Accessibility links

«Ақ жол» партиясының теңтөрағасы Болат Әбіловтің Парламент депутаттығына үміткерлігі туралы құжаттар Орталық сайлау комиссиясында қаралуда


Жұма күні «Ақ жол» партиясының теңтөрағасы Болат Әбілов Парламент Мәжілісіне Астана қаласының № 2-ші жеке мандатты округі бойынша депутаттыққа кандидат ретінде құжаттарын өткізген болатын. Болат Әбіловтің сөзіне қарағанда, окпугтік сайлау комиссиясында бастапқыда оның құжаттарын алмай қойған:

- Сонан кейін сайлау комиссиясының төрағасы келіп: «Сен Алматыдансың. Астанаға неге құжаттарыңды өткізесің?» - деді. Мен Қазақстан азаматы ретінде мемлекетімнің қай жерінен депутатыққа түссем де өз еркімде екендігін айттым. Ол Констиуцияда жазылған.

Енді тек тіркелгенім жөнінде құжаттарымды алу қалды дейді Болат Әбілов:

- Маған дүйсенбі күні телефон шалып, тіркелу жөнінде құжат қашан дайын болатындығын хабарлайтындықтарын айтты. Сосын барып, құжаттарымды аламын.

Ал Орталық сайлау комиссиясының ақпараттық-сараптамалық бөлімінің басшысы Григорий Кулеш болса, Болат Әбіловтің құжаттары қаралып жатыр, «егер олар дұрыс болып шыққан жағдайда ғана ол тіркеуден өте алады», - дейді.

Егер естеріңізде болса, шілденің 27-сі күні Алматы қаласының Бостандық аудандық соты Болат Әбіловті шартты түрде 1 жарым жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған болатын. Осыған орай Григорий Кулеш былай дейді:

- Менің білуімше, ол бұл соттың үкіміне орай шағымданбақ. Егер жоғары тұрған сот алдыңғы сот шешімін мақұлдаса, онда шешім күшіне енеді.

Ал мұндай жағдайда, яғни, «тіркелу кезінде сотталғаны алынып тасталмаған адам тіркелуге жатпайды. Бұл - заң қағидасы», - дейді Орталық сайлау комиссиясының қызметкері.

Болат Әбілов болса, қазір аппеляциялық шағым беруге құжаттарын әзірлеп жатқандығын айтты:

- Тамыздың 14-15-терінде құжаттарымды Алматы қалалық сотына беремін. Онда олар ақылдасып, шешім шығарады.

Ол Алматы қалалық сотының қандай шешім шығаратындығын білмей екіұдай күйде екендігін жеткізді:



- Білмеймін соттың қандай шешім шығаратындығын. Егер қалалық сот бұрынғы шешімді күшінде қалдырса, мені сайлаудан алып тасайды. Егер мені ақтаса, онда сайлауға қатысамын. Парламент мәжілісінің заңнама және сот реформасы комитетінің мүшесі Валериян Землянов:

- Заң бұзған азаматтың депутат болуға қақысы жоқ... Заң бұзған үшін де, бос сөйлегені үшін жауап беруге тура келеді. Бұл ойымның Болат Әбіловке де қатысы бар.



Парламент мәжілісінің заңнама және сот реформасы комитетінің мүшесі Мұхтар Тінекеев:



- Сотталғаны алынып тасталмаған азаматтың сайлауға қатысуға қақысы жоқ.

Парламент мәжілісінің мүшесі Серікбай Әлібаев:

- Болат Әбіловтің кінәлі екендігі дәлелденген жоқ. Сондықтан, қалалық сот аудандық сот шешімін тоқтатуы мүмкін. Қалалық сот шешімін күтіп отырмай, Болат Әбіловтің құжаттарын тапсырғанын құптаймын.

Болат Әбілов, «Ақ жол» партиясының теңтөрағасы:

- Егер Алматы қалалық соты аудандық сот шешімін күшінде қалдырса, Жоғары сотқа шағымданамын!
XS
SM
MD
LG