Accessibility links

Баспасөзге шолу. 06-09-2004


Алдыңғы аптада оппозициялық бағыттағы «Ассанди таймс» газетінің жалған нұсқасының шығарылуы әлі де басылым беттерінде сөз болуда. Алайда, алғаш рет қазақстандық мектеп түлектерінің бітұтас ұлттық тестілеу бойынша емтихан тапсыратындығы газеттердің көбірек назарын аударып, жаңа сауалдарға негіз болып отыр.

Мысалы, қазір Алматы қаласында тест сұрақтарына жауап нұсқаларының жиынтығы 2 мың долларға сатылуда деп хабарлайды «Литер» газеті «Миды саудалау» атты мақалада. Газет тілшісінің айтуына қарағанда, тест төңірегіндегі сауда-саттықтың әртүрі қыза түсуде. Мысалы, газет келтірген жәйттарға қарағанда, кейбір мектеп оқушыларына саудагерлер тест жауаптарының 30 түрін тегін ұсынып, бірақ егер олар тест тапсырып, оқудың грант түріне түскен жағдайда 1,5 мың доллар төлейтіндіктері туралы уағдаластыққа шақырады. Мақала авторының мәліметтеріне қарағанда, тест саудасымен айналысатындар Біртұтас ұлттық тест сауалдарының 1999-2000 жылдардағы тест сұрақтарынан аумайтындығын жеткізген.



«Бірақ кешенді тестілеудің алтыншы жылға аяқ басқанына қарамастан, ағымдағы жылы ондағы тағы да үлкен қателіктерге жол берілген», - деп хабарлайды «Жас қазақ үні» газеті, тарих пәні бойынша тест жауаптарында кеткен өрескел қателіктерді тізбектей отырып. Газет тілшісінің мәліметтеріне қарағанда, кейбір сұрақтардың жауаптары тестте бір бөлек болса, оқулықтарда басқаша көрсетілген. Сондықтан, «тестілеуде кеткен шалалық бір емес, барша талапкерлерді әуе-сарсаңға түсіріп жатыр», - деп есептейді мақала авторы. Оның пікірінше, емтихандарда осындай шалалықтың кесіренен оқушылар қай жауапты жазарын білмей уақыттан ұтылып, ақыры бір-екі бал олардың тағдырын шешуі ықтимал. Сол себептен, «17 мыңнан астам талапкердің болашағы байланысты тестке үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Әлде, тестті түзіп шығару тек бизнес көзіне айналып бар ма?» - дейді «Жас қазақ үні» газетінде Аягүл Мантаева.



«Егемен Қазақстан» газеті «өткен жылдың өзінде-ақ тест сынағына қатысқандар арасында 403 мектептің түлегі не мелекеттік грантқа, не несиеге ие бола алмағанын» жазады. Білімді саудаға салу «Айқын» газетінде де сөз болады. Қазақстан журналистер академиясының басшысы Сағымбай Қозыбаев өзінің 4-5 жыл бұрын бір шәкіртінің Оңтүстік Қазақстан облысының бір шалғай ауданынан өз пәтерінен университет ашып алғанын тілге тиек етеді. «Мұндай «ұлы жаңалықтар» басқа да ауда, облыс орталықтарындағы университет сымақтарға тән. Олар білімді саудаға салып, бизнес жасап жүр», - дейді Сағымбай Қозыбаев. Сонымен бірге ол қазақстандағы «қалталы алпауыттардың ақпарат құралдарына аузын сала бастағанын» айтады. «Қазір әр бір алпауыттың 5-6 бұқаралық ақпарат құралдары бар. Олар солардың ғана қамын жеп, күйін күйттейді», - деп есептейді Журналистер академиясының басшысы.



«Азат» газетіндегі көлемді сұқбатында Парламент мәжілісінің депутаты Серікбай Әлібаев: «Биліктің тәуелсіз баспасөзді тұншықтыруға тырысатыны, бүкілхалықтық телеарна ашуға жол бермей отырығаны, «Хабар», «Қазақстан», «Еле арна» телеарналарының жекешеленіп, жеке адамның иелігіне көшкені халықты ұйқыда ұстаудың амалы» дейді. Ол үкімет пен биліктің саясатына қоғамдық бақылауды күшейту үшін «халықтық бақылау» қозғалысын құру керек деген ойда.

Оппозициялық бағыттағы «Ассанди таймс» газетінің жалған нөмірінің жарыққа шығуына байланысты «Азат» газеті Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық партиясының мәлімдемесін жариялайды. Онда : «ҚДТ халықтық партиясының бұл әрекетті өзіне және партия көшбасшысы Ғалымжан Жақияновқа, сонымен бірге билік басындағы саяси қарсылас болып жүрген барлық қоғамдық қайраткерлерге қарсы жасалған арандатушылық деп бағалағаны» жазылған.



Әйтсе де, «Казахская правда» газеті жасанды шығарылымды тарату кімге тиімді деген сауал қоя отырып, Жақияновтың жалған хатын жариялайды. «Егер бұл хат шынымен Жақияновтікі болса, онда оның төңірегіндегі көп мәселе шұғыл шешілер еді», - деп есептейді мақала авторы. «Аздаған үзілістен кейін президент Назарабев рақымшылық жасау туралы жарлыққа қол қойып, Қазақстанның демократиялық таңадуы халықтық партиясы қызметін тоқтатар еді», - деп топшылайды Алдан Айымбетов «Казахская правда» газетінде.
XS
SM
MD
LG