Accessibility links

Адам құқығы мен заңдылықты сақтау халықаралық бюросы электронды дауыс беру жүйесіне бақылаушылар ретінде бойкот жариялайды


- Электронды дауыс беру жүйесі енгізілетін сайлау учаскелеріне бақылаушы ретінде қатысудың ешқандай мәнісін көріп тұрған жоқпын, - дейді халықаралық адам құқығы мен заңдылықты сақтау бюросының Қазақстандағы жетекшісі Евгений Жовтис бейсенбі күні «Азаттық» радиосына.

- Компьютер мониторына қарап отырғаннан ештеңе өзгермейді. Мұндай бақылау нәтижесіздікке ұрындырып, тіптен күмәнді процедураны заңдастырады. Сол себептен, электронды дауыс беру енгізілетін учаскелердегі сайлауды бақылаушылар ретінде бойкоттаймыз ... Басқа бақылаушы ұйымдардың да, оның ішінде Еуропадағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік ұйымының да электронды дауыс беру учаскелерінде бақылау жүргізуінің қажеті шамалы. Себебі, олардың бұл жүйе бойынша сыни пікірлері маған мәлім.

Алайда, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының Қазақстандағы сайлауды бақылау миссиясының қызметкері Татьяна Багусеевич:

- Біздің жоспарларымызға ешкімнің мәлімдемесі ешқандай әсер етпейді. Бақылаушылар қайда бақылау жүргізгісі келсе, сонда жұмыстарын жалғастырады.

Бақылаушылардың республикалық желісінің жетекшісі Дос Көшім де жұмыстарымызды тоқтатпаймыз, бірақ бұл электронды дауыс беру жүйесін мойындағанымызды білдірмейді дейді:

- Сайлау біткен соң Орталық сайлау комиссиясы, сайлауды ұйымдастырушылар барлығы дұрыс жүргізілді деп айтады. Сол кезде сырттан айғайлағаннан гөрі жағдайдың заңға сай болған-болмағанын көрсететін айғақтар келтіреміз.

Халықаралық «Сайлау және демократия» деген халықаралық ұйым вице-президент Павел Лобачев болса, әлі күнге дейін электронды сайлау жүйесі бойынша дауыс беру қайда қайтіп жүретініндігі өздеріне беймәлім екендігін жеткізді:

- Сайлауға үш күн қалса да, біріншіден, электронды дауыс беру бойынша мемлекеттік комиссиясының актісі әлі жоқ, екіншіден, Орталық сайлау комиссиясының сайтында электронды жүйенің техникалық сипаттамасы жарық көрмеген. Мұның барлығы таң қаларлық. Дегенмен, Орталық сайлау комиссиясының ақпараттық-сараптама бөлімінің басшысы Григорий Кулеш электронды сайлау жүйесінің техникалық паспорты бар дейді:

-

Сайттан көшіріп алуға болады.

Ал электронды дауыс берудің қай учаскелерге енгізелтіндігі тралы ақпараттың әлі жоқ екендігін айтты.
XS
SM
MD
LG