Семей қаласының бір шетіндегі Бобровка деп аталатын бөлікте жаңадан пайдалануға беріліп отырған бұл мектеп үйінің құрылысы былтырғы жылы көктемде басталған болатын.
- 80 балаға арналған мектеп құрылысы үшін республикалық бюджеттен 34 млн теңге және Шығыс Қазақстан облысының бюджетінен 20 млн теңге қаржы бөлінді, - деп хабарлады жұма күні радиомызға телефон арқылы Семей қалалық білім басқармасы бастығының орынбасары Николай Пивкин.
Жаңа мектепте бес оқу бөлмесі, кітапхана, спорт залы, асхана, дәрігерлік бөлме және өз жылу қазандығы бар. Бұған дейін мектеп жасындағы балалар Бобровкадан қаланың басқа бөлігіне қатынап оқитын. Ондай елді мекендер Семей қаласының құрамына енетін аумақта әлі де бар. Соның бірі Семейдің тағы бір шетінде жатқан Жарқын елді мекенінде 2005 жылы осындай мектеп құрылысын салуды жоспарлап отырмыз дейді қалалық білім департаментінің өкілі Н.Пивкин.
Бобровка мен Жарқын секілді Семейдің шеткері аймақтарында жатқан Суықбастау, Степной елді мекендеріндегі халық та қазірде мектеп үйіне мұқтаждық көріп отыр.