Петр Свойк, Қазақстанның демокартиялық таңдауы халықтық партиясының саяси кеңес мүшесі:
- Алайда, сол күннің ертесінде тапа-тал түсте «Жигули» машинасымен келген үш жігіт билброды қиып алып, кетіп қалды.
Бұл оқиғаға кездейсоқ күә болған депутаттыққа үміткердің штабының қызметкерлері машинаның S 294 DKM маркілі ақ түсті «Жигули» екендігін аңғарған.
- Сол себептен, штаб тәртіп бойынша Павлодар қалалық ішкі істер басқармасына, прокуратурасына арыз берді. Бірақ машина нөмірінің, мұны кім жасау мүмкін екендігі де белгілі болса да, құқық қорғау орындары әлі күнге дейін ешқандай шара қолданбай отыр.
Десек те, Павлодар қалалық ішкі істер басқармасының қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Александр Мыржықбаев қыркүйектің 10-ы күні қалада тәртіп күшейтіліп, бірде-бір тәртіп бұзушылыққа жол бермегендерін айтады. Александр Мыржықбаев, Павлодар ішкі істер басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің басшысы: - Бұл күні «Алюминий» зауытының 40 жылдығы тойланып, қалаға үкімет басшысы Даниал Ахметов келген. Сол себептен, менің өзім күндізгі үштен түнгі он екіге дейін аяғымнан тік тұрып, қаланың орталығындағы көрнекті орындарды аралып шықтым. Ал билбордтың заңсыз алынып тасталуы туралы алғаш естіп тұрмын.
«Насихат жұмысына ашықтан-ашық, қысылып-қымтырлмай кедергі келтірген қылмыскерлер табылмаса, онда бұл сол жергілікті билік орындарының мойнына жүктеледі», - деп есептейді жапа шеккен депутаттыққа үміткер.
Мұны билік орындарының жасап отырғанын жақсы білемін дейді республикалық тәуелсіз бақылаушылар жүйесінің жетекшісі Дос Көшім:
- Бірақ олардың қолдарынан ұстап, сотқа тартпайынша кім жасағанын тап басып айту қиын. Бірақ Павлодарда сондай жағдайдың болатынан менің көзім жетеді. Себебі, біз партиялардың көрмесін жасау үшін павлодарға барғанымызда 14
Петр Свойк өзінің сайлау қарсаңындағы құқығының бұзылуы бұл оқиғамен шектелмейді деп есептейді:
- Мәселен, жақында 52-ші округтік комиссияның төрағасы Кузековтің атынан ойдан құрастылған ескерту алдым. Онда маған азаматтарға заңмен тиым салынған тегін заңдық кеңестер берумен айналысты деген айып тақты. Шындығында, онда біз бар жоғы инвестициялық-жекешелендіру купондары бойынша билікпен халықпен есеп-айырысуы үшін билікке саяси қысым көрсетеміз дегенді айтқанбыз.
Округтік комиссиясының хатшысы Галина Жумадирова: - Оған ескерту қағазын жібердік. Өзі келіп байқасыншы. Қазір айта алмаймын. Себебі, асығып тұрмын.
Ал тәуелсіз бақылаушы Дос Көшім болса, партияның насихат жұмысын оның үміткердің жұмысымен шатастыруға болмайды дейді: - Егер бұл партияның қызметі болса, онда бұл «Сайлау туралы» заң шеңберінде қарастырлмайды. Егер мұны Свойктің немесе осы партияның қызметкерлерінің сайлау кезіндегі әрекеті болса, онда бір басқа. Меніңше, бұл мәселені халққа түсіндіру жұмысын партия сайлауға дейін бастаған. Демек, партияның жұмысы болып табылады. Ал партияның жұмысын үміткердің үгіт-насихат жұмысымен қатар қою заңға қайшы келеді.
Дегенмен де, «округтік сайлау комиссиясы өз ескертпелерінде егер заң бұзушылық тағы бір мәрте қайталанса, тіркеуден алып тастайтындықтарын құлақ қағыс етті», - дейді депутаттыққа үміткер Петр Свойк.