Компания бейсенбіден кешіктірмей 3,4 миллиард доллар салық төлемдерін өтеуі қажет, олай болмаған жағдайда Салық министрлігі ЮКОС-тың акцияларын тартып ала бастайды. Соңғы түскен мәліметтерге қарағанда, ЮКОС-тың бұрынғы басшысы Михаил Ходорковский билік жағына мұнай алыбын құтқарудың жаңа бір ұсынысын жасаған сияқты.
Шын мәнінде ЮКОС компаниясын құтқару үшін қалған мерзім азғантай-ол бүгін - бейсенбіге дейін ғана. 2000 жылдың салық қарыздары 3,4 миллиард долларды төлеу- компанияны банкротқа тікелей апаратын жол дейді мамандар мен бақылаушылар. Сәрсенбі күні "Файнаншл таймс" газеті ЮКОС-тың бұрынғы басшысы Михаил Ходорковский өзінің әріптестерімен бірге Менатеп деп аталатын басқа компания арқылы ұстап отырған ЮКОС-тағы үлестерінің 44 процентін немесе оның барлығын беруге ұсыныс жасады деген мәлімет жариялады.
Оның есесіне компания өкілдері биліктен ЮКОС-тың есеп-шоттары мен мүліктерін тұтқындаудан босатып, салық қарыздарын өтеуге үш жыл мерзім берілуін сұрап отыр. Биліктің айтуынша, ондай салық қарызы қазіргі күні 7 миллиард долларға жақындап қалған көрінеді.
Әзірге Ресей үкіметінің шенеуніктерінен мұндай ұсынысты алғандықтары турасында ешбір қимыл-әрекет байқалмайды. Ал сейсенбіде биліктің мұндай келісімдерге баратын, бармайтындығы жөнінде жеткен деректер әрқилы болған еді. Ең алдымен Ресейдің салық министрінің бірінші орынбасары Сергей Шаталов ЮКОС-қа қарыздарын өтеу үшін көбірек уақыт беру керек еді деген пікірді айтып қалған болатын. Бірақ та одан кейін Ресейдін Бас прокуроры Владимир Устинов "Эхо Москвы" радиосында сөйлеген сөзінде ЮКОС-тың алдында бұдан басқа да салық талаптары турасындағы айыптаулар кейінгі жылдары да туындауы мүмкін дегенді айтқан:
-Сіздер білсеңіздер, бұл бір күрделі түйін сияқты. Мен бұл істің басы бар деп айтамын және оның аяғын көру өте қиын. Біз істі қарау барысында ЮКОС-тың табыстары тым көлемді қомақты екенін көрдік, демек оның салықтарды төлей алатындай мүмкіндігі бар, Высоцкий айтқандай, "Зина, ақша қайда?" деген сұрақты мұнда да қоюға болады,-дейді Бас прокурор.
Осындай ұсыныс-әрекеттерден болу керек, сәрсенбі күнгі саудада ЮКОСтың акциялары біршама қымбат бағамен сатылған.
Ал сарапшылардың бұл тұрғыдағы ой-пікірлеріне құлақ түрсек, ол сәл басқашалау. Маскеудегі "Үштік диалогы" деп аталатын инвестициялық компанияның басшысы Джеймс Фенкнер мұндай істен ең соңғы сәтте бірнәрсе күту тым аңғалдық болар еді дегенді айтады: -Бұны жасай отырып, Кремль басқа олигархтарға бұл арада жауапты олар емес, мемлекет деген жайды аңғартып отыр. Бұдан ендігі жерде мемлекет олигархтардан күшті дегенді ұғуға болады, қоршаған орта соңғы онжылдықтағыдан басқаша. Бұл реттте Ходорковский ісін қысқартар болса, менің ойымша, президент Путин өзге қаржы алыптарына керісінше үлгі көрсеткен болар еді, демек олар да өз проблемаларымызды осылай шешу мүмкін екен ғой деген ойға қалады,-дейді Джеймс Фенкнер.
Ходорковскийдің жақтастары мен қолдаушылары болса, Ходорковскийге тағылып отырған айыптар мен оның компаниясына қарсы қозғалған бұл істердің бәрінің де саяси астары бар деп есептейді. Өйткені ЮКОС басшысы Ресей президенті Вл. Путинге оппозициядағы патияларға қолдау танытқан болатын дегенді айтады. Мұндай сыни пікірлер Ресейден тыс тараптардан да айтылған болатын.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы сәрсенбі күні Ресей үкіметі ЮКОС-қа қатысты ерекше бір қатал заң талаптарын қолданып отыр, мұндай салық айыптарын миллиондаған азаматтар мен компанияларға да қарсы тағуға болады деп айтты.
АҚШ мемлкекеттік департаментінің өкілі Ричард Баучер де сейсенбі күні ЮКОС пен Ходорковский ісіне байланысты алаңдаушылық танытты.