Accessibility links

Орталық сайлау комиссиясы теле пікірсайыстар өткізуге 1,5 миллион теңге бөледі


Қазақстандағы саяси партиялардың теле пікірсайысы тұңғыш рет тамыздың 20-ы күні «Хабар» телеарнасы арқылы өтеді деп нобайланып отыр. Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Владимир Фоос:

- Пікірталастар тамыздың 20-21 күні «Хабар» телеарнасында болса, тамыздың 27-28 күні «Қазақстан» телеарнасында пікірсайсыстардың кезекті бөлімдері өткізіледі деп топшыланып отыр.

Орталық сайлау комиссиясының ақпараттық-сараптау бөлімінің бастығы Григорий Кулеш:

Орталық сайлау комиссиясы жоспарлап отырған пікірталастар төрт тақырыпты қамтитын болады. Олар: экономика, жастар мәселесі, әлеуметтік блок және парламенттің ролінің маңызы. Владимир Фоос:

- Телесайыс қатысушылардың жауап беруі, 2 минуттық сөз жарыстыру, сұрақ қоюдан тұратын шығар. Оның жүру тәртібі, уақыт шектеулері Орталық сайлау комиссиясының қазір әзірлеп жатқан қаулысында көрсетіледі.

Григорий Кулеш:

- Пікірталастың өзіне әр хабар сайын 40 минут берілсе, оның ашылуы мен жабылуына 5 минуттан бөлінген. Пікірсайысқа Қазақстандағы 8 партия мен екі саяси блок қатысады.

Орталық сайлау комиссиясының қаржы бөлімінің меңгерушісі Қарлығаш Сыдықова:

- Саяси партиялардыңтелесайысына Орталық сайлау комиссиясы 1 жарым миллион теңге бөлініп отыр Ақпарат министрі Алтынбек Сәрсенбайұлының сөзіне қарағанда, Қазақстандағы парламент сайлауы қарсаңындағы телепікірсайыстар Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастыратын төрт хабармен шектелмеуі тиіс:

Ақпарат министрі Алтынбек Сәрсенбайұлы:

- Жаңағы айтылған төрт телесайыстан басқа тағы да кем дегенде үш телесайыс саяси партиялардың өз сайлау қорларының есебінен ұйымдастыру жоспарланып отыр. Сонымен бірге бүкіл теле-радиокомпанияларға сондай телепікірталастар ұйымдастыруға мүмкіндік бердік. Григорий Кулеш:

- Телесайыстар өткізілетін телеарна жетекшілерінің алдын-ала келісімдері алынды. Пікірталастар екі тілде: орыс және қазақ тілдерінде жүреді.
XS
SM
MD
LG