Radio Free Europe/Radio Liberty

Сребреница құрбандары

Бұл 2500-дей адам - 20 жыл бұрын Сребреница қырғынында қаза тапқан мұсылмандар. 1995 жылы жазда Шығыс Босниядағы БҰҰ "қауіпсіздік аймағы" деп жариялаған Сребреница анклавын генерал Ратко Младич басқарған босниялық сербтер армиясы басып алған еді. Олар жастары 13-77 аралығындағы 7-8 мың қарусыз босниялық мұсылманды қаладан алып шығып, атып тастаған. Бұрынғы Югославиядағы әскери қылмыскерлерді жазалау жөніндегі халықаралық Гаага трибуналы Сребреницадағы оқиғаны геноцид деп таныған. Ол қырғынға байланысты сот процесстері әлі өтіп жатыр. Еуропа парламенті шілденің 11-ін Сребреница геноциді құрбандарын еске алу күні деп жариялаған. Бұл күні Боснияның шығысындағы үлкен зиратта соңғы бір жылда табылған мәйіттерді жерлемек. Биыл зиратқа тағы 136 адам жерленді.

Босниялық Дженана Халимович Сребреницада қаза тапқан адамдардың суреттерін жинап жүр. «20-ғасырдың екінші жартысындағы ең сұмдық әскери қылмыс қайталанбауы үшін жазықсыз құрбандар, олардың аты-жөндері мен түрлері естен шықпауы керек» дейді ол. «Бұрынғы Югославиядағы әскери қақтығыс кезінде алғаш оққа ұшқан адамдардың аты-жөндерін жұрттың бәрі білетін. Бірақ соғыс үдеген сайын көз жұмған адамдардың аты-жөнін статистика, жалаң цифр алмастырды. Сребреницада қаза тапқан адамдардың суреттеріне қарағанымда көбін өзім танитын жандарға ұқсата бердім. Суреттерді жинағанда бауырластар зиратында жерленген адамдардың тізімінде бір ауыз сөз ғана бұйырған адамдардың кім екенін танымақпыз. Ол суреттердің әрбірінің айтары бар шығар. Олай болса, тағы әлденеше мың әңгіме айтусыз қалып бара жатыр - өйткені Сребреницада қаза тапқандардың көбінің аты-жөні әлі белгісіз» дейді Дженана Халимович.


Сребреницадағы әскери қылмыстан қаза тапқан адамдардың суреті
Жоғарыға
Көрсетілгені - адам