Президент Н.Назарбаевтың пайғамбар жасынан асқанынан біз сұрау салған Алматы тұрғындарының біразы хабарсыз болып шықты. Бұл ретте жұрттың есіне бірден «күн көсем» Лениннің туған күні оралды.
Алматы тұрғындары:
- Бірдеңелер болатын еді, жарыс деген сияқты. Лениннің өлеңдерін айтатынбыз. Мұғалімдер айттыратын бізге. - Ол кезде не істеуші едік - кішкентай бала болдық қой. Линейка болушы еді ғой сондай кезде. Субботник, анау-мынау деген сияқты. - Мен бұл жақтың тұрғыны емеспін ғой. Өзбекстаннан келгенмін. Кәрімовтың туған күні күшті тойланады бізде. - Құтты болсын туған күні. Мен президентімді өте сыйлаймын. Сондықтан өзім кешірім сұраймын ол кісіден туған күнін білмей қалғаным үшін. - А, Н.Назарбаевтың туған күні ме? Енді оны ешкім әлі мейрам деп қабылдаған жоқ қой.
Президент Н.Назарбаевтың туған күніне орайластырып оның үлкен қызы Дариға Назарбаева жетекшілік ететін «Асар» партиясының мерекелік акция ұйымдастыруы көптеген саясаткерлердің көңілінен шықпады. Коммунистік партияның серкесі Серікболсын Әбділдин бұл – тікелей президенттің нұсқауымен жасалынып отырған шара дейді.
Серікболсын Әбділдин, ҚР Коммунистік партиясының төрағасы:
- Назарбаевтың өзінің пиғылы болмаса, ондай саяси жұмысты ешкімнің бастай алмайтыны белгілі. Сол себептен енді өзінің қолында тұрғаннан кейін өткізейін деп жатқан шарасы болар. Біздің елімізде де, бүкіл Кеңес Одағында да ондай үлкен той жасағанды көргенім жоқ. 64-ке шыққан болар бүгін. 64 жас әрине ол дөңгелек, әдеттегідей тойлайтын жас емес. Таяуда ғана 60 жылдығында мұндай дүрлікпе тойлаған жоқ.
Ал Президент Нұрсұлтан Назарбаев басшылық ететін «Отан» республикалық саяси партиясы төрағасы орынбасарының кеңесшісі, кәсіби дипломат, саясаткер Болатхан Тайжан халықтың президенттерінің туған күнінен хабардар болғаны дұрыс, бірақ, науқаншылдықтың аяғы жеке басқа табынушылыққа ұрындырмайды ма деген қауіп айтады.
Болатхан Тайжан, «Отан» партиясының төрағасы орынбасарының кеңесшісі:
- Басқа елдермен салыстырғанда ондайды мен көрген жоқпын. Бірақ әр елдің өз әдеті болады. Ұйымдастырушы адамдардың өз ықыластарын осылай білдіргілері келген шығар. Қалай деуге болады. Қиын бірдеңе деу. Өйткені бізде мұндай жағдай болған жоқ. Бір жағынан елімізді басқарып отырған адамның туған күнін білген дұрыс шығар, екінші жағынан: мұнда қауіп бар. Қауіп болғанда, табынушылық пайда болады ма деген қауіп.
Ширек ғасырға жуық ел басқарған Дінмұхаммед Қонаевтың қарындасы Сара Ахметқызы Димекеңнің туған күн тойлау үрдісін былай есіне алды.
Сара Қонаева, қарындасы:
- Мерейтойлық дата болады ғой, 70-60 жыл деген. Сондай кезде көп кісі жиылатұғын. Бірге жұмыс істеген адамдар, жолдас-жоралары келетін. Ал былай күндері өзіміз туыстар ғана жиылатұғынбыз. Өзіміз-ақ атап өтетінбіз. 70 жылдығы әжептәуір өтті. 60 жылдығы өзінің дачасында өтті. Ал 80 жылдығында енді ол кісі онда жұмыс істеген жоқ. Өзіміз үйде 10-15 адам жиылып, сөйтіп туған күн өткіздік. Былай үлкен-үлкен тойлар жасаған жоқ.
Орталық Азия мемлекеттерінің президенттері тәуелсіздік алғандарына бір мүшел толғанда тосын мінез танытты дейді Коммунистік партияның серкесі Серікболсын Әбділдин. Елдің бас басылымы болып есептелетін «Егемен Қазақстан» газетінің шілденің 6-сы күнгі санында президент Н.Назарбаевтың 14 суреті басылып, туған күн мерекесіне газеттің 4 бірдей беті арналыпты.