“Ассанди таймс” газеті алдыңғы жұмада сот төрешесі Қазақстаның жоғары лауазымды адамдарына пара берді деп айыпталып отырған Джеймс Гиффеннің қорғаушыларына Орталық барлау қызметі мен Мемлекеттік департаментнің құпия құжаттарымен танысуға рұқсат бергенін хабарлайды. Газет мәліметтеріне қарағанда, қорғаушылар бұл құжаттар арқылы “қоғамдық өкілеттілік” мәселесін көтеруге мүдделі. Яғни, егер айтыпталушының қылмысты АҚШ билік өкілдерінің мақұлдауымен жасағаны расталса, онда “қоғамдық өкілеттілік” деген ұғым күшіне енеді де, Гиффен “иммунитетке ие бола алатындығын” сот төрешісі де айтыпты. Сол себептен, “адвокаттар Гиффен Орталық барлау қызметі, Ұлттық қауіпсіздік кеңесі, Мемлекеттік департамент пен Ақ үйдің қолдауымен іс-әрекет жасады дегенді діттеп отыр”, - дейді “Ассанди таймс” газетінің Нью-Йорктегі тілшісі Марлена Телвик. Оның айтуынша, әзірге 63 жастағы Джеймс Гиффен Қазақстанның бұрынғы пермьер-министрі Нұрлан Балғымбаев пен президент Назарбаевқа 1995-1999 жылдары шетел шенеуніктерін сатып алуға тиым салатын американ заңын бұзып ақша мен қымбат бұйымдар түрінде 78 миллион доллар пара берді деп айтыпталып отыр.
“Сөз” газеті айыптау қорытындысында Назарбаев, Балғымбаев және оның қыздары мен туыстарының аттарына тіркелген оншақты оффшорлы компаниялардың аттары аталатындығын тілге тиек ете отырып, олардың арасындағы ақша ағымдарының бағытын көрсететін АҚШ-тың өкілетті органдары әзірлеген схема үлгісін береді. “Мәселен, Гиффеннің Havelon компаниясынан Назарбаевтың Orel шотына бағытталған көк сызық 57, 750 деген соманы көрсетеді. Яғни, бұл президенттің шотына 57 миллион 750 мың доллар аударылғанын білдіреді. Бұл ақша ол қаза болған жағдайда қыздарына мұраға қалады”, - дейді “Сөз” газеті. Сонымен бірге газет бұл тізбекте стратегиялық жобалау және даму бойынша агенттіктің аты аталатындығын байқаған. Газеттің хабаралауынша, “бұл мемлекеттік мекеме парадан түскен ақшаның біраз бөлігін 1998-1999 жылдары Назарбаевтың сайлауына қызмет еткен американдық пиар-кеңесшілер мен Гиффен және Назарбаевтың адвокаттарына беру үшін жинақтап отырған”. “Сөз” газеті АҚШ прокуратурасының бұл істі кеңейтуді көздеп отырғандығын жеткізеді.
“Айқын” басылымы соңғы санында “Ораз Жандосов – жұмысыз” деген мақалада Жандосов монополияға қарсы агенттікті басқарған уақытта “мемлекет мүддесіне орай шетелдік ірі кәсіпорындарға қарсы шығып, олардың артық пайдаларын мемлекетке қайтаруға байланысты өткен соттарда жеңіп шыққан болатын” деп еске алады.
“Өз тілегімен босатылды” деген мақалада “Новое поколение” газетінің тілшісі Ораз Жандосовтың жұмыстан кетуін Шетел инвесторлары кеңесінің соңғы отырысындағы жанжалмен байланыстылығын жоққа шығармағандығын хабарлайда. Шетел инвесторларының соңғы отырысында Еуразиялық өнеркәсіп тобының жетекшісі Александр Машкеевич монополияға қарсы агенттікті сынға алған боалтын. “Оған қоса бұл мекеменің қызметі үкіметтің бағытымен қайшылыққа аз түспеген. Ал оның үкіметтің қарамағына қайтарылуы билік органдарының қызметін бірізділікке әкелуі тиіс”, - дейді газет тілшісі.
“Экспресс К” газеті Ораз Жандосовтың мемлекеттік қызметте жүріп, белсенді түрде саяси қызмет те атқарғандығына назар аударады. “2001 жылы Қазақстанның демократиялық таңдауы қоғамдық қозғалысының құрылтайшыларының бірі болған ол 2002 жылдан бастап буржуазиялық-либералды “Ақ жол” партиясының тең төрағасы”, - деген сипаттама береді “Экспресс К” газеті монополиға қарсы агенттіктің бұрынғы басшысы Ораз Жандосовқа.
Ораз Жандосовтың өзі “Ассанди таймс” газетінде бұл оқиғада агенттіктің табиғи монополияларға қарсы қатаң позициясы роль ойнағанын айтады. Оның сөзінде қарағанда, “агенттіктің тиімді қызметіне көңілдері толмаған ойыншылардың бірі – Еуразиялық өнеркәсіп тобы”.
Ал “Сөз” газеті болса, Машкеевичтің өзінің қарамағындағы Азматтық-аграрлы партияның тізгінін президенттің саяси мәселер бойынша кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаевқа сеніп тапсырудан ең соңғы сәтте бас тарқанын жазады. “Сонда Машкевич кімнің бетін қайтарды: президенттің кеңесшісінің бе, әлде президенттің өзінің бе? Бұл шетел азаматы Машкевичтің кезінде президенттің кеңесшісі болған Гиффен сияқты бүгін Қазақстанда өзінің дербес саяси жұмысын жүргізіп отырғандығын көрсетпей ме? ” деген сауалдар тастайды “Сөз” газеті алғашқы бетінде.