Аудармашы дегенде, АҚШ Федералды тергеу бюросына араб тілінің мамандары жетіспей жатыр. Бюро бас инспекторы Гленн Файнның баяндамасын сүреттейтін бір ғана дерек келтірейін – 11 қыркүйек шабуылдарынан бір күн бұрын АҚШ-тың басқа мекемесі – Ұлттық қауіпсіздік агенттігінде "Әл Қаида" мүшелерінің бірі бірімен хабарласуының мәтіні болған. Сол арабша мәтіндерде шара ертең іске асады деп айтылған, алайда Ұлттық қауіпсіздік агенттігі бұл құпия мәтінді не 10-шы қыркүйекте, не 11 қыркүйектен кейін бірнеше күн аударып, анығына жете алмаған, дейді Федералды тергеу бюросының директоры Роберт Мюллюр.
Қолға түскен хат-хабарларды аудару мерзімі Федералды тергеу бюросында 12 сағат деп белгіленседе мекеменің ұзын саны 1200-ге жеткен аудармашылары мәтіндерді ағылшын тіліне аударып үлгермей жатыр. "Әл Қаида" адамдарының әңгімелерін жазып алдық деп Федералды тергеу бюросының агенттері мәліметтерді үйіп жатса, аудармашылар олардың үштен екісін тәржімалауға ғана уақыт табады . Ол олма, Федералды тергеу бюросында компьютерлердің ақпарат сақтау мүмкіншілігі жетпей жатыр, дисктерде жаңа жазуларға орын жетпей, қортылмаған ескі жазуларды жоюға тұра келеді, делінеді мекеме баяндамасында.
Сарапшылардың бірі Федералды тергеу бюросының баяндамасындағы мәселені одан ары өрбітіп жатса, басқалары Федералды тергеу бюросының жұмыс мәдениетін өзгерту керек, бұл мекеме полицейлік әдістемеге үйір дейді. Федералды тергеу бюросының мәліметтерді аудару қызметі АҚШ конгресінде Республикандық партия депутаттары тарапынан да, Демократиялық партия депутаттары тарапынанда сынға ұшырап келеді. Вашингтонда орналасқан "Херитейдж" қорының ішкі қауіпсіздік және қорғаныс маманы Джеймс Керефаноу Федералды тергеу бюросы классикалық мәселеге тап болды, барлау мәліметтері ұлғайған сайын оларды толыққанды қорту да проблемаға айналады дейді. Араб тілі мамандарын көптеп оқытуды американ университеттері 11 қыркүйек шабуылдарынан соң тез арада негізгі мақсат қылса да олар Федералды тергеу бюросына жеткілікті маман дайындай алмаушы еді, себебі шұғыл мұқтаждық ететін келесі шет тілі қандай болатынын білу қиын, дейді Джеймс Керефаноу:
- Тіл мамандарын реттеп алдым десеңізде сіз ағымдағы келесі бір қауіппен жарысуға мәжбүр боласыз. Бұл - проблема, себебі білім институттары қолма-қол мұқтаждықты туғызған мамандарды аса үлкен мөлшерде дайындап үлгере алмайды.
Компьютер замамында ауызша және жазбаша мәтіндерді тәржімалайтын кейбір бағдарламалар шығып жатыр. Канзас қаласында орналасқан Миссури университетінің заң профессоры, ішкі қауіпсіздік маманы Джеми Метзл жаңа буындағы компьютер бағдарламаларын жасау уақыт жейтін мәселе, бірақ Федералды тергеу бюросының баяу қызметіне қарап отыратын жайымыз жоқ дейді. Мәселен, Америка Құрама Штаттарында миллиондаған араб эмигранттары жасап жатыр, Федералды тергеу бюросы Американың көпұлттық болмысын сәтімен пайдаланса жөн болар еді, дейді Джеми Метзл. Сайып келгенде, мәселе Федералды тергеу бюросының жұмыс мәдениетінде, дейді Джеми Метзл:
- Федералды тергеу бюросындағылар бұрыннан полицей болып кеткен. Ал бізге Федералды тергеу бюросындағылардың полицей, тергеуші және барлау офицері болғаны қажет. Біз Федералды тергеу бюросы мәдениетінің өзгеруін мұқтаж етеміз. Біз барлау қызметтеріміздің мәдениетін өзгертуді қажет етеміз, оларды жаңа ғасырдың жаңа мұқтаждықтарына, күн тәртебіне еңген жаңа мәселелерді абыроймен шешуге бұру керек.
Терроризмге қарсы күрес Орталық Азия мемлекет орындарының алдында да жаңаша сипат алған мәселе. Айталық, сәрсенбі күні Ашхабадта Түркіменстан қорғаныс министрі Ағагелді Мамедгелдиев өзбек әріптесі Қадыр Гулямовты мейман қылып, ұзақ мерзімді әскери келісімге қол қойысты. Тәуелсіз мемлекеттер достастығының ішкі істер министрлері Киев қаласында кеңес құрысып жатыр бүгін. Ресей Федерациясының ішкі істер министрі Рашид Нұрғалиев терроризмге қалқан қоямыз деп сипаттады.