Ислам жасақтары үшін Интернеттің өмірлік маңызы бар құралға айналып бара жатқаны байқалады. Жауынгерлер вебсайттар арқылы ақпараттар алмасып, болып жатқан шабуылдар турасында жазып жатады. Ойлары мен идеяларын да осы вебсайттар арқылы жариялап, ақылдасып отыратын болған. Оның соңғы бір мысалы Сауд Арабиясында қарулы жасақ кепілдікке алынған американдық жөнінде көрсетілген виедотаспа болды.
Ислам жауынгерлерінің вебсайтында жарияланған бұл видеотаспада сөйлеп тұрған адам: "Мен Паул Джонсонмын, американдықпын, Аппачи жасайтын кәсіпорында жұмыс істегенмін" дейді. Сөзіне қарағанда ол Сауд Арабиясының астанасы Риядта сенбі күні барымталанып, кепілдікке алынған қорғаныс өндірісінің қызметкері. Түсірілімде оның көзі байланған, үстінде сарғыш түсті жеңіл киім болған. Бұдан соң қара киімді бет-аузы тұмшаланған, қолында Калашников автоматы бар жасақ шығып, егер 72 сағаттың ішінде Сауд Арабиясында ұсталған жауынгерлердің бәрі де қайта жіберілмейтін болса, бұл американдық өлтіріледі деп айтады. Сонымен бірге ол Джонсонның кәсіпорнына шығарылған ұшақтардан жасалған шабуылдар Ауғанстан мен Палестиндегі мұсылмандардың өліміне жауапты дейді:
-Ойламаңыздар, Құдайдың жендетінен қорғанамыз деп. Алла сіздерге Құдай үшін ешбір қауіпсіз күресетін мождахедтерді жібереді. Сіздер өмірді қалай жақсы көрсеңіздер, мождахедтер азаптау мен өлімді қалайды,-дейді әлгі жауынгер.
Бұдан бұрын да мұндай видеотаспалар көрсетілген болатын. Мәселен 2002 жылы Пәкістандағы американдық журналист Даниел Перлдің өлімі, жақында Ирақта жұмыс істеген касіпкер Николас Бергтің де өлтірілген сәттері осылай видеотаспамен көрсетілген-ді.
Шотландиядағы қасиетті Эндрюс университетінің терроризм мен саяси зорлық-зомбылық жөніндегі сарапшысы Магнус Рансторп жасақтар интернетті ол кең тарала бастаған 90-шы жылдардың ортасынан бері қолданып келеді дейді:
-Киберкеңістік, демек компьтерлік кеңістік сіздің идеологиялық жобаларыңыз бен идеяларыңызды бақылаусыз түрде өткізіп жібреу үшін қолданатын ең бір жақсы орта. Бұл Батысқа қарсы психологиялық соғыс жүргізетін ғажайып орта, бұл сонымен қатар Ислам қауымдастығын жаппай жұмысқа жұмылдырады,-дейді талдаушы.
Сарапшылар қазір қарулы жасақтар мен экстремистер виртуалды түрде бас қосатын, сол арқылы пікір алысып, ой бөлісетін мыңдаған вебсайт бар дейді. Норвегиядағы қорғаныс зерттеулер мекемесінің сарапшысы Томас Хеггхаммер мұндай интернет вебсайттары Әл-қаида сияқты топтардың өздерін террорлық ұйымдардан гөрі Әр-Риядтан Римге дейінгі ғаламдық келісімдер қозғалысы ретінде ұстап тұруына қызмет етеді дегенді айтады. Хеггхаммер сарапшылардың интернеттегі ақпараттарды талдау арқылы экстремистердің алда жоспарлап отырған қимыл-әрекеттері жөнінде де болжап білуіне болады дейді.
Хеггхаммер мен оның әріптестері өткен жылдың аяғында интернетттен Испаниядағы сайлаулар алдында террорлық шабуылдар жасаулар арқылы Мадридті Ирақтан әскерін алып кетуге қалай мажбүрлеуге болады, сөйтіп Ирақтағы АҚШ бастаған коалиция күштері арасында тұрақсыздық туғызу жөнінде жазылған 42 беттік құжат тапқан. Бірер айдан кейін 11 наурызда сайлауға аз-ақ күн қалғанда Мадридтегі поездарда жарылыстар жасалып, 190 адам опат болғаны белгілі.
Хеггхаммер жарылысты жасаушылар бұл құжат жөнінде білген болу керек деп тұжырымдайды: -Құжат оның мәтінін жазған адамдардың Испания саясатын жақсы білетіндігінен, кем дегенде олардың Испанияда бірқатар уақыт тұрған адамдар екендігінен хабар береді. Құжатта сондай-ақ сайлау кезінде Испания мүддесіне қарсы шабуылдар қажеттігіне де көңіл аударылған. Бұл шабуылдар жасалмастан бұрын көптеген адамдар оқып-таныса алатындай құжат еді,-деген талдаушы. Дегенмен де Хеггхаммер бұл құжатты сол бомбалық шабуылдарды ұйымдастырушылардың өздері жазбаған болар, құжат тек жарылыстарды жүзеге асырғандарға алдын ала ой тастаған болуы керек деген де болжам айтады.
Мұндай пікір-көзқарастармен келіспейтіндер де бар. Террор талдаушысы Рансторп 2001 жылғы 11 қырқүйекте АҚШ-қа шабуыл жасағандар негізінен құпия кодтар арқылы электронды поштаны қолданған дейді. Дегенмен де 11 қыркүйек оқиғасынан кейін де түрлі жағдайлар орын алған. Ранстроптың айтуынша, Исламдық жасақтар да Интернетті бақылайтын құрылымдардан өз жоспарларын жасыру үшін осындай күрделі технологияларды пайдаланады.
Бірақ та дейді ол мұндай тәсіл билік орындарының назарын жиі аударады, сондықтан ол кең таралмауы да мүмкін дегенді айтады. Хеггхаммер болса жауынгерлер интернетті негізінен өз идеяларын жазатын, ойларын насихаттайтын құрал ретінде пайдаланады деген пікір жағында.