Мәселен, “Жас алаш” газеті Орталық сайлау комиссиясы таратқан соңғы мәліметтерін алға тартады. Онда Алматы және Астана қалалары мен облыстық сайлау комиссияларының құрамының жасақталуы баяндалады. Яғни, өздерін президенттік деп есептейтін “Азаматтық, Аграрлық, “Отан”, “Асар”, “Рухният” партияларының әр қайсысынан 16 адамнан ұсынылып, барлығы да сүрінбей өтсе, Қазақстанның демократиялық “Ақ жол” партиясынан тек 4 адамның, оппозициялық бағыттағы Қазақстанның коммунистік партиясынан 2 адамның ғана “бағы жанған”. Ал Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық партиясынан бірде-бір адам сайлау комиссияларының құрамына кіре алмаған.
“Комсомольская правда Казахстан” басылымы “Отан” мен ресейлік “Единая Россия” сияқты екі елдегі ірі билік партияларының ынтымақтастық жасау жайлы ортақ мемарандумға қол қойғанын баяндаса, “Астана нұр” газетінде саясаттанушы Әзімбай Ғали “бүгінгі таңда саяси партиялардың арасында қазақтың көңілін аулап жатқан ешкім жоқ”, - деген пікір айтады. “Бұл стратегиялық қате”, - деп есептейді саясаттанушы. Мысалы, “ресейде либериализмнің дағдарысы депутаттардың орыс сайлаушыларының 80 пайызының көңілін ауламаудан болды. Сондықтан, орыс сайлаушылары коммунистерге емес, ұлтшылдарға дауыс берді”, - дейді Әзімбай Ғали. Керісінше, оның айтуынша, “Украинада өткен Рада сайлауы кезінде кандидаттар сайлаушылардың ұлттық көзқарасына назар аудармаса болмайтынын түсініп, нәтижесінде Парламентке ұлтшылдар келген”. Қазақстандағы “8 миллион сайлаушының 60-70 пайызын құрап отырған қазақ электораты да сайлауға үлкен жауапкершілікпен қарайды”, - деген қорытынды жасайды Әзімбай Ғали “Астана нұр” апталығында.
“Экспресс К” газеті президенттің саяси мәселелр бойынша кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаевтың “Ақ жол” партиясының электронды дауыс беруге байланысты ұстанымын қолдағанын” хабарлайды.
Газет тілшісінің пікірінше, “электронды дауыс беруді енгізу Конституцияның басты принциптерінің бірі – жасырын дауыс беруге көлеңке түсіреді. Ал құпия ақпаратты сақтайтын штрих-кодтар сайлаушыларды үркітеді”. “Ақпараттың аздығы түрлі жорамалдар туғызатындықтан, қоғам “Сайлау” электронды дауыс беру жүйесін үлкен сенімсіздікпен қабылдады”, - деп пайымдайды “Экспресс К” газеті. Алайда, Орталық сайлау комиссиясы өзінің құны 4,2 миллиард теңге тұратын жаңа жүйенің “қағазға, бюллетендерді тасымалдауға кететін бюджеттік қыруар қаржыны үнемдейтінгін” тілге тиек етіпті. Сайлаукомның ақпараттық-сараптамалық бөлім меңгерушісі Григорий Кулеш осы газетте мұндай жүйенің тиімділігі жөнінде сөз қозғай отырып, оның хакерлер басқыншылығанан мығым қорғалғанын жеткізіпті. Мәселен, ақпарат алғысы келгендер елу шақты құпия кілтті тауып, арнайы криптограманы игеру керек. “Оған қоса құпияның кілтін тапқысы келгендер үш жыл ойы күн-түн демей, жұмыс жасауы тиіс”, - деп есептейді Орталық сайлау комиссиясының маманы.
Десек те, Сайлауком төрайымы Зағипа Бәлиеваның өзі жаңа жүйенің сайлау қорытындысында жалғандыққа жол бермейтіндігіне сендіргенімен, оның хакерлер шабуылына шыдамауы мүмкін екендігін мойындағанын жазады “Айқын” газеті телеарналардың біріне сілтеме жасай отырып. Электрондық әдіспен сайлау қай өңірлерде өтетіні әлі белгісіз. “Жалпы, бұл жүйенің қолданылу-қолданылмауы мемлекеттік комиссияның қолында екен”. Ал бүгінде, газет келтірген мәліметтерге жүгінсек, “халықаралық ұйымдар сайлау, әділ ашық өтетін 193 елдің тізімін жасап, онда Қазақстан 161-ші орынды иеленіпті”.