Мақсұт Нәрікбаев, Қазақстанның демократиялық партиясының төрағасы:
«Мысалы, «Поколение» қозғалысының төрайымы Ирина Савостина сайлауға түскен кезде оны ғайбаттайтын, абыройына тиетін түрлі үнпарақтар таратылды. Біз бұл қағаздарды, әрине, прокуратураға бердік. Бірақ оған кім кінәлі екендігін дәлелдеу қиын».Ал қол қойылған құжатта саяси партиялар сайлау кезінде «лас технологиялар» мен құйтырқы әдіс-тәсілдерді қолданбайтындықтары көрсетілген.
Мақсұт Нәрікбаев: «Қоғамдық шарт талаптарының саяси партиялар тарапынан орындалуы Хартияға қол қойған партия өкілдерінен құралған Бақылу кеңесі арқылы қадағаланады».
«Ақ жол» партиясының теңтөрағасы Болат Әбілов:
«Хартия талаптары орындала қалған жағдайда оны негізінен оппозициялық партиялар орындайды, ал әкімшілік ресурс бәрібір билікке жақын партиялар жағында екені белгілі».
Оппозициялық бағыттағы Қазақстанның коммунистік партиясының лидері Серікболсын Әбділдин бұл құжаттың сайлауда әділ саяси бәсекелестікті қамтамасыз ете алатындығына күмән келтіреді.
Серікболсын Әбіділдин, Қазақстанның Коммунистік партиясының жетекшісі:
«Сайлаудың қалай өтетіндігі бір адамға байланысты ғой. Біз сайлау кезінде бір жағдай туа қалған жағдайда қол қойған партиялар оны түзетуге ат салыссын дедік. Ал сайлауды өткізу, оған қатысу жағынан бұл құжаттың ешқандай күші жоқ».
Әлі тіркеуден өте қоймаған «Абырой» партиясының төрағасы Уәлихан Қайсаров сайлау бәсекелестігі туралы құжат тек билік партияларына ғана тиімді деп есептейді.
Уәлихан Қайсаров, «Абырой» партиясының төрағасы:
«Хартия билік партияларының бұрынғы әкімшілік мүмкіндіктерін нығайта түседі. Ал оппозициялық партияларға сайлау кезінде қысым жасау үшін тағы бір шектеу пайда болады».
«Абырой» партиясының лидері өз ұйымының мұндай құжатқа қол қоймайтындығын айтты.
Қазақстанның тіркеуден өткен 9 саяси партиясы сайлау кезінде әділ бәсекелестікті сақтау туралы Хартияға қол қойды
Сайлау кезеңіндегі Қазақстанның саяси партияларының саяси бәсеке қағидалары туралы Қоғамдық шартқа қол қоюы туралы бастаманы осыдан бір ай бұрын «Құқықтық Қазақстан үшін» қозғалысының басшысы әрі жуырда құрылтай съезін өткізген Қазақстанның демократиялық партиясының төрағасы Мақсұт Нәрікбаев қоғамды демократияландыру жөніндегі Тұрақты Кеңестің соңғы отырысында көтеріпті. Оның айтуынша, алдыңғы сайлауларда заң бұзушылықтарға жол берілген.