Биылғы жаңа оқу жылының алғашқы күні басталып, үшінші тәулікте трагедияға жалғасқан Беслан оқиғасының салдары енді бүкіл Кавказ аймағында тұрақсыздыққа ерекше назар аудартқандай. Бесландағы мектеп дағдарысы Ресейдің Шешенстандағы соғысын ғана алдыңғы қатарға шығарып қойған жоқ, Кавказ халықтарының да қарым-қатынасын күрделендіре түсті. Кавказ аймағы халықтары арасындағы кейбір шиеленісті жайттар ондаған, тіпті жүздеген жылдардан бері жалғасып келеді деуге болады.
Бүл күнде бүкіл әлем білетіндей, 1 қыркүйекте шешен сепаратистерімен байланысы бар деп сезіктелген қарулы топ Бесландағы мектепті басып алып, оқушы, мұғалімдермен бірге, жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатқа жиналғандарды кепілдікке тұтқындап алған еді. Бұл дағдарыстың соңы балаларды қосқанда 330-дан астам адамның өліміне соқтырған жантүршігерлік аса қайғылы оқиғамен аяқталды.
-Солтүстік Осетияның бірқатар қылмыстық топтары осетия қоғамын жікке бөліп, солтүстік Кавказ халықтарын жауластырғысы келеді. Бүгінгі таңда мұндай келеңсіздіктің алдын алу өте маңызды,-десе, Солтүстік Осетия тұрғындарының бірі Дзутсев, осетин өкілі Бзаров та осыған ұқсас ой айтады:
-Біздер, осетиндер, өзімізді қатты қорланған, басылып тасталғандай сезініп қалдық. Біз мұндай жайттың кездейсоқ болмағандығын түсінеміз. Біз Кавказдың орталығындамыз. 15 жыл бойына адамдарымыз бір-бірімен қосылсын деп күрестік. Алдымен оңтүстік Осетияны тізе бүктіргісі келді, одан кейін солтүстік Осетиядағы бұл қантөгіс. Біз соққыны көтере білдік, өйткені біз осетиндерміз. Жан жарасы жазылар, енді орын алған жайтты байыпты бағалап, біздерді біріктіруге тырысу қажет.
Ресейдің алғашқы айыптауында мектепті басып алып, мыңға тарта адамды кепілдікте тұтқындап ұстағандарды ингуш дағдарысымен байланыстырып мәлімдегені аймақта жаңа этникаралық қақтығыстар туғызуы мүмкін еді.
Сөз жоқ, бірнәрсе айқын- ол Беслан трагедиясының салдары Кавказ тарихында өзіндік із қалдырады 50-ден астам тілдердің отаны болған Кавказда талай ғасырлар бойына қақтығыс-шабуылдар орын алып тұратын, тіпті 1920 жылдардың басында большевиктер өз үстемдігін орнатқанға дейін ондай оқиғалар дабылы әредік естіліп жататын. Кавказдағы гректер, хазарлар, византиялықтар, ғұндар, монғолдар, парсылар арасында тілдік, діндік, этникалық қарым-қатынастар әр кезеңде күрделеніп, өршіп тұрды.
Ал 18 ғасырда бұл аймаққа орыстар келгеннен кейін мұндай шиеленістер одан әрі ұлғая түсті. Лондондағы Орта Азиялық шолудың редакторы әрі Кавказ бойынша жетекші сарапшы Мэри Беннингсен-Брохсап былай деп атап көрсетеді.
-Тарихи жағынан алып қарасақ, барлық болашақ оқиғалардың бастауы 18 ғасырдың аяғында Мансұр шейх бастаған көтеріліс болды деп ойлаймын. Мансұр шейх шешен еді, оның қоластында солтүстік Кавказдың мұсылман халқы бірінші рет коалицияға бірікті. Сөйтіп Ресей күштеріне қарсы күресті. Бұған қоса осы кезеңде түріктен қорғанған Грузия Ресеймен одақтасты. Міне сол кезде бірінші рет мұсылмандар мен ортодокс-христиандар арасында жік пайда болғанын көреміз.
