Accessibility links

Сайтымыз бұғатталса

Азаттық сайты бұғатталса не істеу керек?

Ресей билігі Азат Еуропа/ Азаттық радиосының сайттарын бірінен-соң бірін бұғаттап жатыр. Соның ішінде біздің сайт та бар. Азаттық материалдарын әрі қарай оқи алу үшін не істеу керек?

Телеграм

— Біздің Телеграм-арнамызға жазылыңыз: (https://t.me/azattyq)

Мұнда Азаттық сайтында, желідегі ресурстарында жарияланған және жарияланбаған ақпарат, видео, сараптама, сұхбаттар жарияланады.

VPN

VPN деген не? Виртуал жеке желі (VPN) серверге басқа жерден кіру арқылы адамның өзін, тұрған жерін жасыруына мүмкіндік береді. Бұл мәліметтерді тауып алу қиын. Жұрт интернеттегі қауіпсіздікке көп мән бере бастағалы VPN танымал болып келеді.

Соның арқасында VPN-қызметтің сан алуан түрі пайда болды. Арасында күрделісі мен қарапайымы, тегіні және ақылысы, арзаны мен қымбаты бар. Ресей сияқты елдерде ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін шектеу үшін VPN-қызметтерді де бұғаттайды. Кейбір авторитар үкіметтер интернет-трафикті бақылау үшін өз VPN-дерін ұсынады.

Бізге сенімді болып көрінген кейбір тегін VPN-қызметтер:

Бұл VPN-дар тегін әрі оларды "сөз бостандығының аясын кеңейтіп, цензураға қарсы тұру, адам құқықтары мен еркін қоғам құру үшін репрессиялық бақылаумен күресу" мақсатында Америкада құрылған коммерциялық емес Ашық технология қоры (Open Technology Fund) қолдайды.

TOR-дағы onion-сайттар

Біздің onion-сайттарды қауіпсіз түрде аша алу үшін Tor браузерін көшіріп алсаңыз да болады.

Tor браузері — бастапқы коды ашық бағдарламалық жасақтама, о интернетке аноним түрде кіруге мүмкіндік береді. Ол интернет-трафикті әлемнің әр түкпірінде жатқан оверлей жүйе арқылы бағыттайды. Бұл қолданушының интернеттегі әрекетін бақылауға көп кедергі жасайды.

Бұл жүйені АҚШ барлаушыларының хабарламаларын жасыру мақсатында америкалық зерттеушілер 1990 жылдары жасап шығарған. Кейін оның лицензиясы АҚШ үкіметінің қолдауымен Интернеттегі бостандықты қорғаумен айналысатын ұйымдарға, Human Rights Watch ұйымына және басқаларға берілді. TOR қызметін қолдайтын коммерциялық емес ұйымның кеңсесі АҚШ-тың Сиэтл қаласында орналасқан.

Tor қызметінің сайты:

Tor браузерін қалай көшіруге болады:

—Windows, MacOS, Android, Linux: https://www.torproject.org/download/

Бұл сайттар бұғатталған болса, gettor@torproject.org мекенжайына бос электрондық хат жіберсеңіз, браузерді орнату пакеті электронды поштаңызға жөнелтіледі.

Tor бұғатталған жағдайда оған "көпірлердің" көмегімен кіруге мүмкіндік бар. "Көпір" сұраудың мынадай жолдары бар:

  • — @GetBridgesBot Telegram-арнасына “/bridges” деген хабарлама жіберсеңіз, ұзақ жазбаша мәтін келеді, оны көшіріп, Tor браузеріне қолмен саласыз [Баптаулар > Tor > Көпірлер > Көпір беру]
  • Мына электронды поштаға көпір сұрап хат жіберу: bridges@torproject.org; келген жолдарды көшіріп, Tor браузеріне қолмен салу [Баптаулар > Tor > Көпірлер > Көпір беру].
  • Tor браузеріндегі Snowflake арқылы қосылу [Баптаулар > Tor > Көпірлер > Орнатылған көпірді таңдау> Snowflake].

"Көпірді" қалай орнатуға болады?

Компьютерде: Баптаулар > Tor > Көпірлер > Көпір беру

  • Android: Көпір конфигурациясы > Мен білетін көпірді беру
  • iOS: Көпір конфигурациясы> Қолданушы көпірлері

Tor қолданушыларына ағылшын және орыс тілдерінде көмек беретін Telegram-арна @TorProjectSupportBot

Қосымша сілтемелер

Біздің кей жаңалық сайттарымыздың әдеттен тыс ұзақ сілтемелерін көрген боларсыз? Билік сайттарымызды бұғаттай алмауы үшін бірнеше орында сақталған сайттардың "көшірмелерін" осылайша пайдаланамыз.

Қосымша сайт – сайттың толық көшірмесі немесе басқа серверде орналасқан файлдардың көшірмесі, соның арқасында сайт не файл бірнеше жерден ашылып тұрады. Үкімет немесе бақылаушы орган сайтымызды бұғаттауға не цензура орнатуға тырысқанда біз осы әдісті қолданамыз. Оқырман негізгі контентті қосымша сайттан аша алады.

Қосымша сайт та ұзақ тұра алмайды, себебі билік оларды да жылдам бұғаттайды. Оны VPN қолданбайтын адамдарға сілтемені жылдам жіберу мақсатында пайдалануды ұсынамыз. Қосымша сілтемені алу үшін Chrome мен Firefox-тың кеңейтілген нұсқаларын көшіруді ұсынамыз.

Бірақ оларды бірнеше күннің ішінде бұғаттап тастауы мүмкін. Сондықтан өз сайттарыңызда не әлеуметтік желіде ұзақ тұратын сілтеме түрінде қосымша сайтты бөліспеуге кеңес береміз.

Азат Еуропа/Азаттық радиосының қосымшалары

Біздің қосымшаларымызда бұғаттауды айналып өтетін технология бар. Оларды GooglePlay мен AppStore-дан таба аласыз. Сіздің еліңізде Android құралдары не қосымшалар дүкені бұғатталған болса, қосымшаларды мына жерден көшіре аласыз:

Өзара көмек

Біздің ақпаратымызды таратуда оқырмандар көп көмек көрсете алады. Әлеуметтік желіде сілтемелерімізді бөлісіп, материалдарды таныстарыңызға таратқандарыңыз үшін көп рақмет.

Сіз сілтеме жіберетін адамның қандай техникалық мүмкіндігі бар екенін алдын ала білу қиын. Оларда VPN бар ма, сілтемені аша ала ма, ол жағынан хабарыңыз болмаса, біздің материалдарды файл түрінде жібере аласыз.

Біздің веб-сайттардағы барлық аудио, видео материалдарды көшіріп алып, тарата аласыз. Мәтінді бөліскіңіз келсе, браузеріңізде "басып шығару" батырмасын басып, файлды pdf күйінде сақтап, сосын салып жіберуді ұсынамыз.

XS
SM
MD
LG