АҚШ әділет министрлігі президент Джордж Бушқа бас қолбасшы ретінде ерекше құқық беріпті, аса қажет жағдайда президент Буштың қолы азаптауға тиым салған заңдармен халықаралық конвенциялармен байланбайды депті-мыс. Міне осындай мәлімет американдық газеттердің бетіне шыққан соң Сенаттың заң комитетіне 8-шы маусымда әділет министрі Джонн Ашкрофт шақырылды. Америка Құрама Штаттарында әділет министрі бас прокурор депте аталады. Джонн Ашкрофт баспасөзде айтылған айыптармен бірден келіскен жоқ, Буш әкімшілігі азаптауға ешқашан жол ашқан жоқ, әділет министрлігі АҚШ заңдары тиым салған кез-келген оқиғаны тергейді деп мәлімдеді.
Дегенмен, әділет министрлігі сөз болып жатқан бұйрықтың егжей-тегжейлі тұстарын Сенат комитетіне жеткізуден бас тартты. "Әйтпеген жағдайда менім не басқа министрдің президентке ақыл-кеңес беру тәртібі бұзылады, президентпен арамыздағы сенім мөлшеріне көлеңке түседі", деді Джонн Ашкрофт. Демократиялық партияның өкілі Эдуард Кеннеди сияқты Буштың қарсыластары бірден шу көтерді. "Бушқа ерекше құқық берген бұйрықтың болуы әбден мүмкін, ол ресми түрде қабылданса да, қабылданбаса да – Бағдадтағы Әбу Ғрайып түрмесіндегі ирақ тұтқындарының азапталуына кезінде жол ашуы мүмкін", - дейді Эдуард Кеннеди. Әділет министрі Джонн Ашкрофт мұнымен келіскен жоқ, сенатор Эдуард Кеннидің дәлелдерін жалған деп тапты. Сөз болып отырған Абу Ғрайып түрмесіндегі зұлымдықтарға не президент Буш, не әділет министрлігі жол ашқан емес, сенатор Кеннеди айтып жатқан жағдайлардың барлығы тергеліп жатыр, деді әділет министрі.
Тың саяси жанжал саяси талдаушылардың арасында да кең құлыққағыс тауып жатыр. "Азаттық" радиосының Вашингтондағы тілшісі Эндрю Тулли Джеймс Филлипс және Томас Малиновски деген екі сарапшымен сөйлесіп еді, бұл екеуі де қарамақайшы сараптама жасап отыр. Вашингтонда орналасқан "Херитейдж қоры" деген жекеменшік саяси зерттеу орталығының сарапшысы Джеймс Филлипс, жалпы, сөз болып отырған бұйрықтың бар-жоқтығына күмәнді. Бәлкім, сөз болып отырған бұйрық 21 ғасыр соғысының шындығына төтеп беру жөнінде кейбір жолдарды көрсеткен шығар, дейді Джеймс Филлипс:
- Бұл мәселеге арналған басқа да бұйрықтар бар ма, жоқ па, мазмұны жайында толық хабардар емеспін. Дегенмен, мазмұны анық болмай тұрған жағдайда бір бұйрықты ортаға қойып, ол бойынша партиялық, саяси көзқарас қалыптастыру дұрыс емес деп білемін.
Сөйтіп, бұл сарапшының пайымдауынша, әділет министрілігің бұйрығы жөнінде мәлімет баспасөз бетіне белгілі бір мақсатпен шығарылды да, Джордж Буштың саяси қарсыластары енді ол бұйрықты Абу-Ғрайып түрмесіндегі азаптаулармен партиялық мақсатта жалғап жатыр. Вашингтонда орналасқан "Хьюман Райтс Уотч" заң тобының АҚШ сыртқы саясатының талдаушысы Томас Малиновски әділет министрлігінің бұйрықтары жайындағы хабардың өзі Америка Құрама Штаттарына дипломатия жағынан нұқсан келтіреді дейді. АҚШ-тың бірде бір заңы, не болмаса халықаралық заңдар президентке ешбір жағдайда ерекше құқық бермеген. Азаптауға қатысты бұйрық АҚШ-тың өзіне тікелей нұқсан келтіреді, американдық сарбаздарды қолға түсірген жауларымыз Абу-Ғрайып түрмесіндегі азаптауларды қайталауы мүмкін, дейді Томас Малиновски:
- Бұл бұйрықтың салдары өте қорқынышты, ол Американың дүние жүзіндегі беделіне нұқсан келтіреді, терроризмге қарсы соғыс барысында Американың өзге елдермен, өзге халықтармен одақ құру мүмкіншілігіне нұқсан келтіреді, әскери киім киген американдықтарды қауіпке төндіреді.
Жалпы, дейді Томас Малиновски, Джордж Буштың әкімшілігі Халықаралық Қылмыс сотына қатыспай қойған. Әділет министрлігінің бұйрығы жайындағы әңгімеден осы жайт та есіме түсті, дейді Томас Малиновски.