Accessibility links

Қарашаның 1-не дейін «Бұқаралық ақпарат құралдары» туралы заң жобасын әзірлеу бойынша құрылған жұмысшы тобы жобаның бір нұсқасын әзірлеуі тиіс


“Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” жаңа заң жобасы Қазақстанда сөз бостандығын қамтамасыз ететін болады дейді Ақпарат министрі Алтынбек Сәрсенбаев.

Алтынбек Сәрсенбаев, Ақпарат министрі:

- Жаңа заң жобасының мақсаты – баспасөз ққралдарының аузындағы тығынды алып тастау. Мемлекеттік оргаандар тарапынан жасалатын зорлық-зомбылықтарға заң жүзінде тиым салу, журналистердің жауапкершілігін арттыру, Қазақстанда сөз бостандығын дамытуға нақты объективті жағдайда дамытуға жағдай жасау. Тамыздың 9-ы күні жаңа заң жобасын әзірлейтін жұмысшы тобының құрамын бекіткен Ақпарат министрінің қаулысы жарық көрді. Онда журналистердің басты құжатын әзірлеуге Қазақстандағы түрлі қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік орындардың өкілдерінен құралған 38 адам кіргені көрсетілген. Олар қандай принцип бойынша таңдап алынды деген сауылымызға Ақпарат министрі бұл орайда алдын-ала жұмыстардың жүргізілгендігін тілге тиек етті:

- Біріншіден біз партия басышларына өтініш қағаз жібердік. Солардың арасынан жұмысқа қатысуға мүдделілік білдіргендер қосылды. Екіншіден, барлық ақпарат құралдарына хат жібердік. Солардың арасынан жұмысқа қатысуға ниет білдергендерді қостық. Сонымен бірге баспасөзге қатысы бар саясаткерлер мен заңгерлерге де хаттар жіберіп, олардың келісімін алып, оларды да жұмысқа тарттық.

Тамара Қалеева «Әділ сөз» халықаралық қорының жетекшісі, жұмысшы тобының мүшесі:

- Жаңа заң біз көптен айтып жүргендей халықаралық стандарттарға сай болуы тиіс. Мәселен, бұқаралық ақпарат құралдарын тіркеу процедурасы рұқсат беру сипатында емес, есепке алу мазмұнында жүруі тиіс. Сонымен бірге ақпарат құралдарына тағылатын моральдық шығындар сомасы ақылға сиымсыз үлкен емес, нақты шектеулі болуы тиіс. Сейдахмет Құттықадам, тәуелсіз журналист, жұмысшы тобының мүшесі:

- Заңда қоғамдық телевизия мен газет құру мәселесі міндетті түрде ескерілуі керек. Мәселен, «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газетін жалпы ұлттық басылымдар етіп жасап, онда барлық елдің ойлары айтылуы тиіс. Ал «Хабарды» қоғамдық телевизияға айналдыру керек. Содан кейін бізде шамалы өзгерістер болады.

“Егемен Қазақстан” газетінің бас редакторы әрі жұмысшы тобының мүшесі Жанболат Аупбаев болса, әлі қаулымен таныс еместігін білдірді:

- Қағазды түсен кейін немесе ертең жібереді... Республикалық қоғамдық-саяси басылымның бас редакторынан жаңа жобасына қандай ұсыныстар енгізуді жөн санайтындығы жайында білгіміз келгенде ол өзінің сұқбат бермейтіндігін айтты:

- Мен мына саясатпен ойнамайтын адаммын. Мен таза журналистика мен шығармашылықтың адамын. Көп ешкімге сұқбат бермеймін. Ол үшін мені ешкім жазалай да, сынай да алмайды.

Азат Перуашев, Азаматтық партия төрағасы, жұмысшы тобының мүшесі:

- Қабылданбай қалған заң жобасында бірнеше қажет баптар бар. Соны қайта пайдаланымыз деген үмітіміз бар. Мысалы, журналист мен ақпарат құралының қожайыны арасындағы жағдай, берілген ақпаратқа журналистің жауапкершілігі бойынша... Ораз Жандосов, «Ақ жол» партиясының теңтөрағасы, жұмысшы тобының мүшесі:

- Біз бұрын ақпарат құралдары туралы заң жобасының бір нұсқасын әзірлеген болатынбыз. Енді сонда көрсетілген мәселелерді барынша пайдалауға тырысамыз.

Жұмысшы тобының алғашқы отырысы, Ақпарат министрінің айтуына қарағанда, оншақты күннен кейін болады. Олар қараша айына дейін жаңа «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң жобасының алғашқы нұсқасын жұртшылық назарына аударуы тиіс.
XS
SM
MD
LG