Accessibility links

Баспасөзге шолу. 07-13-2004


Республикалық газеттердің соңғы сандарында “Ақ жол” партиясының теңтөрағасы Алтынбек Сәрсенбайұлының тосыннан Ақпарат министрі болып тағайындалуы айтылса, келесі бір басылымдарда осы партияның келесі бір теңтөрағасы Ораз Жандосовтың мемелкеттік қызметтен кенеттен кетуі сөз болады. Сонымен қатар “Ақ жол” партиясының үшінші теңтөрағасы Болат Әбілов те назардан тысқары қалмайды.

Ақпарат министрі Алтынбек Сәрсенбайұлының жаңа қызметке келуіне байланысты “Егемен Қазақстан” газетінде мәлімдемесі жарық көріпті. Онда ол өзінің мұндай шешім қабылдауын алда келе жатқан паралменттік сайлау науқанымен байланыстады. Сәрсенбайұлы өзінің тәжірибесі мен күш-жігерінің сайлаудың адал, ашық және әділ өткізілуіне жұмсалады деген сенімін білдіріпті. Сонымен бірге министр жаңа қызметте жуырда құрылған демократияландыру мен азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі Ұлттық комиссияның жұмысына да ат салысатындығын хабарлаған.

Алтынбек Сәрсенбайұылының пікірінше, жалпы демократия стандарттары мен Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне сәйкес келетін БАҚ туралы жаңа заң жобасы әзірленуі тиіс. Оның пікірінше, мұндай құжат журналистер қауымы мен қоғамдық-саяси күштердің қатысуымен әзірленіп парламентке ұсынылуы тиіс. Алтынбек Сәрсенбайұлы “Егемен Қазақстан” газетіндегі өзі мәлімдемесінде: “Мұндай күрделі шешімді қабылдауыма “Ақ жол” партиясы саяси атқару комитетінің осы кезеңде менің мемлекеттік қызметке орлауымының қажеттігі туралы қаулысы себеп болып отыр”, - депті. Сондай-ақ ол “Ақ жол” партиясының теңтөрағасы болып қала беретіндігін мәлімдепті.

“Мұндай жағдайда сіз бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өз партияңыздың мүддесін күйттеп кетпейсіз бе?” деген “Экспресс К” газетінің сауалына ол өзінің қызмет бабын пайдаланбайтындығын айта отырып, “бірақ сайлау қарсаңындағы жағдайда барлық партияларға бұқаралық ақпарат құралдарын бірдей пайдалануға мүмкіндік жасауға тырысамын”, - дегенді алға тартыпты. Ол “Экспресс К” газетінде мұндай қадамға ойланып барғанын, себебі, бұл мәселенің “бүгін немесе кеше ғана талқыланбағанын” айтады. Алайда, Алтынбек Сәрсенбайұлы мемлекеттік қызметке қайтып оралу жоспарында болмағанын хабарлайды.



Ал “Начнем с пондельника” газеті болса, “Ақ жол” партиясының келесі бір теңтөрағасы Ораз Жандосовтың Монополияға қарсы агенттік басшылығынан кенеттен кетуіне назар аударыпты. Газеттің айтуынша, оның қызметтен кетуі агенттіктегі қайта құрылу жұмыстарына байланысты деп көрсетеліген. “Алайда, әлі күнге дейін тікелей президентке бағынышты агенттіктегі құрылымдық өзгерістер жөнінде еш хабарланған жоқ”, - дейді “Начнем с понедельника” газеті. Тек басылым отставкаға кеткендердің ішінде Ораз Жандосовпен қатар оның орынбасары Жаннат Ертілесованың “Ақ жол” партиясының негіз салушылары екендігіне назар аудартыпты.



“Жас алаш” газеті Азаматтық партия жетекшісі Азат Перуашевпен сұқбатта Ораз Жандосовтың қызметтен кетуіне Еуразиялық өнеркәсіп тобының басшысы Александр Машкевичтің әсері болды деген мәселені көтереді. Газет тілшісінің пікірінше, “Машкевич өзінің кәсіпорындары үшін керек болғандықтан, мемлекет басшысының алдында мәселе қойып, Жандосовтың қызметтен кетуіне ықпал еткен”. Алайда, Азат Перуашев мұндай пікірмен келіспейтіндігін білдіріп, “президент біреу айтты екен деп, шешім қабылдай салатын қуыршақ емес қой”, - дегенді айтады. Оның пікірінше, “Жандосов өз тарапынан ұсыныс айтқан. Ал Машкевич тек пікірін ғана білдірген”.

Ал “Ақ жол” партиясының үшінші теңтөрағасы Болат Әбілов “Алтын орда” газетінің назарына... өзінің үстінен қозғалған қылмыстық іспен емес, бұрынғы коммунист Борис Сорокиннің парламентте қалуымен ілігеді. “Осыдан екі жыл бұрын партиялық тізіммен өткен Болат Әбіловтің өкілеттігін тоқтату мәселесі шешілер кезде мәжіліс депутаттары қиыс тартпай, өз әріптестерінің тағдырын оп-оңай шешкен. Бүгін не болып қалды? Мүмкін, Әбіловтен Сорокиннің артықшылығы бар ма? Басқа емес, артықшылығы бар деумен келісуге болады”, - дейді “Алтын орда” басылымы. Алайда, нендей атықшылық екендігі басылымда беймәлім күйінде қалыпты.
XS
SM
MD
LG