Бұл Кентау қалалық жұқпалы аурулар емханасының бас дәрігері Жолдыбай Құрбанбековтің сөзінен мәлім болды:
- Расында да, олардың дене қызуы көтерілгеннен кейін безгек ауруы ма деп қауіптеніп, бірден тексердік. Шынында да, қан құрамында бар екен. Жедел түрде ауруханаға жатқыздық.
Ол науқастар безгек ауруын ауған елінде жұқтырған деп есептейді:
- Сол жақта ауырған. Мында келіп, қайтара ауырып қалды. Ол жақ безгек ауруына қатысты қолайсыз аймақ болып есептеледі.
Дәрігердің сөзіне қарағанда, аурудың таралу ошағы Қазақстанда жоқ. Сол себептен, ауру Қазақстанда эпидемиялық сипат алады деп қауіптенуге болмайды. - Анофис деген, қазақта сары маса деп те атайды, сол ғана жұқтырады. Басқалар жұқтырмайды. Қазір эпидемиолгтар зерттеу жүргізіп жатыр. Әзірге ондай маса табылған жоқ. Дәрігер Құрбанбеков Ауғанстаннан келген оралмандардың өзі елдерінде дұрыс ем алмағанының салдарынан қайтара ауырып отыр деген ойда:
- Ол жақта ауруханаға жақтызбайды, қолдарына дәрі-дәрмек ұстата салады дейді. Оған қоса ол жақта ауру таситын маса бар. Бір-біріне жұқытырады.
Қазір Кентау қаласындағы Ауғанстаннан келген барлық оралманда дәрігерлердің қарауында:
- Әр отбасына бір дәрігер мен медбикеден бөілініп берілген. Олар күніне екі мәрте оларды тексеріп, қадағалап отырады. Жалпы бүгінде Кентауда Ауғанстаннан келген 246 оралман, 54 отбасы өмір сүріп жатыр дейді Кентау қалалық әкімшіліктің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқарамасының директоры Сұлтан Жабанов:
- Оларға үлкен жағдай жасалған. Пәтерлер берілген. Алғаш келгенде ең қажетті деген тұрмыстық заттармен тегін қамтамасыз етілген.
Оның сөзне қарағанда, оралмандар Қазақстанға келгенде медициналық тексеруден өткен.
- Барлығы келгенде толық тексерістен өтті. Қазір өздері баратын емхана дәрігерлері мен медбикелері тексеріп жүр. Алайда, Сұлтан Жабанов оралмандардың арасында безгек ауруымен науқстанғандардың бар екендігінен бейхабар. Кентау қалалық жұқпалы ауралар емханасының бас дәрігері Жолдыбай Құрбанбеков безгек ауруларының дене қызуы болмаса, сап-сау деуге болады дейді. «Нормально бәрі. Просто дене қызуы болғаннан кейін емдеп жатырмыз» Оның айтуынша, жылына әлемде 1 миллионан артық адам безгек ауруына шалдығады.