектелетін болды.
Қазақстанда бірінші бүкілхалықтық президент сайлауы 1991 жылы 1 желтоқсанда өтті. Нұрсұлтан Назарбаев сайлауға түскен жалғыз кандидат болды. Ресми дерек бойынша, сайлауға дауыс берушілердің 88,2 пайызы қатысып, Нұрсұлтан Назарбаев 98,78 пайыз дауыс жинады.