18 ғасырдың соңында Мансұр шейхтің көтерілісі басып тасталды, басшысы жер аударылып, айдалып кетті.
Бұдан бірнеше онжылдықтар өткеннен кейін бас көтерулер қайта жаңғырды. Оның бастауында дағыстандық имам Шәміл болды. Патшалық Ресейдің Шәмілді жеңіп, аймақта басымдықты қолға алу үшін ширек ғасырдай соғысуына тура келді. Шәміл болса солтүстік кавказдықтар үшін шетелдіктердің басқыншылығына қарсы ұлт-азаттық күрестің батыры ретінде тарихта қалды.
Бүгінгі шешен сепаратистері де Шәміл мұрасын қастер тұтады.
Шешендердің дала командирлері ішіндегі ең белгілісі Шәміл Басаев кейбір хабарларға қарағанда осы имам Шәмілдің құрметіне оның есімімен аталған делінеді. Орыстардың көпшілігі үшін Шәміл Басаев терроршы, ал солтүстік Кавказдың кейбірі үшін ол шешеннің тәуелсіздік үшін күресін жалғастырушы.
1994 жылыРесейдің сол кездегі президенті Борис Ельцин Ресей әскерлері Шешенстанға кіріп, бөлектеніп кеткен республиканы қайтарсын деп бұйрық берді. Екіжақты қақтығыстардан кейін Кремль 1996 жылы бейбіт келісімдерге келуге келісті. Бірақ үш жылдан соң соғыс қайта басталды. Ондаған мың бейбіт тұрғындар опат болды.
Ресей президенті Вл.Путиннің кепілдік беріп келе жатқанына қарамастан, шешенстандағы қақтығыстардың жақын арада аяқталар түрі көрінбейді.
Шешенстан өзінің тәуелсіздігін жариялағанға дейін де, Кавказдың солтүстігі мен оңтүстігінде сепаратистік жанжалдар тұтанып тұратын. 1988 жыл маусым айында этникалық армяндар басым тұратын Таулы Қарабақ анклавы Ереван мен Баку арасында соғыс отын тұтатып, Азербайжаннан кетеміз деп мәлімдеді.
Бұдан кейінгі жерде Грузияның Звиад Гамсахурдия басқарған үкіметі Абхазия мен Оңтүстік Осетия сепаратистік республикаларынан айрылып қалды,олар 1990 жылдардың басында іс жүзінде тәулсіздіктерін алды.
Талдаушылардың кейбірі мұндай жанжалдар болмаған болар еді, егер өз кезінде Совет басшылары саяси жағдайға дұрыс баға берген болса деген көзқарас білдіреді. Олар сондай-ақ бүгінде Грузиядағы сепаратистік қозғалыстардың сыртында Ресей тұр деп айыптайды.
Алайда Чикаго университетіндегі Грузия бойынша жетекші сарапшы Рональд Григор Сэни бұл ретте мәселенің бәрі де Абхазияның мысалындай айқын емес деп атап көрсетеді.
-Совет одағы кезінде Абхазияға түрлі деңгейде бақылау жасалды, әрине түпкілікті бақылау Мәскеу қолында болды. 1930 жылға дейін Абхазия одақтас республика қатарында келді, кейін Абхазия өз жерінде биліктен айрылып, біртіндеп грузиндене бастады, бұл өз кезегінде абхаздардың грузиндерге қарсы өшпенділгін туғызды. Совет одағы құлаған кезде абхаздар батыл шешім қабылдап, өз алдына тәуелсіздікке қол жеткізді,-деген Сэни Кавказда әруақытта да, діни және этникалық өзгешеліктерге қарай толқулар болып тұрған, бірақ та зорлық зомбылық, қатыгездік әркеттерге баруға мұндай ерекшеліктер негіз болуға тиіс емес деп қорытындылайды өз әңгімесін сарапшы.