“Жас алаш” газеті жақында он екінші саяси партияның да 70 мыңнан астам адам жинап, мемлекеттік тіркеуден өткенін хабарлайды. “Ол – Қазақстан коммунистер лидері Серікболсын Әбділдинмен аразадасып, еншісін даулап жүрген жаңа компартия”, - дейді газет тілшісі Жұлдыз Әбілдә. Жаңа партияның 15 мыңы Қазақстанның коммунистік партиясынан келгендер екен. Газет тілшісінің айтуынша, бұл “дауыс беру құқығына ие адамдардың саны он миллионға да жетпейтін, сайлауға халықтың жартысына жуығы бармайтын Қазақстандағы саяси белсенділікті” көрсетеді.
“Жаңадан құрылған Коммунистік халық партиясының жетекшілігі “билікке оппозиция” болатындығын айтады, бірақ олар “билікке емес, оппозициялық бағыттағы Қазақстанның Коммунистік партиясына оппозиция болатын сыңайлы”, - деп топшылайды “Егемен Қазақстан” газеті. “Литер” газетінің 73-ші санында Қазақстанның демократиялық партиясынің да тіркеуден өткеніндігіне тоқталады.
Кейбір саясаттанушылардың жаңа партияның құрылуын “аты ұқсас оппозициялық Қазақстанның Демократиялық таңдауы партиясындағы электоратты өзіне тартып алуды көздеп құрылды деп бағалап отырғанын тілг тиек етеді “Литер” газеті. Мақала авторының пікірінше, “бұл партияның сайлау комиссиялары жасақталмай тұрып, тіркеуден өтуді ойламағаны оның өз күшіне сенімді екендігін аңғартса керек”.
“Жас алаш” әлеуметтанушылар мен саясаттанушылар қауымдастығының зерттеулер нәтижелерін ұсына отырып, онда “Асар” партиясының көш ілгері шыққанын хабарлайды. Осы орайда басылым 300 мыңнан астам мүшесі бар президенттік “Отан” партиясының кеше құрылған “Асар” партиясына жете алмай, үшінші орынды иемденуіне назар аударыпты. “Айқын” басылымы болса, президенттің кеңесшісі Ермұхамед Ертісбаевтың он екі партияның ішінен алдағы сайлауда тек үш-төртеуі ғана жеңіске жетіп, оның қатарынан “Отанның” табылатындығына күмән келтірмейтіндігін алға тартады. Оның себебін президент кеңесшісі “партия лидері президенттің өзі екендігімен, партия құқықтық-нормативті деңгейде бес жыл бойы жұмыс істегендігімен” түсіндереді. “Көзқарас” газетінде Оңласын Әмірқұл саяси алаңда құрылғанымен шөп басын сындырмаған партиялар бар дейді. Ол Көші-қон агенттігінің басшысы Алтыншаш Жағанова жетекшілік ететін “Руханият” партиясы “сайлау алдында жылт етіп, басшысы депутаттыққа ілінгеннен кейін қайтара сөніп қалмас па” деген күдігін келтіреді. Алайда, “Казахстанская правда” газетінде “Руханият” лидері саяси мәлімдемесімен көзге көзге түседі. Онда ол партиясының Қазақстан президентінің саяси реформалар бойынша бастамаларын жүзеге асыруға шақырыпты. Сайлау науқанымен қатар Ұлттық бірыңғай тестілеудің тәмамдалуы да басылымдардың басты назарын аударып отыр. “Алтын орда” газетінде Білім беру мен тестілеудің мемелкеттік стандарттары орталығының директоры Такир Балықбаев тестілеудің республика бойынша 134 орында табысты өткендігін баяндайды. Оның сөзіне қарағанда, “жақсы нәтижеге жеткен немесе төмен балл алған оқушылар саны жағынан өткен жылдардағы кешендік тест нәтижелерімен шамалас шыққан”. “Мысалы, 2003-ші жылы 40 балладан төмен алғандар үлесі 28,1 пайыз болса, биыл 25 пайыз шамасында, ал 100-ден жоғары балл жинағандар былтыр 0,61 пайызды құрса, қазір де сол деңгейді” сақтаған.
Алайда, “Айқын” газеті “нашар баға алғандар саны жыл сайын көбейіп келе жатқанындығына”, мәселен, биылғы жылы екілік алғандар, яғни, 40 баллға жеткізе алмағандар саны 43 354-ке жеткендігін хабарлайды. “Бұл екілік алғандар барлық емтихан тапсырушылардың 24,2 пайызы, яғни, төрттен бірі деген сөз”, - дейді газет тілшісі.
Оның пікірінше, “жалпы тесттің талапкер білімінің деңгейіне нақты өлшем бола алмайтындығы” жайлы әңгіме тест қолданысқа енгелі бері айтылуда.
“Эсперсс К” газеті Семейде өткен ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі күтпеген нәтижелер бергенін жазады. Газет мәліметтеріне қарағанда, “Семей өңіріндегі ауыл мектептерінің барлық дерлік түлектері 40 баллға да қол жеткізе алмапты”.