АҚШ сыртқы істер министрі Колин Пауелл демалыс күні американ телевизиясында сөйлеп, Ирақтағы көтерілістің басылмағанына қарамастан Америка Құрама Штаттары бұл елде қалады, басталған жұмысты соңына жеткіземіз деп айтты. Назар аударатын жайт, Колин Пауелл көтерілісті күшпен басуды тіпті орындалуы мүмкін емес шаруа деді. Бірақ Пауелл АҚШ жоспарын егжей-тегжейлі пысықтаған жоқ, оның қажет деп санамады. Мұның себебін Вашингтонда орналасқан "Херитейдж" қорының әскери сарапшысы Джек Спенсерден білсек болады. Ирақта тыныштық орнату деген қызметті Америка әу бастан мойнына алмаған, бұл мүмкін емес шаруа, АҚШ Ирақ билігін Ирақ халқының қолына беруді көздеді, сонда ғана Ирақ халқы өзін өзі басқарып, өз қауіпсіздігін демократиялық жүйе арқылы қамти алады, дейді Джек Спенсер.
Ирақта жалпыұлттық сайлаулар қаңтар айында орын алмақ. Алайда, сайлауды болдырмауға көтерілісшілер аса үлкен күш салып жатыр. Сайлаулар бір айға, екі айға, мүмкін оданда ұзағырақ уақытқа кері шегіндірілуі мүмкін деген жорамал жоқ емес. Полиция бөлімшелері соңғы кезде нысанаға көбірек алынатыны мазаны кетіріп отыр. Сейсенбі күні Бағдадта полиция бас кеңсесінің жанында мәшинедегі бомба жарылып, кемінде 47 адам қаза тапты. Олардың арасында полицияға жұмысқа тұрамын деген азаматарда құрбан болды. Бағдадта сәрсенбі күні тағы мәшине бомбасы жарылып, екі адам қаза тапты. Мұндай шабуылдар ирақтықтардың ел қауіпсіздігін өз қолдына алу ниетіне нұқсан келтіруі мүмкін дегенде жорамал айтылады. "Херитейдж" қорының әскери сарапшысы Джек Спенсер болса мұндай ойдан аулақ:
- Мұндай мәселені біраз уақыт бойы бастан кешіп отырмыз деп білемін. Және полицияда жұмыс табамын деп кезекке тұрып жатқан азаматар әлі баршылық. Мұның өзі Ирақ халқы жайында көп нәрсені білдіреді деп ойлаймын.
АҚШ-тың Біріккен Ұлттар Ұйымындағы елшісі Джонн Дэнфорс Ирақтағы сайлаулар кейінге қалдырылмайды деп ресми Вашингтонның ұстанымын қайталады өз тарапынан. Сайлауды кейінге шегіндіру көтерілісшілердің жеңісіне айналады әйтпесе, деді Джонн Дэнфорс.
Пессимистік көзқарастағы сарапшылардың бірі - Лион Фюерс деген азамат, ол бұрынғы президент Билл Клинтонның әкімшілігінде вице-президенттің ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі болған. Лион Фюерс АҚШ әскері және Ирақ уақытша үкіметі алдымен көтерілісшілер қолдап отырған аймақтарда саяси және әскери бақылауды жөнге келтіріп алу керек дейді. Ал Колин Пауелл болса жоспардың нақты тұстарын ашпады, стратегияның бағытын анықтамады, дейді Лион Фюерс. Жағдайды басуға барлық күш жұмсала ма, сондықтан жағдай жақсара ма? Жоқ американдықтарға қарсы жеккөрінішті ұлғайта беріп, жағдай қиындап кете ме? Коллин Паулл осы сұрақтарды жауапсыз қалдырды, дейді Лион Фюерс. Америка Құрама Штаттарының Ирақтағы қызметі қазір ирақтықтардың өкінішін қоздырып жатыр, себебі олар американдықтарды келісімнің жаршылары емес, ұлғайған мәселелердің жаршылары ретінде қабылдап отыр, дейді Лион Фюерс. Егерде Колин Пауелл жаңа жоспардың барлық қыр-сырын білсе – ортаға салсын, құлақ асайық. Буш әкімшілігі Ирақта бейбітшілік орнатамын деген тұсында бұл орынды болар еді, дейді бұл сарапшы.
Ирақ көтерілісшілерінің мәселесі жөнінде АҚШ сыртқы істер министрінің орынбасары Ричард Армитейдж де Прага қаласында Чехия қорғаныс министрімен кездескен соң өз ойын айтты. Ирақ мәселесін талқыласқан Ричард Армитейдж көтерілісшілерді кім жетектеп отыр деген сауал жөнінде сәрсенбі күні былай деді:
- Ирақта белгілі бір шетел адамдары бар екенін белеміз. Мәселен, иорданиялық террорист Әл-Зарқауи бар олардың арасында. Түптің түбінде бұлар "Баас" партиясына және бұрынғы үкіметке берік адамдар, олар жаңа Ирақты әлі де болса қабылдамай отыр.