Accessibility links

Журналист Бигелді Ғабдуллин саяси баспанасын тастап, еліне оралды


«Новое поколение» және «21 ғасыр» газеттерін шығарушысы және бас редакторы болған белгілі тәуелсіз журналист Бигелді Ғабдуллин үш жарым жылдан кейін туған елі – Қазақстанға оралды. Бигелді Ғабдуллин 2001 жылдың ақпан айында Қазақстаннан қашып, АҚШ-тан саяси баспана сұрайды. Бигелді Ғабдуллин үш жарым жылдан кейін Қазақстанға оралуына ең алдымен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көмегі тигенін айтады.

Бигелді Ғабдуллин бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өтізген баспасөз мәслихатын «Туған жерге оралу» деп атады. Ол өзінің алғаш рет Қазақстанға келгеннен кейін әріптестері, ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуді туған жері Астана қаласында өткізуге ниет танытыпты. Сонымен Бигелді Ғабдуллин үш жарым жылдан соң Қазақстанға оралуымның басты себебі Қазақстан демократияға қарай көш түзей бастады. Туған жерім Астананың өзі адам танымастай өзгеріп кетіпті. Осының барлығы тек жақсылықтың нышаны деп білемін, – дейді.

Сонымен қатар Бигелді Ғабдуллин Оашингтонда жүргенде үнемі Ресей тіршілігін көрсететін телеарнаны көретіндігін айтады. Сол телеарнадан Ресейге бұрынғы ТМД мемлекеттерінен аз ғана ақшаға жалданып, тіптен құл болып жұмыс істеп жатқандарды көрсетеді. Бірақ солардың ішінен Қазақстаннан қара жұмыс істеуге кеп жатыр деген бірде-бір азаматты көрмедім, – дейді Бигелді Ғабдуллин. Оның айтуынша, керісінше Орталық Азия мемлекеттерінен жұмыс істеуге Қазақстанға ағылып кеп жатыр. Бигелді Ғабдуллин өзінің Қазақстанға оралуына ең алдымен себепкер болған Қазақстан президенті екендігін айтты. Ол сонымен қатар Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Қанат Саудабаевқа үлкен алғысын білдірді.



Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері тарапынан енді алдағы уақытта не істемек ойыңыз бар деген сұраққа Бигелді Ғабдуллин өзімнің сүйікті кәсібім журналистикамен айналысам,– деп жауап берді. Бигелді Ғабдуллиннің «Туған жерге оралу» деген атпен өткізген баспасөз мәслихатында журналистер тарапынан «осы уақытқа дейін Президенттің іс әрекетін сынап келіп, енді басқаша сөйлей бастағаныңызға әріптестеріңізден ұялмайсыз ба», – деген сұрақтар да қойылды. Ал оған Бигелді Ғабдуллин «Мен Америкада жаман өмір сүрген жоқпын. Бірақ маған туған жерімнің жусаны қымбат» деп жауап берді. Сонымен қатар Бигелді Ғабдуллинге журналистер тарапынан Қазагейт шатағына қатысты, бұрынғы Үкімет басшысы қазір шетелде жүрген Әкежан Қажыгелдинге қатысты да сұрақтар қойылып жатты. Қажыгелдинге қатысты, ол мен ешқашан Қажыгелдинді кінәлаудан аулақпын. Ол біртуар азамат, алайда ондағы кемшілік ол елге азаматтық қозғалыс арқылы билік жүйесін өзгертем деді. Сонымен қатар оның Қазақстанға жұмсаған ақшасы тиімді жұмсалған жоқ,– деп жауап берді. Ал Қазақгейтке қатысты Американың әділет минитсрлігі Американың азаматына қатысты қылмыстық іс ашты. Олар ешқашан Қазақстанның азматын соттай алмайды,– деп жауап берді.
XS
SM
MD
LG