Масуд Барзани басқаратын Күрд демократиялық партиясы және Жалал Талабани басқаратын Күрдістан патриоттық одағы кеңселеріндегі жарылыстардан мерт болған халықтың саны жүзге жетуі мүмкін. Қазіргі мәлімет кемінде 57 адамның қаза тапқанын, кемінде 235 адамның жараланғанын айтады. Қаза тапқандардың арасында Арбил қаласы полициясының бастығы және Арбил провинциясы әкімінің орынбасары бар, дейді аурухана басшылары. Ақпанның бірінде партия кеңселерінде жиналған халық құрбан айттың бірінші күнін тойлап жатқан еді.
Ирақтағы Америка Құрама Штаттарының әскерлері қолма-қол жоғары дайындық жағдайына көшті. Партизандар атаулы күндер барысында АҚШ басқаруындағы бірлестік әскеріне не болмаса солармен қызметтес деп қабылдайтындарына жалпы жиі шабады. Күрдістан патриоттық одағының кеңсесіндегі бомба жарылысынан аман қалған мына азамат оқиғаны былай баяндайды:
- Біз құрбан айт мерекесін тойлап жатқан едік. Жұрт бізді құттықтауға келді. Олардың арасында түркмендермен күрдтер, Күрдістан демократиялық партиясындағы достарымыз болды. Бомба дәл менім жанымда жарылды. Дегенмен алдымда екі-үш адам болды. Сөйтіп мен аман қалдым.
Бұл азамат аты-жөнін айтқысы келмеді. Арбил қаласының ауруханасында шұғыл көмек алып жатқан жерінде азамат Күрдістан патриоттық одағының мүшесімін деп қане айтты.
- Біз партияның үшінші бөлімшесінде істейміз. Террорға және терроризмге қарсы үнемі қарсымыз. Арабтармен күрдтердің арасында, баршамыздың арамызда адамгершілік болу керек деп сенеміз. Бұл террористер үлкен құбыжық сияқты.
Күрдістан патриоттық одағы және Күрдістан демократиялық партиясы Ирақ солтүстігіндегі аймақты автономиялық тұрғыда 1991 жылғы Парсы шығанағы соғысынан бері басқарады. Америка Құрама Штаттары бұған қамқорлық жасап отыр. Екі күрд тобының жауынгерлері өткен жылы АҚШ әскеріне Саддам Хұсейнді орнынан алуға атсалысты. Арбил қаласында қақтығыс орын алған күні Бағдадқа АҚШ қорғаныс министрінің орынбасары Пол Вульфовиц келіп жатты. Вульфовицтың мақсаты – енді бес айдан кейін Ирақ басқаруы ирақтықтардың қолына өтеді деген кезеңдегі қауіпсіздік деңгейін тексеру. "Ираққа сонғы рет осыдан үш ай бұрын келгенмін, содан бергі жағдай жақсарды деп көңілге түйгім келеді", - деді Пол Вульфовиц Бағдадта журналистермен кездескенде.
Күрд партияларының кеңселеріне жасалған шабуылдарды Ирақ сыртқы істер министрі Хошияр Зебари "Ансар Әл Ислам" жауынгерлік тобы жасады деп айыптады. Хошияр Зебари - өзі күрд ұлтындағы азамат. Ирақтың АҚШ тағайындаған әкімі Пол Бремер қантөгісті "бейкүнә халыққа қарсы жасалған зәлім шабуыл" деп қабылдады.