«Қазақстан жетекшілігіне пара берді деген Гиффеннің ісі бойынша АҚШ-тағы шатақты басуға тырысқан Қазақстан президенті әкімшілігіндегі кейбір шенеуніктердің әрекеттерінен түк шықпады», - деп хабарлайды «Сөз» газеті. Газет мәліметтеріне қарағанда, АҚШ саяси элитасының кейбір өкілдері Назарбаевтың отставкаға кетуіне кеңес берген. «Себебі, Нью-Йоркте «Қазақгейт» аталып кеткен сот ісінің басталуы Қазақстан президентінің абыройын сақтап қалуға ешқандай мүмкіндік бермейді», - дейді «Сөз» газеті. Сонымен бірге осы басылымда Қазақстанның коммунистік партиясының лидері Серікболсын Әбділдин де Назарбаевқа бұрынғы ресей президенті Ельцин сияқты халықтың сеніміне ризашылығын білдіріп, қызметінен кеткені оңтайлы деп есептейді. Оның сөзіне қарағанда, Назарбаевты келесі мерзімдегі президенттікке ұмтылуға оның маңайындағы адамдар итермелеп отыр. «Олар президентті де, елді де ойлап отырған жоқ, өздерінің билікте қалу кепілдігін күйттеп отыр», - деп есептейді Серікболсын Әбділдин.
«Қазақстан» газетіндегі көлемі сұқбатында «Ақ жол» партиясының теңтөрағасы Болат Әбілов «билік басында бір адамның он бес жыл бойы отыра беруі ақылға сыйымсыз нәрсе» деп есептейді. Әбілов те Нұрсұлтан Назарбаевты бұрынғы Ресей президентімен салыстыра отырып, «кезінде Ельциннің бір де бір бәскелесінен қаймықпағанын» айтады. «1991 жылғы путч, 1993-ші жылғы оқиғаға қатысы бар азаматтарға арада уақыт өте рақымшылық жариялады. 1996-шы жылғы сайлау әділ өтті. Горбачевті де еш аластатқан жоқ. Ельцин Ресейде саяси күрестің бәсекелстік дәстүрін қалыптастыра білді», - дейді Болат Әбілов. Ал, оның пікірінше, «Қазақстан тарихында диссиденттердің болуы жақсылық нышаны емес». Ол түрмеде жатқан Ғалымжан Жақияновты қамаудан жедел босатып, қуғында жүрген бұрынғы премьер Қажыгелдинге Қазақстанда саясатпен айналысу құқын қайтару керек деп есептейді. Болат Әбілов сондай-ақ «Қазақгейт» мәселесін тұмшалаудың қажеті жоқ деген ойда. Оның пікірінше, бұл оқиға – «жемқорлық пен күмәнді жекешелендірудің салдары, өтеуі».
«Қазақстан» газеті алғашқы бетіндегі «Бір суреттің тарихы» деген мақалада Нұрсұлтан Назарбаевтың Джеймс Гиффенмен Гудзон өзенінде катермен қыдырып жүрген суретін басады. Газет Гиффеннің «Шевронмен» арадағы келісім-шартты жасауға қатысқан делдал екендігін ескерте отырып, «Теңіз мұнай кенішіндегі 25 пайыздық үлес үшін «Мобил» компаниясы жүздеген миллион доллар пара берсе, ондағы 50 пайыздық үлесі үшін «Шеврон» қанша берді?» екен деген сауал қояды. Мақала авторы Серғазы Мұхтарбековтің пікірінше, «Шеврон» Теңіз кенішінен алған үлесі үшін «Мобилге» қарағанда екі есеге аз қаржы шығындап, мемлекетке бар-жоғы 500 миллион төлеген. Олай болса, «қалтаға тыққаны 200 миллионнан кем болмауы тиіс», - дейді мақала авторы.
«Қазақстан» газетінде жарияланған суретті алдыңғы санында басқан «Ассанди таймс» апталығы осы жолы суреттегі президент пен Гиффеннен басқа тұлғалардың кімдер екендігін анықтайды. Олар, газеттің мәліметтері бойынша, сол кездегі сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменов пен экономика министрі Халық Абдуллаев көрінеді. «Ассанди таймс» газеті «Қазақгейт» ісінің полицейлердің швейцар банкілеріндегі күмәнді қазақ шоттарын тексеру барысында пайда болғанын еске түсіре отырып, «Креди Агрикль Индо-Суэздің» жергілікті бөлімшесінде Гиффенге, Назарбаевқа, бұрынғы премьер Балғымбаевқа және олардың туыстары мен жақындарына тиесілі толып жатқан шоттардың табылғанын айтады. «Ал алюминий, мырыш, мыс, шойын, уран мен Менделеев таблицасындағы басқа қазба байлықтар үшін түскен ақша қайда?» - дей отырып газет миллиондаған долларлар Люксембург, Кариб теңізінің сансыз аралдары мен Араб эмираттарының банктерінде тығулы жатыр дейді.
«Жас алаш» газеті «Қазкоммерцбанк» директорлар кеңесінің төрағасы Нұржан Сұбханбердиннің президенттің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаевтың аты-шулы мақаласына орай берген жауабының қазақша нұсқасын ұсынады. Онда банкир 90-шы жылдары Қазақстанда жекешелендіру процесінің дұрыс жүрмегенін тілге тиек еткен болатын. Оның сөзіне қарағанда, сол кезде мұнай саласында «Меркейтор» компаниясы басты рөлін сақтап қалса, металлургия саласында кәсіпорындар негізінен тегін үлестірілген. Сонымен бірге «Жас алаш» газетінің хабарлауына қарағанда, Ермұхамет Ертісбаевтың «Ақ жол» партиясын сынайтын әйгілі мақаласы облыстық газеттерде де көшіріліп басыла бастаған.