«Байқоңыр» кешені ұйымдасқан қылмыстық топтың лас алыпсатарлығының бұйымына айналды» деп аталады «Республика деловое обозрение» газетінде жарық көрген бірнеше парламент депутаттарының Ресей президентіне жазған хаты. Онда Ресей тарапының Қазақстандағы ғарышжайды жалға алғаны үшін төлем ретінде берген техниканы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының топ-менеджерлерімен ымыраласқан бірнеше фирманың сатып алып, ресейлік бюджеттен бөлінген 65 миллион доллардың тек 13 миллионы ғана тауар өндірушілерге беріліп, 46 миллионын өздері қалталарына басып қалғаны баяндалады. «Өкінішке орай біз ұрлықты ұйымдастырған «Қазақстан темір жолы» компаниясы жетекшілері мен оларды қанатының астына алғандардың аты-жөнін айта алмаймыз. Бірақ делдалдарды таңдап, техникаға тапсырыс берген ұлттық компанияның топ-менеджерлерінің көмегінсіз мұндай үлкен көлемдегі ақшаны жымқыру мүмкін емес», - дейді парламент депутаттары Ресей президентіне жазған хаттарында. Ал осы газеттегі «Қалай Бас прокуратура «Қазақстан темір жолын» тәртіпке келтіре алмады?» деген мақалада күмәнді фирмалардың бұл іске араласуына мүмкіндік берген тендерге «Отан» партиясының төраға орынбасары Амангелді Ермегияевтің ұлы, «Қазақстан темір жолы» компаниясының атқарушы директоры Талғат Ермегияев басшылық еткен комиссияның төрелік еткені жазылған. Газеттің мәліметтеріне қарағанда, Бас прокурордың орынбасары Асхат Дауылбаев жақында ғана Түркияда Талғат Ермегиявпен аса жайлы «Ксанаду» қонақ үйінде дем алып келсе, прездент әкімшілігі жетекшісі Иманғали Тасмағамбетов апта басында шұғыл түрде Мәскеуге ұшып кеткен.
Сондай-ақ бұл іс бойынша мемлекет қаулысына қол қойған сол кездегі премьер-министр Иманғали Тасмағамбетовтің тағы бір 774-ші қаулысы сөз тудырып отырғанын баяндайды «Республика» газеті. Мақала авторының сөзіне қарағанда, осы құжатқа сәйкес «Алтынсарино-Хромтау» бағыты бойынша темір жолдың құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін тендерде жеңіп шыққан екі күмәнді компания бүгінде бюджет ақшасын ысырап етіп, жұмыстарының сапасы үлкен сауал тудырып тұр. «Премьер-министрдің дәл екі компанияны таңдап алуының себебі бір фирманың мүддесін президенттің ортаншы күйеу баласы Тимур Құлыбаев күйттесе, екіншісінің артында Еуразиялық өнеркәсіп тобының басышысы Александр Машкеевич тұр деген әңгіме бар», - дейді газет тілшісі. «Ал президент бұған ештеңе дей алмайды. Оның таңдау мүмкіндігі шектеулі: Тасмағамбетовті сайлауға дейін немесе одан кейін отставкаға жібереді», - деп топшылайды осы оқиға бойынша Рсей президентіне хат жазған депутаттардың бірі Төлен Тоқтасынов.
«Сөз» газеті президент әкімшілігі жетекшісі қаншалықты ауқатты адам деген мәселе мәселе төңірегінде ой қозғайды. «Оның ақшалы жігіт екені анық. Оны өзі де жоққа шығармайды. Себебі астана әлі Алматыда болған кезде оның қызының осындағы пәтерінен бір бұқаралық ақпарат құралы 5 мың, екіншісі 50 мың доллар ұрланғаны туралы жазған», - дейді мақала авторы. Сондай-ақ газет тілшісі бірнеше жыл бұрын Тасмағамбетовтің көне зергерлік бұйымдарды жинауға құмарлығы және өз коллекциясына арнап Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің бірінде түрлі-түсті қымбат кітап шығарғаны , оған ақшаны қайдан алып жүр дегені туралы сұрақ туындағанын тілге тиек етеді. Сондай-ақ президент әкімшілігі жетекшісінің «Наурыз банкке» 10 миллион доллар салып, оның ақыры дау-дамайға ұласқаны да мақала авторының назарынна тыс қалмапты.
Мерзімді баспасөз көп талқыланған тақырыптардың келесісі – саяси партиялардың телепікір сайыстары. «Бүгінде телепікірсайыстар сәнге еліктеу емес, қоғамдық пікірге ықпал етудің ең бір иімді құралы» деп есептейді «Казахстанская правда» газетінде Евгений Кононович. Оның пікірінше, «телепікірсайыстар арқылы халық барлық кандидаттарды бір уақытта бірдей жағдайда көре алады».
Алайда, «Асар» партиясының төрайымы Дариға Назарбаеваның: «саяси партия жетекшілерінің не айтатынын халық онсыз да біледі, сондықтан, көреремен бұл пікірсайысты көрмеуі де мүмкін», - деп айтқанын жазады «Қазақстан» басылымы. Мақала авторының пікірінше, оған мұндай басқосу қызықсыз болуы әбден мүмкін. «Өйткені, ақпарат құралдары арқылы, әсіресе «Хабар» мен «Қзақстан» арқылы дүйім жұртқа өз ойын жеткізу оған түк емес. Қалай дегенмен, мемлекеттің ақпарат құралдарының басым бөлігі өз алақанында», - дей отырып, газет тілшісі «Дариға Назарбаева әділ бәскені қаласа, неге саяси қарсыластарымен бірге теле арнада сөз жарыстырмайды?!» деген сауал тастайды.