Мен болмасам, басқа кім?
Жігерлі, сенімді жастар. Қазақстан құқық қорғаушыларының жаңа буыны осындай. Дизайнерлер, студенттер, оқытушылар, қаржыгерлер. Олар адам құқықтарын қорғау саласына түрлі жолмен, бірақ «Мен болмасам, басқа кім?» деген ұқсас себеппен келді.
Оларды не толғандырады? Қандай өзгерісті қалайды? Өмірде нені маңызды деп санайды?
Бұл жоба Адам құқықтары жөніндегі жалпыға бірдей декларацияға қол қоюдың 70 жылдығына арналады. Азаттық қолдау білдіргені үшін «Сорос – Қазақстан» қорына алғыс айтады.