Ирақтан түсіп жатқан жаңалықтарға қарағанда, шиилердің рухани көсемі Моқтада Әл Садр бастаған жасақпен Ирақ полициясының арасындағы қақтығыстар тыйылатын емес. Тек қане бейсенбі күні Наджаф қаласында орын алған қақтығыста кемінде бір адам қаза тапты, кемінде 14 адам жараланды. Зардап шеккендердің арасында бейбіт тұрғындар бар. Моқтада Әл Садрдың адамдары Ирақ полициясын "басқыншы АҚШ әскерінің қолшоқпары" деп қабылдайды, ел араздығын өз есебіне оңай пайдаланып отыр.Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі сейсенбі күні бірауыздан қаулы шығарып, биліктің Ирақ халқының қолына өтуін құптады. Өткен аптада Ирақ уақытша үкіметі құрылған болатын, қаңтар айында сайлау өткізілгенше елді осы мекеме басқарады. Ирақ сыртқы істер министрі Хоснияр Зебари уақытшы үкіметтің халықаралық дәрежеде құпталғанын өте маңызды оқиға деп қабылдады, себебі үкіметті сайлау арқылы іріктеу мүмкіндігі әзірше жоқ.
Ирақты басқару ирақтықтардың өзіне тисе - көтерілісшілерді оқшалау, не болмаса оларды біржолата басып тастау мүмкін бола ма? "Азаттық" радиосының тілшісі Чарльз Регнагелмен сөйлескен сарапшылыр бұл мәселенің шешілуі қиын деп жауап береді. Лондонда орналасқан "Роял Юнайтед Сервисес" институтының сарапшысы Дениел Ниип бүліктерді доғарудың бірден бір жолы – жаңа үкіметтің ел сенімінен шығуында; үкімет іскерлі, тұрақты болады деген сенім халықтың көңіліне ұяласа – көтерілісшілердің ықпалы күрт азаяды дейді. Мауысым айының 30-да Америка Құрама Штаттары билікті Ирақ уақытша үкіметіне ресми тапсырады, бірақ бұл күннен кейін көтерілісшілердің бүліктері азая қоймайды, дейді сарапшы. АҚШ бастаған бірлестік бүлікті басуда күшке көбірек жүгінеді, Ирақтың уақытша үкіметіне ортақ келісімге жүгіну мүмкіншілігі ашылып отыр, дейді Дениел Ниип:
- Америка Құрама Штаттарына қарағанда, уақытша үкімет кейбір көтерілістердің алдын алуға басқаша тәсіл қолданады деп ойлаймын. Фәллуджадағы жағдайға қарасақ, орын алған кең көлемді әскери науқаннан Ирақ үкіметі қатты желкенер еді деп білемін. Ирақ үкіметі келісім табуға бет алар еді, көтерілісшілердің басшылырымен тіл табысуға бұрын әрекет жасалушы еді, Америка Құрама Штаттары мұны тоқтатқан болатын.
Бұл Лондонда орналасқан "Роял Юнайтед Сервисес" институтының сарапшысы Дениел Нииптың пікірі. Бұл сарапшы ең тиімді деген жолды көрсетіп отыр. Дегенмен, уақытша үкіметтің мүмкіншіліктері қандай болатыны әзірше белгісіз. Ирақта әскери ықпал 2005-шы жылдың соңына шейін бәрі-бір АҚШ бастаған халықаралық жасақтың қолында болады. Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымы мақұлдаған. Халықаралық жасақпен Ирақ уақытша үкіметінің серіктестігін құптаймыз дегенмен, іс жүзі қалай болатыны анық емес. Осы тұрғыдан қарағанда, көтерілісшілерді оқшаландыру, қарапайым халықтың өмір деңгейін жақсарту деген тағы бір үлкен мақсат тұр уақытша үкіметтің алдында.
"Халықаралық дағдарыс тобы" деген зерттеу мекемесінің Амманда жұмыс істейтін аймақтық сарапшысы Йост Хилтерманн ирақтықтардың көпшілігі елдегі өзгерістірден көңіл қалтырып отыр, сондықтан көтерілісшілерді іштей қолдайтындар баршылық дейді:
- Ирақ халқының көңілі саяси жағдайдан, экономикалық жағдайдан, қоғамдық тәртіп жағдайынан көп қалып отыр. Сондықтан олар көтерілісшілерге қарсы еш нәрсе айтпайды. Мұның барлығы көтерілісшілерге қолайлы жағдай қалыптастырып отыр. Халық көтерілісшілердің басынуына жол беріп қойды.
Йост Хилтерманн алдағы бірнеше айда көтерілісшілер Ирақ ресми өкілдеріне қарсы шабуылдырды көбейтеді, мұнай құбырларына және инфрақұрылымның басқа да маңызды жүйелеріне зақым жасайды деп болжамдайды. Бүлікшілдер жаңаруға бет алған Ирақтың ең алдымен экономикалық мүмкіншіліктерін тежеуге күш салады деген болжам айтылады.