Қолдану шарттары
Қолдану шарттары
Азаттық радиосының материалдарын қолдануға рұқсат алу
Мақала көшіріп басу, аудио-видео өнімдерді пайдалану
Азаттық радиосы (Азат Еуропа/Азаттық Радиосының Қазақ қызметі) өз вебсайтына жарияланған мәтіндерді қайта қолдануға, көшіріп басуға және таратуға оң қарайды. Азаттық радиосының материалдарын тұрақты түрде басқа вебсайттарға шығаруға және email тізімдеріне, хабарлар топтамасына және ақпараттық базаларға қосуға қарсылығымыз жоқ. Бірақ Азаттық радиосының материалдарын сатуға қатаң тыйым салынады.
Азаттықтың өнімдерін қайта пайдаланған кезде біз Азаттық радиосына былайша сілтеме жасауыңызды талап етеміз:
* мақаланың www.azattyq.org сайтындағы тұрақты сілтемесін көрсету
* әр мақаланың соңына төмендегі ақпаратты тіркеу:
Copyright (c) 2013. RFE/RL, Inc. Reprinted with the permission of Radio Free Europe/Radio Liberty, 1201 Connecticut Ave., N.W. Washington DC 20036.
Егер мақаладан үзінді келтірсеңіз, оның үзінді екенін анық жазуыңызды, материалдың жалпы мағынасын, атауын және тұтастығын өзгертпеуіңізді талап етеміз. Азаттық радиосы кез-келген уақытта өз материалын қолдануға қатысты рұқсатын қайтып ала алады.
Интернеттегі тікелей веб-трансляциядан, радиодан не мұрағатымыздан алынған Азаттық радиосының өнімдерін аудитория тек жеке басы үшін қолдана алады. Бұл өнімдерді Азаттық радиосының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға болмайды.
Азаттық радиосының мәтіндерін, фотоларын, аудио және видеоөнімдерін қайта қолдануға рұқсат алу үшін kazakh_web_editors@rferl.org және web@rferl.org адресіне хат жіберіңіз.
Үшінші жақтың өнімдері
Азаттық радиосының кейбір ақпараттық өнімдерін Associated Press, Reuters, Agence France-Presse, ИТАР-TAСС, т.б. өзге агенттіктер («үшінші жақ») әзірлеген. Азаттық радиосындағы осындай үшінші жақ өнімін пайдаланбас бұрын Азаттық радиосы ғана емес, сол үшінші жақтың өзінен де рұқсат алуға тиіссіз.
Сырт вебсайттарға сілтеме жасау
Кейде Азаттық радиосының вебсайтында өзіне қатысы жоқ сырт тұлғалар мен ұйымдарға тиесілі сайттарға сілтеме жасалады. Мұндайда Азаттық радиосы қоғамдық қызметпен шұғылданатын коммерциялық емес, бейсаяси ұйымдарды жөн көреді. Азаттық радиосы бұл сырт вебсайттарды қадағалай алмайды, олардың мазмұнын, қызметі мен өнімдерін мақұлдамайды. Азаттық радиосы мұндай сайттардың мазмұнына, операторларына, дәлдігіне, сапасына, жарнамасына, өнімдеріне, қызметтеріне және өзге де материалдарына жауапты емес. Азаттық радиосы мұндай сырт өнімдерді пайдалану немесе соған сенім артудан туатын кез-келген шығын, я нұқсанға тікелей және жанама түрде жауапты болып танылмайды.
Сілтеме жасау жолы
Азаттық радиосының материалдарын ғылыми мақсатта қолдану үшін сілтеме жасауыңызды өтінеміз. Сілтеме жасау жолдары туралы мына вебсайттардан анық ақпарат табасыз:
APA:
Electronic Reference Formats Recommended by the American Psychological Association
Chicago & Turabian:
A Brief Citation Guide for Internet Sources in History and the Humanities (by Melvin E. Page)
General Resource:
Karla's Guide To Citation Guidelines
ҚҰПИЯЛЫҚ САҚТАУ САЯСАТЫ
Азаттық радиосы (Азат Еуропа/Азаттық Радиосы Қазақ қызметі) интернет қолданушыларының жеке бас мәліметтері құпия болып қалуы керек және олар ешқандай сырт бақылаусыз интернетті шарлауға құқықты деп сенеді.
Қолданушыларымызға ақпарат беру және алмасу барысында біз екі-ақ түрлі мәлімет сұраймыз: қызметімізге жазылғысы келетін оқырмандардың электрондық пошталары мен вебсайтқа кірушілердің жалпы саны.
Электрондық адрестер
Азаттық радиосының қызметіне жазылушылар электрондық пошталарын ерікті түрде береді. Азаттық радиосы ол адрестерді қандай да бір үшінші жаққа мәлім етпейді. Жазылушылар тізімі де ақпарат жіберуден басқа мақсат үшін ішкі қолданысқа түспейді. Ақпаратқа жазылушылар вебсайтта жарияланған нұсқауға сәйкес кез-келген уақытта хабар алуын тоқтата алады. Егер жазылуды тоқтату іске аспаса, бірден kazakh_web_editors@rferl.org және web@rferl.org адрестеріне хат жолдаңыз.
Статистикалық ақпарат
Көптеген веб-сайттар сияқты Азаттық радиосы да сайтына кірген қолданушылардың жалпы саны туралы мәлімет алып отырады. Мұндағы мақсат – веб-сайтты қанша адамның оқитынын, қай елдерден кіретінін, қай парақтарды қарайтынын, т.б. анықтау. Мұндай мәлімет жинау процесіне сіздің кім екеніңіз туралы ақпарат кірмейді, тек веб-серверге қанша компьютердің кіргені анықталады. Бұл мәліметті өз қажетімізге жарату үшін қолданатын бағдарламамыз ‘cookie’ деп аталатын стандартты браузерлік элементке сүйенеді. Сол арқылы қолданушылардың қай вебпарақшаны қарағанын білеміз. ‘Cookie’ кездейсоқ түрде таңдап алынады, әрі қолданушы вебсайттан шығып кеткенде жойылып отырады. Бұл мәліметтерді қызметімізді жетілдіріп, жақсарту үшін пайдаланамыз.
Сауалдарыңыз бен пікірлеріңізді kazakh_web_editors@rferl.org және web@rferl.org адрестеріне жіберіңіз.
ФОРУМ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Азаттық радиосының форумдары мен пікірталастарына қатысуларыңызды құптаймыз және соған шақырамыз. Бұл ретте бірнеше ереже шарттарын сақтауларыңызды сұраймыз:
1. Пікір мен идеяңызды еркін білдіру құқығыңыз шектелмейді. Бірақ жала жабу, дискредитациялайтын анайы сөздер, дөрекілік, намысқа тию, арандату, порнография, кемсіту мен дискриминациялық тұрғыда жазылған материалдарды жарияламаймыз. Өшпенділік туғызатын, заңсыз тұрғыдағы материалдарға да жол бермейміз. Мұндай материалдарды сайт менеджерлері жойып отыруға құқылы.
2. Пікірталастар коммерциялық мақсатты көздемеуі тиіс.
3. Ауторлық құқықтарды бұзатын, не болмаса сауда маркасына қайшы келетін материалдарды біле тұра, ұсынбаңыздар.
Азаттық радиосының қызметкерлері әрбір пікірді жарияламас бұрын мұқият тексереді.