Парламент мүшелігіне үміткер Нұрлан Бәкірлановтың сенім білдірген өкілі Аян Бурабаевтың айтуына қарағанда, полиция қызметкерлері оны тамыздың 24-күні кешкі сағат сегіз жарым шамасында Алматыдағы Райымбек пен Сейфуллин көшелерінің түйіскен тұсында көлігімен кетіп бара жатқан жерінен алдын бөгеп тоқтатыпты.
- Мені олар қарумен тоқтатты, көліктен түсіп құжаттарымды, өзімнің депутатқа кандидаттың сенім білдірген өкілі екенімді дәлелдейтін куәлігімді көрсеттім. Полиция қызметкерлерінің талабы бойынша көлігімнің артқы жүк салатын бөлігін аштым, онда сайлаудың үгіт-насихат материалдары жатқан болатын. Олар «бұның бәрі заңсыз» деп жаңағы материалдарды, оған қоса менің құжаттарымды алып қойды да, маған соңынан ілесуге бұйырды. Мен көлігіме отырып, оларға ілесіп Жетісу аудандық ішкі істер басқармасына бардым. Онда келген соң полиция қызметкерлері мендегі кандидат Н.Бәкірлановтың үгіт-насихат парақшаларын тәркілейтінін айтып, хаттама толтыра бастады. Мен полиция басқармасында сағат түнгі 11-ге дейін болдым, - деді «Азаттық» радиосына Аян Бурабаевтың өзі.
«Өзімнің сенім білдірген өкілім үгіт-насихат қағаздарымен бірге полиция мекемесіне апарылғаны туралы хабар тиісімен сейсенбі күні кешкі сағат тоғызға таман дереу Алматы қаласындағы Жетісу аудандық ішкі істер басқармасына жеттім» дейді ҚР парламенті депутаттығына кандидат Н.Бәкірланов:
- Келсем құжаттар толтырып жатыр екен. Өзімнің кім екенімді айтып, куәлігімді көрсетіп болған соң сондағы полиция қызметкерінің өзінің кім екенін таныстырып, құжаттарын көрсетуді сұрадым. Бірақ, ол маған құжатын көрсетпей қойды, тек аты-жөнін ғана айтты – полиция аға лейтенанты Гасанов Ильмар Рахманұлы есімді учаскелік инспектор екен. Ол менің үгіт материалдарымды алатыны туралы хаттаманы аяқтап бола бергенде бір полиция майоры келді де: «тезірек толтырыңдар, қазір Алматы қаласы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитетінен өкілдер келеді, соларға тапсырамыз да, біздің іс тәмам» дегенді айтты.
Алайда бұл істі Алматы қаласындағы Жетісу аудандық ішкі істер басқармасынан «аудандық прокуратура жедел алып кетті» деп хабарлады полиция басқармасының анықтау бөлімінің бастығы, полиция майоры Ғинерат Айыпов:
- Материал бізге келіп түсті, бірақ Жетісу аудандық прокуратурасынан шұғыл келіп бізден оны алып кетті. Ол материалдар Қазақстан парламенті депутаттығына кандидат болып ресми тіркелген адамның көмекшісі таратып жүрген ғой, өз басым одан ешқандай қылмыстық құрам көрмей отырмын. Тек оларда еліміздің президентін ұятқа қалдыратындай біраз мәліметтер бар.
Біз осы мәселе бойынша Жетісу аудандық прокурорының көмекшісі Бақытжан Шынасылов мырзаға хабарласқанымызда ол кісі бұл істің Алматы қалалық прокуратурасына жолданғанын айтты.
- Мен оны әкеліп прокурордың орынбасарына бердім, ал ол әлгі істі қалалық прокуратураға алып кетті. Өз басым ол құжаттарда не жазылғанын, ана парақшаларда не айтылғанынан бейхабармын, оқығаным жоқ, - деді «Азаттық» радиосына Жетісу аудандық прокурорының көмекшісі Бақытжан Шынасылов.
Ал қалалық прокуратурадан сауалымызға жауап ала алмаған соң, әлгі парақшаларда қандай ақпарат жарияланғанын кандидат Н.Бәкірлановтың өзінен сұрадық.
- Онда заңға қайшы ештеңе жоқ. Біздердің көтеріп жатқан тақырыбымыз – қоғамға жабысқан дерт пен ел бетіне таңба боп отырған – «Қазақгейт» шатағы. Ол газетте жарияланған, бұл сұраққа президенттің өзі «Хабар» телеарнасынан жауап та берген. Бұл біз үшін ең маңызды, басты мәселе болғандықтан, сайлау науқаны 30 күн бола ма, одан да көп немесе аз бола ма, бәрібір біз «Қазақгейттің» төңірегіндегі жайттар жөнінде, «Қазақгейтке» қатысты соңғы жаңалықтарды халыққа айтып, жеткізетін боламыз. Сонан кейін, Ә.Қажыгелдинге, Ғ.Жақияновқа, М.Әбілазовқа, С.Дувановқа және т.б. саяси көзқарасы үшін сотталғандарға шығарылған үкім-шешімдерді жоюды талап етеміз. Сол секілді, еліміздің экономика саласында, әсіресе мына мұнай, басқа да табиғи қазба байлықтарымызға байланысты талаптарымыз бар, - деді Н.Бәкірланов.
Сонымен, Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттығына кандидат Н.Бәкірлановтың 1782 дана үгіт-насихат парақшасын Алматы полициясы тәркілеп, бермей отыр. Ал кандидаттың өзі болса полицияның бұл әрекеті оның конституциялық құқығын шектегенін айтып, заң орындарына шағымданғалы жатыр.