«Эпоха» газеті «Соңы көрінбейді» деген мақалада «Ассанди таймс» газеті мен Нави интернет-сайтының үстінен президент әкімшілігінің шағымдануына сәйкес алғашқы сот отырысының өткенін егжей-тегжейлі баяндайды.
Газет тілшісінің айтуынша, президент әкімшілігі өкілі Роза Қуанышбаева: «Ақша алып, газетті жауып тастау - мақсатымыз емес» десе, «Ассанди таймстың» өкілі Сергей Уткиннің заң бойынша берілетін бір ай өткенше шағым-арызды қарамау және редакция хатын тек көшіріп басқандықтан «Нави» интернет-газетін жауап берушілер қатарынан алып тастау туралы өтініші сотта қабыданбаған. Оның есесіне, «Егемен Қазақстан» газетінде «Жала жапсаң, жазаланасың» деген мақалада «Нави» интернет-газетінің преидент әкімшіліген кешіріс сұрағаны жазылады. Ал «Ассанди таймс» газетінің соңғы санында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың адвокаттарының бірі Вайнгартеннің АҚШ Әділет департаменті бас прокурор орынбасары Томпсонға жазған хаты қолдарына түскенін хабарлай отырып, хаттың толық мәтінін жариялайды. Онда адвокат прокурор орынбасарынан «Қазақстан Республикасының тергеу жұмысын жүргізуге ынтымақтастық танытуға даяр екендігін, бірақ оның есесіне нақты шектеулі кепілдіктер сұрап отырғанын» жеткізеді. «Біріншіден, - деп жазады Рид Вайнгартен мырза, - Республика бұл іс бойынша президент Назарабаевқа айып тағылмауын сұрайды». «Мұндай кепілдік республика үшін маңызды-ақ, әрі тергеу барысында президент Назарбаевқа айып тағу мүмкіндігінің жоқтығын есепке алсақ, бұл тергеу ісіне де еш әсер етпес еді», - дейді қорғаушы. Алайда, ол прокурордың бір сөзінеде егер қажет деп тапса, президент Назарабевты жауапқа тарта алатындығына меңзеген сөзін еске ала отырып, тіптен мұндай жағдай болғанның өзінде «Америка Құрам Штаттары өз мүддесіне сәйкес маңызды стратегиялық одақтас елдің лидерін сотқа тартуы туралы қойылымды тіптен елестету мүмкін емес», - деп тұжырым жасайды қорғаушы Вайнгартен. «Сондықтан, оның пікірінше, егер Америка Құрма штаттары президент Назарбаев сотқа тартылмайды деп уәде етсе, дәнеңе де жоғалтпайды».
«Екіншіден, Республика швейцар банктерінің біріндегі Қазақстан Республикасының дербес шоттарына сақталып жатқан қаржыны бұғаудан шығаруыңызды сұрайды. Бұл шотта республиканың пікірінше, баяғыда-ақ қайтарылуы тиіс, сөзсіз үкіметтің дербес ақшалары болып табылатын 80 миллион доллар бар», - деп хабарлайды адвокат. Оның айтуынша, «қомақты қаржы АҚШ-ның талабы бойынша екі жылдан астам уақыт қозғалыссыз тұр». Сөз соңында адвокат:
«қазақстан лауазымды адамының атын айыпталмайтын сыбайлас немесе пара алушы ретінде көрсететін кез-келген қорытынды Қазақстандағы саяси ахуалды шайқалтып, американ-қазақстан қарым-қатынасын бұзуы ықтимал» деген пікір білдіреді «Ассанди таймс» газетінде жарияланған хатында.
«Ақ жол Қазақстан» газеті болса, «Қазақгейт» аталып кеткен іс бойынша алғашқы сот мәжілісінен үзінді беріп, онда АҚШ Бас прокурор көмекшісі Нейманның швейцар шоттары сөзі келтірілген:
«Жұмбақтың түрі мынау: олар, есеп-шот иелері өздерінің есеп-шоттарын «Қазақстан үкіметіне тиесілі» деп жариялауы керек болды – бар болғаны осы! Шындығында бұл - өтірікті шындай, ақсақты тыңдай етіп көрсету. Ал енді осы әрекет мемлекеттік доктринаға жатпайды», - депті прокурор көмекшісі.
Қазақстанның демократиялық «Ақ жол» партиясының теңтөрағасы Әлихан Байменов «Қазақ елі» газетінде әлі күнге дейін Қазақстанның шикізат саласында тазалық пен ашықтықтың болмай отырғандығына тоқталады.
Оның айтуынша, «Қазақстанның мысына, алюмийіне, көміріне, мырышына, хромына ие болып отырған компаниялардың кімдікі екенін ешім білмейді». Тіптен «олар қазір мемлкеттің саясатына тікелей әсер еткісі келеді», - дейді «Ақ жол» партиясының теңтөрағасы. Мысал ретінде ол шетелдік компаниялардың артықшылықтарын азайтуға жұмыс істеген Монополияға қарсы агенттікті олардың сынға алғанны тілге тиек етеді.