Accessibility links

Қазақстан Демалыс орындарына дәулеттілер барады


Мамандардың айтуынша, Көкшетау мен Қостанайдағы қарағайлы орманға орналасқан шипажайларға, Павлодардағы Мойылды, Батыс Қазақстандағы Ақжайық, Қызылорданың Жаңақорған ,Алматының Көктем, Қарғалы демалыс орындары қонақтарға лық толы, сондықтан ол аймақтарға жолдама табу өте қиын көрінеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты қызметкері Жаңбырбай Махметов өзінің туған өңірі Қостанайда демалғанды жөн көріпті. Ал, ішкі істер министрлігінің қызметкері Нұрмұхамед Кәрібаев оңтүстік аймақты аралап қайтыпты. Қазір еңбек демалысында жүрген астаналық мемлекеттік қызметкер Жамболат Ағыбаев та осы Қостанай өңірінің Обаған ауданында туып өскендіктен туған жерден өз аулыңнан асқан демалыс орны жоқ дейді. Төретай есімді жігіт демалысымда ауылымдағы ағайындарыма барып, қайтыс болған аталарымның басына дұға оқып, балаларыммен Бурабайға барамын дейді. Орта жастан асқан бірнеше кісілердің пікірін сұрағанымызда қазір автобустар мен пойыздарда халықтың көптігіне байланысты саяжайларында жеміс-жидек, көкөністерін баптап, қысқа дайындалғанды дұрыс көретіндіктерін айтты. Астана тұрғындары қаланың шуылынан тынығып қайтатын уақытты жыл бойы күтсе,Астанаға келіп демалғанды ұнататындар да бар екен . "Ақмола-турист" акционерлік қоғамының менеджері Гүлмира Бекмағамбетованың айтуынша, шипажайдағы жазғы демалыстың әр балаға орташа құны 17 мың 200 теңгеге түссе, үлкендерге 10 күнге 25 мың теңге көлемінде қаражат қажет көрінеді. Ал, қала іргесіндегі ең арзан «Қорғалжын» қорығындағы демалыс базасындағы бір орынның орташа бағасы тәулігіне 600 теңге тұрады.

Қала тұрғыны Туризм және спорт агенттігінің қызметкері Ескермес Иманбаев Қазақстандағы өте жайлы мекендердің ғажап шұрайлы өлкелердің көптігін, бірақ олардың шалғайда орналасқандықтан туризм мен демалыс орындарына айнала алмай жатқандығын айтады.Ал, «Астанаға жақын демалыс орындарының қызығын осындағы шенеуніктер көріп отыр»,-дейді "Ақмола-туристің" менеджері Гүлмира Бекмағамбетова осы кәсіпорын арқылы жылына он мыңдай адам демалыс орындарына жолдама алатындығын айта келіп, келушілердің тек қана Бурабай, Мойылды, Сарыағашты ғана білетіндігін. Ал алыс шетелден келген қонақтардың мүлдем хабарсыз екендігіне тоқтала келіп, басқа демалыс орындары мен шипажайлардың инфрақұрылымы дамымай отырғандығын айтты Гүлмира Бекмағамбетова. Шымкенттік Ербол Қалдаров: «Шипажайлардың ақысы қарапайым жұрттың қолы жететін бағада болса екенә,- дейді. "Ақмола-турист" орталығының берген мәліметіне қарағанда, Қазақстандағы ең арзан санатория Сарыағаш пен Манекнттегі қарапайым орын бір тәулікке 1200 теңге алады. Мерке,Жаңақорғанда 1500, Мойылды мен Көктемде – 2000 мың теңге, Алатауда – 6950 теңге тұрады. Ал Бурабайдағы Оқжетпес, Приозерный, Алмаз шипажайларындағы 2-4 адамдық люкс орындарға тәулігіне 14-17 мың теңге түсіп тұр. Қазір барлық жердегі шипажайлар жеке адамдардың иелігінде болғандықтан олардағы түрлі қызмет бағаларын сондағы жеке кәсіпкерлер қояды.
XS
SM
MD
LG