Есірткі саудасының мәселесі түптің түбінде саяси мәселеге айналатыны Ауғанстанның жағдайында айқын көрініп тұр. Ауғанстандағы жағдайдың тұрақсыздығына НАТО батыс әскери одағының Парламенттік Ассамблеясы ерекше дабыл қағып отыр. Парламенттік Ассамблеяның делегациясы елдегі жағдаймен танысып, Ауғанстанда қыркүйек айында болатын сайлауға дайындық нашар деген тұжырым жасады. Ауғанстанға қосымша үш-төрт мың Батыс сарбаздарын кіргізбесек – Батыс демеушілерінің құйған ақшасы текке кетеді, дейді Парламенттік Ассамблея делегациясының төрағасы Пиер Лелойч "Азаттық" радиосына берген сұхбатында.
Ауғанстанның "наркоэкономикасы" "наркодемократияға" айналатын қауіп бар. Есірткі саудасы экономиканың діңгегіне айналса, есірткі саудасының қожайындары нақты биліктің дізгіндерін қолынан шығаратын емес. Ауғанстанды зайырлы әлемге қайтарымын деген Батыс қауымдастығының әрекеті далада қалуы мүмкін. Елге қанша ақша құйылсада – жіктелеген елдің жеке рубасылараның өктем билігі тоқтамайынша шынайы өзгерістің мүмкіндігі болмайды. Бұл - НАТО батыс әскери одағы Парламенттік Ассамблеясы делегациясының төрағасы Пиер Лелойчтың пікірі. Қыркүйек айында Ауғанстанда көп жылдардан бері алғаш рет еркін сайлау өткізілмек, президентпен парламент жалпы сайлау арқылы, өркениетті жолмен іріктелмек. Ауғанстанға қосымша үш-төрт мың Батыс сарбаздарын кіргізбесек – Батыс демеушілерінің еңбегі далада қалады, дейді Пиер Лелойч "Азаттық" радиосына берген сұхбатында:
- Қыркүйек айында өткізілмек сайлау рубасылыраның билігін шынайы түрде арттырады, жеке тайпалардың басшылары парламентке сайланып, биліктерін заңдастырып алмақ. Қабулда болғанымызды бұл қауіпке менім көзім және тағы кейбір адамдардың көзі әбден жетті. Демократияға бет алған мемлекет емес, басқа ахуалдағы мемлекетке тап болуымыз мүмкін, мұндай елді "нарко-исламшыл" ел деп атар едім.
Пиер Лелойчтың жасаған қортындысы, жалпы, өте күңгірт. "Ауғанстанда қауіпсіздік атымен жоқ" дейді Пиер Лелойч. Уақытша президент Хамид Қарзай провинцияларға сөзін өткізе алмай отыр. Аймақтардағы нақты билік рубасылырының қолында, олар салықтыда өздері жинайды, кеден қызметінде өздері атқарады. Жергілікті көсемдердің билігі Совет Одағының әскерімен соғысқандағы мықты қалпында. Әр қайсы жеке басына хансымақ болып алған рубасылырының қоластындағы жеке, тіпті жекеменшік әскерлерде шамамен 45 мың сарбаз жиналған. Ал Ауғанстанның ортақ әскерінде, жаңадан құрылып жатқан әскерде не бәрі 7 жарым мың сарбаз әрең жиналды.
Ауғанстандағы Батыс әскерлерінің саны өте аз, дейді Пиер Лелойч. АҚШ бастаған батыс бірлестігің қоластында 13 мың -15 мыңдай әскер бар, олардың басым көпшілігі елдің оңтүстігімен шығысында "Әл Қаида" және "Талибанның" жасақтарымен әуре. Ал Халықаралық қауіпсіздікті қамту күштері деп аталған ортақ бітімгершілік жасақта не бәрі 6 мың сарбаз, олардың қызметі Қабұл аумағымен шектелген. Және бұл 6 мыңның тек 2 мың сарбазы қане ұрыс алаңына шығатын сарбаздар. Пиер Лелойч Батыс қауымдастығының осы уақытқа шейін жасаған әрекеті текке кететін қауіп бар дейді. Қауіпсіздік қызметі шұғыл арттырылмаса Батыс елдерінің соңғы екі жылды Ауғанстанға құйған 4 миллиард долларынан еш пайда болмайды, дейді Пиер Лелойч.
НАТО одағындағы басқа қызметкер тамыз және қаңтар айларында Батыс әскерлерін елдің көпшілік аймақтарына онсызда апару керек дейді. Есімін жариялағысы келмеген бұл қызметкер жергілікті қарулы жасақтар бетпе-бет қақтығыстан аулақ болуды жөн көреді дейді.
НАТО одағының Парламенттік Ассамблеясы делегациясының төрағасы Пиер Лелойч көтеріп отырған мәселелер тек әскер санын арттырумен шектелмей отыр. Мәселе – батыс елдерінің белсенділігін арттыруда, дейді ресми өкіл. Мәселен, Испания жақында Ирақтан әскерін шығарды делік, енді Испания Ауғанстандағы НАТО басқаруындағы әскерге жасақ қосса жөн, дейді Пиер Лелойч.
Ынтымақты арттыру мәселесі маусым айында "Үлкен сегіздіктің" мәслихатында және Стамбулде өтетін НАТО мәслихатында кең талқылынса жөн, дейді Пиер Лелойч. Ал ең үлкен қауіп есірткі бизнесінен шығып отыр. Жергілікті рубасыларының көпшілігі, тіпті, мүмкін, олардың барлығы есірткі тасымылана тікелей қатысып отыр, дейді Пиер Лелойч:
- Талибан билігі құлағалы бері соңғы екі жарым жылда Ауғанстан әлемдегі ең ірі героин өндірушісіне айналды. Ауғанстанда шамамен 130 мың гектар жерде дүние жүзіндегі героинның 80 пайызы бастау алады.
Міне, тұтас ел бола алмай ру-руға бөлінген, араздасқан жұрттың тірлігі осындай. Қалай ел боламыз деген сыңай танытқан орталыққа жергілікті шолақ басшылар көнетін емес. Көлеңкелі экономика рубасыларының қатаң билігіне азық болып отыр.