Зәуреш Батталова, Парламент Сенатының депутаты:
- Тамыздың 6-сы күні әкімшілік комиссиясы жұмысын жүргізіп, Жақияновтың құжаттарын сотқа жіберіп, оны тәртібі жеңілдетілген колонияға жіберу керек деген қорытындыға келген. Тамыздың оны күні таңертең сағат онда Әулиекөл аудандық соты Құсмұрынға келіп, сот өткізді. Сөйтіп, Ғалымжан Жақиянов тәртібі жеңілдетілген колонияға ауыстырылады деген шешім шығарды Осыдан кейін тамыздың оны күні ол жедел түрде Қостанайға жөнелтілген.
Зәреш Батталова:
- Қостанайда бір-екі күн СИЗО-да болады. Содан кейін оны Павлодарға жібереміз деген мәлімет беріп отыр.
Алайда, осы тұста Ғалымжан Жақияновтың құқығы тағы бұзылды дейді сенатор.
- Қылмыстық атқару жүйесі талаптары бойынша Ғалымжан қай жерде тұтқындалды сол жерге жіберілуі керек болатын. Естеріңізде болса, 2002 жылы Ғалымжанды тұтқындағанда ол Алматы қаласында еді. Ол осында тіркелген. Отбасы да Алматыда. Алайда, Республикалық қылмыстық-атқару жүйесі заңды бұзып, оны Павлодарға әкеткелі жатыр. Сондықтан, Ғалымжан Жақиянов тамыздың тоғызы күні өз қолымен жазып, депутаттың қолына үш арызды тапсырған:
- Бірінші колонияның бастығы Сергей Жадьконың атына жазылған хатты колонияның іс қағаздар бөліміне апарып тіркетіп кеттім. Екінші Әулекөл сотының атына жазылған хатты сотқа апарып, тіркеттім. Үшіншісі прокуратураға арналған. Онда Жақиянов: «Мені тұтқындалған әрі қазір отбасым тұратын жер, яғни, Алматыға жіберуіңізді өтінемін. Егер бұл өтініш орындалмаса, Құсмұрын түрмесінің маңындағы колонияға ауыстырыңыздар», - деп жазған.
Сенатор Батталова Ғалымжан Жақияновтың өтінішінің ескерілмей, оның Павлодарға ауыстырлуы себебін былайша түсіндіреді:
- Егер Ғалымжан Жақиянов Алматыға барса, онда онымен көптеген адамдар кездесе алады. Отбасы қасында болады. Билік осыдан сескеніп отыр. Оны енді Павлодарға жібергенде, сол өңірдегі бір ауданындағы түкпірдегі мекемеге жібереді.
Қазақстан республикалық атқару-қылмыстық жүйесі комитетіне хабарласқанымызда, бұқарамен байланыс басқармасы төрағасының орынбасары Серік Бәкіров Ғалымжан Жақияновтың қатысты аудандық сот үкімімен таныс еместігін білдірді:
-
Қашан қарағанын... Бізде ондай ақпарат жоқ. Соттың мәселесі - біздің құзырымыздағы мәселе емес.
Сондай-ақ «Қылмыстық атқару жүйесі талаптары бойынша қамаудағы азамат қай аумақтағы (тұтқындалған, яки сотталған жерінде) тәртібі жеңілдетілген колонияға ауыстырлуға мүмкіндігі бар?» деген сауалаға да жауап болған жоқ.