Қазақстан қорғаныс министрлігінен Асығат Жабағинның басқаруындағы "Риф" компаниясына берілген бір жарым миллион доллар қайда кетті деп зерттеу жүргізіп, журналист Геннадий Бендицкий ақыры өзі істі боп қалды. Бір жарым миллион доллар Ресей мен Украинадағы жөндеу зауыттарына 2002 жылдың басында жету керек еді. Алайда ақша орта жолда қалды, бұған Асығат Жабағинның басқаруындағы "Риф" компаниясының қатысы бар көрінеді, Бендицкийдің пайымдауынша. Асығат Жабағин журналистің мақаласын жеке намысымды қорлау деп қабылдады, сотқа арыз түсірді.
19 желтоқсанда басталған соттың барысында, жалпы шатақ барысында жаңаша деректер қосылып, істің саяси сипаты артып кетті. Асығат Жабағин – Қазақстанның бұрынғы министрі, бас министрдің орынбасары да болған, қазір ірі бизнеспен айналысады. Жабағинның есімі Қазақстан газеттерінің коррупция жөніндегі мақалаларында бұрында аталған. Дегенмен, қазіргі іс бұрынғыларға қарағанда сиырқұйымшақтанып тынышталған жоқ. Алматы қаласы Жетысу аудандық сотында үкім шығады ау деген күні тергеу қайта жалғасатын болды, дейді Геннадий Бендицкий.
- Соттағы сонғы сөзімді айттым. Енді үкім шығады деп жарияланған болатын. Бірақ үкім оқылатын күні төреші қосымша тергеу қажет деді де, істі сараптамаға жіберді.
Ал тергеудің осындай бетбұрыс алғанына бірнеше үлкен оқиға себепші болған көрінеді. Бендицкийдің шатағының ерекшелігі – президент Нұрсұлтан Назарбаевты жақтайтын қоғамдық ұйымдармен газеттерде, демократиялық оппозицияға жақындарда журналисті бірауыздан қолдады. Бас прокуратура өткізіп жатқан тергеуді президент Нұрсұлтан Назарбаев қадағалап отыр.
Бендицкий көтерген әңгіменің тағы бір саяси тұсы – Асығат Жабағин арқылы жүрген ақша Украинада саяси мақсатта қолданылды, президент Леонид Кучманың ұпайына жұмсалды деген мәлімет тарады. Бендицкий бұл жайында "Азаттық" радиосына былай дейді:
- Парламенттің бірнеше депутаты Украинаға сұрау жолдады. Украина депуттары бұл мәселені зерттейді деген жауап алған сияқты, олар барлық жағдайды тексермек көрінеді. Себебі әңгіме өзегіндегі ақша Украинадағы сайлау науқанына жұмсалды деп айтылды.
Журналист Бендицкий зерттеуімдегі деректердің барлығы нақты құжаттармен расталады дейді. Асығат Жабағинның адвокаты Анатолий Гинзбург журналист заңды құжаттарды жетік тани алмаған, Украинадағы зауатқа тиісті ақшасы жеткен дейді. Тергеудегі ең маңызды құжатқа әділет министрлігінің қарамағындағы Лариса Шегабаева деген маман сараптама жасаған. Украина зауытының өкілдері құжаттағы қол біздікі емес, 800 мың доллар бізге жеткен жоқ дейді. Сарапшы Лариса Шегабаева құжаттағы қол жалған емес, нақты дейді. Осы сәтте сарапшы Лариса Шегабаеваның өзі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің абақтысына түседі. Лариса Шегабаеваға тағылған басқа бір істегі айып әлі тексеріліп жатыр, жаңажылдық күндерді абақтыда өткізіп шыққан Лариса Шегабаева үйіне босатылды.
- Бұл әйел расында да қамауда отырып шықты. Ол Қазақстан Республикасы бойынша жетекші қолтанушы-сарапшы деген қызметте. Украина зауытының құжатындағы қолды растаған дәл осы сарапшы. Украина зауытындағылар құжаттағы қолды жалған деп қабылдады. Ал бұл әйел басқаратын қазақстандық сарапшылар құжаттағы қол жалған емес деп сараптама жасады.
Журналист Геннадий Бендицкий Лариса Шегабаеваның жеке басындағы жеке жағдайды анықтап, Қазақстандағы ең танымал қолтанушы-сарапшының кәсіби деңгейіне қатысты деректі жариялады. Сонымен, Бендицкийдің соты әлі жалғасады, қосымша тергеудің нәтижесі қандай болатынын әзірше ешкім нақты болжамдай алмай отыр.