Accessibility links

Беслан трагедиясы Европа одағы мен Ресей арасындағы пікір қайшылығына бастады


Европа одағынң сыртқы істер министрлері жұма күні Солтүстік Осетия республикасындағы Беслан мектебінде болған трагедияға байланысты жүма күні көңіл айтып, жанашырлық-достық пейілдерін білдіргенімен де, Ев. одағында төрағалық етуші Нидерланды мұндай қантөгістің орын алуы қандай себептерден мүмкін болды деген тұрғыда қосымша ақпараттар талап еткен болатын. Бұл талапқа Ресейдің ашу-ызаға толы жауабынан кейін, Голландияның сыртқы істер министрі және Ев. одағында төрағалық етуші Бернард Бот мені дұрыс түсінбедіңіздер деген түсініктеме жариялады. Бесланда 335 адам қаза тапса, олардың тең жартысы балалар болған.

Дегенмен де, Ев. одағы дипломаттарының айтуынша, Ресейдің Бесландағы жағдай барысында жасаған әрекеттері Одақ елдерінің кейбір сыртқы істер министрлерінің алаңдаушылығын туғызған. Голландия Европа одағына төрағалықты осы жылдың шілде айында қолға алған болатын.

Оның алдында Одақта төраға қызметін атқарған Ирландия Мәскеумен көп жағдайларда жұмыс жүргізуде тәжірибесіздік танытып алған болатын. Бұл ретте Нидерландының өткен жылы Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жүргізген бай тәжірибесі болғанымен де, ол Ресеймен арадағы қарым-қатынас жұмысында өрескел қателік жіберіп алды. Мұның өзі оның одақтағы төрағалық қызметіне өз көлеңкесін түсіруі мүмкін деп хабарлайды Брюсселдегі тілшіміз.

Жұма күні Голландияның сыртқы істер министрі Бернард Бот Беслан дағдарысында Ресейдің реакциясына күдік келтіргендей болған еді. Ол Европа Одағының кездесуінде сөйлеген сөзінде қайғылы жайтқа көңіл білдіретіндігін айта келіп, дегенмен де Одақ Ресей билік басыларынан трагедияға қалайша жол берілді, соны білгісі келеді деген болатын.

Сенбі күні Ливанда болған кезінде Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Боттың бұл сауалын қатыгездік деп атады. Мәскеуде сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Лошин мұндай талапты шабуылдау және адамшылыққа жатпайды дегенге келтірді. Боттың кеңсесі болса, мұндай мәлімдеулерден соң бізді дұрыс түсінбедіңіздер деп бірден кері шегінуге мәжбүр болды.

Брюсселдегі Ев. комиссиясы да Ресеймен ұзақ мерзімді қарым-қатынастар жайын ойлап, осы тәріздес бағытты ұстанды. Басты өкіл Рейжо Кемппинен Бот қосымша ақпарат талап ететіндей ой айтқан жоқ, деген журналистер алдында.

-Мен Ев. Одағынан жұма күні көрген мәлімдеулердің ешқайсысы да олар айтты деп бағаланған жайттарды меңземеген еді. Бұл тұрғыда ешкім де ақпарат талап етпегенін де көрдім. Мен төрағалық мәлімдемелерді де мүқият оқып шықтым, онда кейбір сөздер мәтіннен жырылып алынған, оның қандай себептерден екендігін мен білмеймін,-деген Европа комиссиясының бас өкілі Рейжо Кемппинен.

Боттың айтқан алғашқы ескертулері жүма күні кешке қарай Голландияның төрағалық вебсайтында жарияланған еді. Келесі күні Ресейдің ашулы мәлімдеулерінен кейін ол жазылғандар өзгертілді. Онда Бот былай деген болатын деп келтіріледі. Сөзбе-сөз үзінді келтірсек: "Мектепте не болғанын жақсы түсіну үшін біз Ресей билігінен көбірек деректер білгіміз келеді, сөйтіп бір-бірімізге көмектесіп, террордың қандай түрімен де әлемнің қай түкпірінде болсын күресе алу үшін." Голандия төрағалығының өкілі дүйсенбі күні Азаттық радиосына Бот өз жауабын журналистің қойған сұрағына француз тілінде берген болатын. Мүмкін вебсайтта оның аудармасы дұрыс жасалмаған болар деген.

Ев. одағының ұстанған бағытын дүйсенбі күні Брюсселде журналистер алдында Кемппинен қайталап айтқан.

-Біз террордың қандай түрін де толықтай, сөзсіз айыптаймыз. Бесландағы трагедиялы жағдайды жасағандардың күнәсі кешірілмейді, ол басқаға аударылмайды,-деген.

Азаттық радиосының басқа ақпарат көздерінен білгеніндей, Боттың жүма күні Ресей билігі атына мұндай мәлімдеулер жасауына кейбір әріптестері тарапынан жасалған қысымшылық себеп болған. Латвия мен Финляндияның сыртқы істер министрлері Бесланда көп адам шығынына жол берілгеніне қатты алаңдаушылық танытқан. Латвияның жаңалықтар агенттігі Сыртқы істер министрінің өкілі Артис Пабрикстің сөздерін берген. Онда Пабрикс әріптестеріне Европа одағы Ресейдің Беслан дағдарысын шешу үшін жасаған әдіс-тәсілдерімен келіспеуі тиіс деген. Ол сондай-ақ Ресей күштерінің кәсіби шеберілігін де қарастыра отырып, халықаралық қауымдастық мұндай төтенше жағдайлар кезінде адам өлімін неғұрлым азайту үшін өз тәжірибелерімен бөліскені жөн деп атап көрсетеді.

Фин сыртқы істер министрі Еркки Туомайожа Ресей билігінен осыншама құрбандық қалай болды деген сұрақ қою керек. Жане мұндай маселелер ашық талқылануы тиіс. Қазір жүріп жатқан келіссөздер Шешенстан дағдарысын шешетіндігі көрінбейді деп атап көрсеткен.

Кейінірек Проди бұл ретте түсініктеме сұрау достық жағдайындағы елдер арасында заңды жағдай деп атап көрсеткен.

Боттың өзі сенбі күні Голландияның теледидарынан сөйлеген сөзінде Ресей билігі Беслан мәселесін жақсы шешкен жоқ деп айтқан.

Европа одағының кейбір министрлері айтқан мұндай сыни тұрғыдағы пікірлерді көптеген баспасөз құрладары да қайталап жатыр, оның қатарында Бесланда санитарлық машиналардың жетіспеушілігі де сөз болуда.
XS
SM
MD
LG