Парламенттік сайлау арқылы билік президенттік сайлау кампаниясының негізгі ойыншыларын анықтады. Олардың кімдер екендін жаңа парламент құрамына қарап жобалауға болады дейді халықаралық тәуекелді бағалау тобының жетекшісі Досым Сәтпаев.
- Яғни, оларға «Отан», «Асар», Азаматтық және Аграрлы партиялар блогын және жарым-жартылай «Ақ жол» партиясын жатқызуға болады. Ал басқа партияларға келсек, олардың саны президенттік сайлау қарсаңында онсыз да қысқарады. Сол себептен, билік партиялары да, оппозиция да дербес одақтарға бірігуі тиіс.
Оның ойынша, қалай болғанда да оппозицияның алдағы сайлауда жеңіске жетуі күмәнді. - Сондықтан, президенттік сайлауда оппозиция үшін ең бастысы жеңіс емес, оған қатысу.
Алайда, біріккен оппозицияның тіптен болуы мүмкін емес деген ойда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, ақпарат және болжау институтының директоры Сәбит Жүсіпов. - Мысалы, конструктивті «Ақ жол» партиясын радикалды оппозициямен ештеңе байланыстырмайды.
Дегенмен, «Ақ жол» партиясының теңтөрағасы Әлихан Байменов оппозициялық партиялардың одақтасу идеясын жоққа шығармайды. - Оны ойластыру керек. Қандай негізде, қандай құндылықтар негізінде? Ол әрине керек. Қоғамдағы процестерді, саяси реформаларды жеделдету үшін.
Алайда, президенттік сайлауға оппозицияның ортақ үміткерін ұсыну мәселесіне келгенде дау-дамау туындауы мүмкін деген пікірде тіркелемеген Қазақстанның республикалық халықтық партиясы жетекшілерінің бірі Әміржан Қосанов. - Біздің мына оппозицияда, демократиялық бағытта жүрген азаматтардың жеке басының амбициясы тым үлкен. Әр кім өзінше көсем болғысы келеді. Жеке бастың қамын ойламай ортақ кандидатты ұсынуымыз керек. Егер Назарбаев жалғыз өзі шығып, біз бірнеше кандидат ұсынатын болсақ, біз сөзсіз жеңіліске жетеміз.
Оның пікірінше, президенттік тұғырға лайық бір тұлға бар: - Мемлекетте екінші адам болған, экономикалық тәжірибе жинаған, Қазақстанда үлкен реформа жасаған Әкежан Қажыгелдин бірден-бір кандидат деп ойлаймын. Бірақ бұл бір адамға таңып қою емес.
Ерлан Қарин, Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің жетекшісі болашақ президент жөнініде топшылау қатерлі деген пікірде: - Себебі, оппозициялық партиялардың арасында келіспеушіліктер қазірдің өзінде көп. Егер қазірдің өзінде «Ертеңгі президенттік сайлауға кім түседі?» деген сұрақты қою ішкі дауды одан бері қоздыртып жіберуі ықтимал.
Егер билік конструктивті оппозициямен тіл табысса, президенттік сайлау туралы мәселе мүлдем қойылмайды деген қорытындыға келіпті Сәбит Жүсіпов. - Мұндай жағдайда Нұрсұлтан Назарбаев өзінің лауазымын сақтап қалады
Дегенмен, ол Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасына балама бола алатын тұлға ретінде «Ақ жол» партиясының теңтөрағасы Алтынбек Сәрсенбайұлын атап отыр. -
Бірақ билік онымен келісімге келуі мүмкін. Бұл жөнінде Алтынбек Сәрсенбайұылының өзі не дейді: - Шынымды айтқанда, бұл сұраққа жауабым жоқ. Меніңше, Қазақстан қоғамы Нұрсұлтан Назарбаевқа балама бола алатын, ол кісіден кем түспейтін кемінде бес үміткер ұсына алады. Қазақстан Конституциясына сәйкес президент сайлауы 2006 жылдың желтоқсан айында өтуі тиіс.