Маусымның 28-і журналистер күні ретінде аталып өтетіндіктен, республикалық басылымдардың басым бөлігі алдымен Қазақстандағы сөз бостандығы мен бұқаралық ақпарат құралдарының жағдайына баса назар аударды.
Егер “Асар” партиясының лидері Дариға Назарбаева “Асар Заманы” газетінің алғашқы бетінде: “әсіресе соңғы кезде журналистерді қолшоқпарға айналдырып жүрген топтар байқала бастады, өш алу, кек қайтару секілді айла-тәсілдердің тың түрлері қалыптасты”, - деп наразылығын білдірсе, “Отан” партиясы бұл орайда жаңадан “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” заң жобасын әзірлеп қойыпты. “Олар биылғы жылдың соңына дейін ең алдымен бұқаралық ақпарат құралдарындағы монополияны азайтуды, құрылтайшылар жөніндегі ақпараттың ашықтығын көздейтін заң жобасын парламентке ұсынбақ”, - деп хабарлайды “Литер” газеті.
Ал “Астана-нұр” газетінің бас редакторы Шархан Қазығұлов қазір Қазақстанда “олигархиялық баспасөз” қалыптасты дей отырып, меншік иелерінің көп болуы керісінше монополиядан құтарады деп есептейді. “Олигарх көп болған сайын бұқаралық ақпарат құралдары көбейе береді. Бұқаралық ақпарат құралдары көбейсе – бізді олар көптеп жалдай бастайды”, - деп пайымдайды мақала авторы. Ал Парламент депутаты Уәлихан Қалижан: “Егер Қазақстанда екі мыңнан астам бұқаралық ақпарат құралдары тікелген болса, соның 80 пайызы түрлі олигархтардың, бизнес тобының, не болмаса партиялардың меншігінде”, - дейді. Оның пікірінше “Қазақстанда бір-ақ тәуелсіз басылым бар. Ол – Алдан Айымбетовтің “Казахская правда” газеті. “Өйткені, редакторы да, құрылтайшысы да өзі”, - дейді депутат Уәлихан Қалижан. Егер “Айқын” газеті “БАҚ”-тың бағы неде деген мақалада қазақ баспасөзінде беделді, таламы мол газеттердің “халық мұң-мүддесін” ұмытып, сайлау науқаны сияқты ойындарға құмартып кететінін тілге тиек етсе, “Жас алаш” газетінің бетінде әдеби зерттеуші Ақселеу Сейдімбек: “Республика тұтынатын 3633 бұқаралық ақпарат құралдарының оннан бірі ғана қазақ тілінде екендігіне назар аударады. Оның пікірінше, “олардың басым көпшілігі ұлттық-мемлекеттік мүддеге ашық қарсы шығады”. Сонымен бірге ол “қазақтың жері қазақ ұлтының біртұтастығы мен патриотизмінің кепілі болып келгенін” тілге тиек ете отырып, “қазір Трещенконың жері, Машкеевичтің жері, Кулгиннің жері” деген сұмдық шықты”, - дейді. Мысал ретінде ол : “Павлодардың қарттары Жасыбай көліне бармақшы болып, батыр бабасы Жасыбау рухына тауап етіп қайтатйын десе, сондай біреулердің автомат асынған солдаттары жолатпай қойғанын” тілге тиек етеді.
Алайда, Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік төрағасы Бақыт Оспанов “Нұр астана” газетінде “жер бір адамның немесе заңдық тұлғаның қолында кетеді деген қауіп болып”, Жер кодексінде оған шектеулер қойылған деп есептейді. Ол Қазақстанның әр аймақтарында халықтың орналасу тығызыдығына, сол өңірдегі шаруашылықтың саласына байланысты сатып алынатын жер көлеміне қойылатын шектеулер де әртүрлі екендігіне назар салады.Соған сәйкес “әр облыстағы атқарушы және өкілетті органдар қарап, өздерінің ұсыныстарын береді”, - дейді Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік төрағасы. Сонымен бірге ол өз сұқбатында “шет ел азматтары меншік иесі бола алмайтындығын” айтады. Жер оларға жалға он жылға ғана беріледі. “Одан кейін олар жалға алу мерзімін созам десе, атқарушы орган оның өтінішін қайта қарап, шешім қабылдайды”, - дейді Бақыт Оспанов. Оның мәліметтеріне қарағанда, “ауылшаруашылығы мақсатында 83 миллион гектар жердің 19 мыңы жекеменшікке өткен. Сол 19 мың гектардың 12 мың гектары Алматы облысынан екен”. Жер ресурстары агенттік басшысының атуынша, “мемлекет жерді азаматтарға бекітілген базалық ставкамен, кадастрлық бағамен сатады”. Алайда, “екінші рынокта жердің бағасын азматтардың өздері айтады. Өйткені, ол азаматтардың өздерінің меншігі болып табылады”, - дейді Бақыт Оспанов.