Accessibility links

Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың екінші кезеңінің қорытындысын жариялады


Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиева Қазақстан Парламенті Мәжілісіне сайлаудың екінші кезеңінің қорытындысын жариялады. Сайлау Қазақстанның сегіз облысы мен Алматы қаласының 22 округінде өткен болатын. Сайлаудың екінші кезеңінің нәтижесі бойынша, «Отан» партиясының тоғыз мүшесі Мәжіліс депутаты болып сайланса, «Асар» партиясынан біреу, «АИСТ» блогынан бір адам, Қазақстанның демократиялық партиясынан бір адам және өзін-өзі ұсынған он адам Парламент депутаттығына өткен.

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиева Қазақстан Парламенті Мәжілісіне сайлаудың екі кезеңі бойынша толық қорытындысы әлі шықпағандығын айтады. Оның мәлімдеуінше, сайлаудың алдын-ала қорытындысына әлі өзгерістер енуі мүмкін. Ал қазанның үшінде өткен Парламент Мәжілісіне сайлаудың екінші кезеңіне Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиева келтірген мәліметтерге қарағанда, 22 округтегі сайлаушылардың 45 пайызы қатысқан.

Сонымен Алматы қаласындағы нөмірі 3-ші округ бойынша «Асар» партиясының мүшесі Сергей Киселов жеңіске жеткен. Оның қарсыласы Мәжіліс депутаты, Патриоттар партиясының жетекшісі Ғани Қасымов болатын. Нөмірі б5-ші сайлау округінен өзін-өзі ұсынған Тұрар Асанов депутат атанған. Алматыдағы нөмірі 7-ші сайлау округінен өзін-өзі ұсынған Күләш Ағатаева жеңіске жеткен. Оның қарсыласы «Ақ жол» саяси партиясының тең төрағасы Ораз Жандосов болатын.

Қызылорда облысының нөмірі 44-ші сайлау округінен Парламент Мәжілісінің депутаты болып, ғарышкер Тоқтар Әубәкіров сайланды. Ал 45-ші округтан бұрынғы Қазақстанның Қырғызстандағы Елшісі Мұхтар Шаханов депутат атанды. Оңтүстік Қазақстан облсының 58-ші сайлау округінен қазіргі Мәжіліс депутаты Амалбек Тшанов жеңіске жеткен. Ол өзінің айтуынша, сайлау барысында әділетсіздіктер көп болған. Бірқа мен қиындықпен жеңіске жеттім дейді, – Мәжіліс депутаты Амалбек Тшанов.

Сайлаудың екінші кезеңіне қазіргі Мәжіліс депутаттарының оны өткен болатын. Орталық сайлау комиссиясының қорытындысына сәйкес, олардың тек бесеуі ғана Мәжіліс депутаты болып қайта сайланған.

Мәжіліс депутаты Серікбай Әлібаев сайлаудың екінші кезеңінде депутат болғандардың ішінде Тоқтар Әубәкіров үшін қуанатаныдығын айтады.

Сайлау әділ өтпеді деген оппозициялық партиялардың мәлімдемелеріне байланысты Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиева «Заңсыздық болса, прокуратураға шағымдансын, біздің міндетіміз тек сайлау өткізу», – деп жауап берді.
XS
SM
MD
LG