Ақпанның 4-күнi Қазақстандағы жекеменшiк телеарнаның бiрiнен Арқалықтағы түрме қызметкерлерi тұтқындарды аяусыз ұрып-соғып, азаптап жатқанын айғақтайтын бейнежазба республика жұртшылығына көрсетiлдi. Сейсенбi күнi Қостанай облыстық қылмыстық атқару жүйесi басқармасының басшылығы бұл бейнежазбаны жазасын өтеп жатқан қылмыскерлер өз жағдайларын жеңiлдету үшiн әдейi ұйымдастырған деп мәлiмдедi. Арқалық түрмесiндегi жағдайға байланысты құрылған Әдiлет министрлiгiнiң комиссиясы да бейнежазбадағы көрiнiстер шынайы емес деген қорытындыға келдi. Ал осыдан үш күн бұрын мерзiмдi жазасын өтегеннен соң Арқалық түрмесiнен еркiндiкке шыққан Руслан есiмдi жiгiт ондағы жағдайды тозаққа теңеп отыр.
Өткен аптаның аяғында Арқалық түрмесiнен мерзiмдi жазасын өтеп шыққан Руслан Сайфутдиновтың жасы биыл көктемде отызға толады. Сегiз жыл бойы қоғамнан оқшау ұсталған жас жiгiт мерзiмiнiң соңғы екi жылын Арқалық түрмесiнде өткiзiптi. Руслан ол түрмедегi тұтқындардың өмiрi итке бергiсiз екенiн айтады.
- Түрме әкiмшiлiгi үшiн онда отырғандар адам санатына жатпайды, - дейдi ол.
Руслан Арқалық түрмесiнде жазасын өтеп жатқандарды ұрып-соғу жүйелi түрде қайталанып отыратынын айтады. Тұтқындар еш себепсiз соққыға жығылады, оларды азаптап, қорлау мен зорлаудың небiр әдiс-амалдары қолданылады дейдi Руслан. Мысал ретiнде ол түрме қызметкерлерiнiң рәзiңке тоқпақты тұтқында отырған адамның тiк iшегiне жүгiртетiнi туралы сұмдық жайттарды айтады. Өз сөзiнде Руслан әлгiндей зорлық-зомбылыққа шыдай алмағандардың кейбiрi өз-өзiне қол жұмсап өлiп кеткенiн де айтты.
Былтырғы жылғы қазан айының 25-iнде осы түрмеде Андрей Пашков есiмдi жас жiгiттiң беймәлiм жағдайда қаза болғаны жайлы «Азаттық» радиосы кезiнде хабарлаған болатын. Түрме әкiмшiлiгi мен Қазақстанның Әдiлет министрлiгiнiң өкiлдерi А.Пашков түрмеге әкеле жатқан жолда өлiп кеттi деген едi. Ал Русланның айтуына қарағанда, А.Пашков түрмеге келген күнi түрме қызметкерлерi оны соққының астына алған. Соған шыдай алмай өз тамырын қиып жiберген А.Пашковты қызметкерлер тепкiлеп өлтiрдi дейдi сол кезде Арқалық түрмесiнде отырған Р.Сайфутдинов.
А.Пашковтың өлiмiнен кейiн түрмеде өзiне қол жұмсап тағы бiр жас жiгiт қаза болды, бiрақ ол өлiмнiң де шындығы ашылмай қалды дейдi Руслан.
- Ал түрме әкiмшiлiгi онда болып жатқан жайттарды сыртқа шығармауға тырысады. Арыз-шағым жазғандар болса аяусыз соққыға жығылады. Ондай жағдай менiң де басымнан өттi, - дейдi Русланның өзi.
Руслан түрме қызметкерлерiнiң өзiне «бiз саған тiрi тозақтың не екенiн көрсетемiз» деп айтқанын және одан кейiнгi көргенi тозаққа бергiсiз болғанын айтады.
Арқалық түрмесiндегi оқиғалардың куәгерi Р.Сайфутдинов өзi көрген жайттарды жеткiзу үшiн дүйсенбi күнi Қазақстанның адам құқығы жөнiндегi уәкiлiнiң Астанадағы кеңсесiне келiптi. Алайда, онымен телефон арқылы сөйлескен кеңсе қызметкерлерi Р.Сайфутдиновты қабылдаудан бас тартқан соң, есiк алдында тұрған күзетшi Русланды кеңсеге кiргiзбей қойыпты.
Бiз сейсенбi күнi адам құқығы жөнiндегi орталық қызметкерi Федор Ручкин мырзаға жолыққанымызда, ол кiсi Арқалықтағы жайттарға байланысты қазiр Бас прокуратура мен Әдiлет министрлiгiнен жазбаша жауап күтiп отырғандарын, адам құқығы жөнiндегi орталық сол құжаттардың негiзiнде өз қортындысын жасайтындарын айтты.
Арқалықтағы жайтқа байланысты ҚР әдiлет министрiнiң бұйрығымен құрылған арнайы комиссияны бастап, Арқалықтағы түрмеде болып қайтқан республика әдiлет министрiнiң орынбасары Сабыржан Бекбосынов сейсенбi күнi түстен кейiн радиомызға былай деп хабарлады:
- Түрмедегi аға қызметкер өзiнiң қарамағындағыларға тұтқындарды сыртқа алып шығуға бұйрық берген. Бейнежазба солай пайда болған, ондағының барлығы өтiрiк. Қазiр сол бейнежазбаны түсiрген жiгiтке және сондағы тағы үш адамның үстерiнен қылмыстық iс қозғалды, - дедi әдiлет вице-министрi С.Бекбосынов. Осылайша, ҚР Әдiлет министрлiгiнiң өкiлдерi Арқалық түрмесiндегi тұтқындар жайлы бейнежазба қолдан ұйымдастырылып жазылған деген қорытындыға келдi. Алайда, осы түрмедегi жайттарды өз басынан өткерген Руслан Сайфутдинов әлгi бейнежазбадағы оқиғалардың болғанын растап отыр.