Ақпанның 15-нен бастап Қазақстан әлемдегі 27 мемлекеттің азаматтары үшін жеңілдетілген виза тәртібін енгізгелі отыр.
- Жаңа тәртіп Қазақстан үшін инвестициялық және туристік тұрғыдан оң ықпал етеді және бұл ең алдымен Қазақстан тұрғындарының жағдайын жақсартуға бағытталып отыр, - деді бейсенбі күні түстен кейін бұл туралы ақпарат құралдары өкілдеріне арнайы мәлімдеме жасаған Қазақстанның сыртқы істер мекемесіндегі консулдық қызмет департаментінің бастығы Уәлихан Қоңырбаев.
Сонымен, бұдан былай Австралия, Австрия, АҚШ, Бельгия, Ұлыбритания, Грекия, Германия, Дания, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Канада, Лихтенштейн, Люксембург, Малайзия, Монако, Голландия, Жаңа Зеландия, Норвегия, Португалия, Сингапур, Финляндия, Франция, Швейцария, Швеция және Жапония елдерінің азаматтары Қазақстанға келуі үшін олардан шақыру қағазы немесе басқадай визалық құжаттар талап етілмейді. Аталған елдердің азаматтары сол елдердегі Қазақстан елшілігіне немесе консулдық қызметіне барып, өзінің Қазақстанға келгісі келетіні туралы өтініш бергеннен кейін оған Қазақстанға бір ай мерзімге келуге виза ашылып беріледі.
Қазақстан сыртқы істер мекемесінің өкілі Уәлихан Қоңырбаев мырзаның айтуынша, тізімге еніп отырған 27 елдің азаматтары тарапынан бұған дейін Қазақстанның виза тәртібін бұзғандар тіркелмеген.
Сондай-ақ, наурыздың 1-нен бастап Қазақстанда жаңа үлгідегі визалық жапсырмалар қолданысқа енеді. Компьютерде оқылатын арнайы белгілермен таңбаланған бұл виза қағаздары Қазақстанға келген шетелдік азаматтардың әуежайда шекаралық тіркеуден өту рәсімін тездетуге мүмкіндік жасайды дейді Қазақстанның сыртқы істер мекемесінің өкілі. Ал ескі үлгідегі виза құжаттары мен визалық жапсырмалар мерзімі аяқталғанша өз күшін жоғалтпайды.