Тегерандағы жиын – Д-8 одағының жетекшілері төртінші рет бас қосып отырған оқиға. Сегіз мұсылмандық елдің ұйымы 1997 жылы Түркия бұрынғы бас министрі Нежметдин Ербақанның ұсынысымен құрылған. Мақсат – сауданы арттыру және өмір деңгейін жақсарту деп қабылданған. Сарапшылар бұл мақсаттардың орындалып жатқанына шүбәлі. Тіпті топ ішіндегі елдердің өз ара саудалары жалпы саудаларымен салыстарғанда аз.
Тегеранда орналасқан Тәрбиат университетінің геосаясат профессоры Пирауыз Моджтахедзаде ұйымда бас қосқан елдердің саяси да, экономикалық да сипаттары әу бастан өзгеше дейді. Иранмен Египетте ислам тәртібі күшті, Индонезиямен Малайзия экономикалық қуатына бола қатыстырылды. Иран сыртқы істер министрі Камал Харрази Д-8 ұйымы алдына бірыңғай экономикалық кеңістік құру мақсатын қояды деді осы аптада. Профессор Пирауыз Моджтахедзаде бұл мақсат географиялық алшақтық себебінен іске аса қоймас дейді:
- Бұл елдердің ешқандай географиялық біртұтастығы жоқ. Бұлар әлемнің әр жерінде шашылған. Сондықтан олар өз- ара экономикалық дамуды қамту мақсатында ортақ базарды қалай қалыптастыратыны анық емес. Бұл жөнінде толық мағлұмат та ала алмайсыз – бұл саяси жиын ба, жоқ экономикалық жиын ба? Дегенмен, географиялық біртұтастық сияқты қажет шарт бұл шаруада болмай отыр.
Д-8 ұйымының қарамақайшылықтарына Парижде орналасқан Рене Дескартес университетінің халықаралық экономикалық қатынастар профессоры Ферейдун Қаванд деген маманда назар аударады. Д-8 одағының елдері Азиямен Африканың бір бірінен алшақ бөліктерінде орналасқан, экономикалық деңгейлері де бір келкі емес. Профессор Ферейдун Қаванд былай дейді:
- Бұл елдердің арасында Малайзия табылып отыр, бұл Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең дамыған ел. Ислам әлемінде ең дамыған дейтін Түркияда осында. Екінші жағынан қарасаңыз, мұнда Иран және Нигерия сияқты мұнай көздерінің басты елдері табылды. Ал Пәкістанмен Бангладеш болса - соңғы жылдардағы кейбір өзгерістерге қарамастан халықтың өмір деңгейін көтере алмай отыр.
Профессор Ферейдун Қаванд Д-8 одағындағы көптеген елдердің экономикалық қатынастарын жақсарту жолдарын сырттан іздейтіні қызық дейді. Мәселен, Индонезиямен Малайзия АСЕАН одағында экономикалық мақсаттарын көбірек іске асырады. Түркия болса Еуропа Одағы елдерімен сауданы көбірек жүргізгенді ұнатады. Мұсылмандықтан, жалпы, кез-келген діни жақындықтан экономикалық байланыс арта қоймайды, дейді профессор Ферейдун Қаванд.