Парламент депутаты Төлен Тоқтасынов тамыздың 12-де Қостанайдағы абақтыда жатқан Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ғалымжан Жақияновпен кездеседі:
- Тамыздың 12-сі күні Ғалымжан Жақияновпен Қостанайда кездестім. Ол жалпы жағдайда бөлек камерада бір адаммен отыр. Ондағы жағдайына реніші жоқтығын өзі айтты. Түріне қарағанда, жағдайы дұрыс сияқты. Біраз әңгімелестік, сөйлестік. Әрине, менімен бірге Қостанай облыстық қылмыстық-атқару жүйесі басқармасының басты Булавин мырза болды.
Қостанай облыстық қылмыстық-атқару жүйесі басқарма бастығының сөзінен Жақияновтың тамыздың 16-сы күні Павлодарға қарай жол жүру мүмкіндігі белгілі болыпты:
- Қостанайдан этап тамыздың 6-сы, 16-сы, 26-сы күндері жүреді екен. Соған сәйкес Ғалымжан Жақияновты Павлодарға қарай тамыздың 16-сы күні әкетеді деген мәлімет бар. Ол Астанада арқылы кетеді.
Бұл ақпаратты Қостанай облыстық қылмыстық-атқару жүйесі басқармасының басшысы Александр Булавиннің өзі де толығымен растап отыр:
- Толығымен растаймын. Ол этаппен кетеді. Оның айтуынша, Қостанайдан тамыздың 16-да шығатын Ғалымжан Жақияновтың Астанадан Павлодарға қашан жіберілетінін айту қиын.
- Себебі, Астанадан этаптың шығу мерзімі белгісіз. Әзірге абақтыда отырған Ғалымжан Жақияновтың Қостанайға әкелінуін депутат Тоқтасынов заңсыз деп санап отыр. Естеріңізде болса, тамыздың оны күні Қостанай облысындағы Әулиекөл аудандық соты Құсмұрын түрмесінде жатқан Жақияновты тәртібі жеңілдетілген колонияға ауыстыру туралы шешім шығарады. Қылмыстық-атқару кодексінің 68-ші бабы бойынша ол жауапқа тартылған немесе тұрғылықты жеріне қоныс аударуға мүмкіндігі бар. Сот шешімі шығарылғаннан кейін оны бірден Қостанайға жіберген:
- Заң бойынша оны Құсмұрыннан тікелей этаппен Павлодарға жіберу керек болатын. Мұнда неге әкелгені белгісіз.
Тоқтасыновтың сөзіне қарағанда, Жақияновты Алматыға ауыстыру жөнінде тамыздың 11-і күні құжаттар Әділет министрлігіне өткізілді:
- Олардың арасында оның отбасының Алматыда тұратындығы жайлы анықтамалар бар...
Парламент депутаты Тоқтасынов Ғалымжан Жақияновты еркін қонысқа жеткізуде өз мүмкіндіктерін пайдалануына құқылы дейді:
- Заң талаптарына сай Жақиянов ұшақпен немесе поезд арқылы өз қаржысына қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерімен бірге көзделген жерге жете алады. Осы мәселені де біз көтеріп отырмыз.
Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық партиясының Қостанайдағы филиалының басшысы Игорь Колов:
- Ғалымжан Жақияновты тәртібі жеңілдетілген мекемеге ауыстыру жөнінде үкім шыққанымен, әзірге ол түрмеде жатыр,онымен кездесуге рұқсат берілмейді, қоғамнан толық оқшауланған. Сол себептен, тамыздың 11-і күні жиырма шақты адам Ғалымжан Жақиянов жатқан мекеменің алдында пикетке шыққан.
Тамыздың 12-сі күні пикетке шыққан Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық партиясы мүшелері қатарына Қазақстанның коммунистік партиясы мүшелері қосылып, барлығы 35-40 адам пикет ұйымдастырған.
Оның сөзіне қарағанда, Жақиянов жатқан Қостанайдағы абақты басшысы екі оппозциялық партияның Қостанайдағы өкілдерімен және 31-ші телеарнаның бір журналисімен кездесіп, бұл тәртіптегі ұйым болғандықтан, олардың онда мүлдем көрінбегені дұрыс деген сарында әңгіме өткізген. Сондықтан олар пикет кезінде ешқандай ұран көтермейді, ешқандай талап қоймайды.
Игорь Колов, Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық партиясының Қостанайдағы филиал басшысы:
- Тек үстімізге Ғалымжан Жақияновтың суреті бар ақ футболка кигенбіз.
Сол себептен, біздің жиынды үнсіз пикет десе де болады.
Дегенмен, олар Ғалымжан Жақиянов Қостанайдан кеткенше күнделікті өз лидерлері қамауда жатқан мекеме алдына жиналып тұруды жоспарлап отыр.