Accessibility links

АҚШ-тарында не себепті басты екі саяси партия ғана бар?


2-ші қарашада өтетін президенттік сайлауда американдықтар дауыс бергенде, президентіктен үміткер белгілі үш кандидаттың бірі - қазіргі президент, республикандық Джордж Буш, демократ сенатор Джон Керри немесе өзін-өзі ұсынған адвокат Ралф Нейдрден өз таңдауларын жасайды. Бірақ, бұл сайлауда Буш пен Керри екеуінің бірі - жеңіске жетуі мүмкін, өйткені екеуі де елдегі екі басты партияның өкілдері.

АҚШ конституциясы елдегі саяси партиялардың санына шектеу қоймайды. Алайда, көпшілік жағдайда сайлау барысында американдықтар негізінен екі басты партияның өкілдерінен таңдау жасайды. Оның себебі қарапайым,- дейді Вашингтондағы Джордж Вашингтон университетіндегі саяси басқарулар мектебінің деканы Кристофер Артертон. Ол Азаттық радиосына берген сұхбатында былай дейді Біздің саяси жүйеміздің құрылымы екі партиялық негізге құрылған . Соған сай әдетте, таңдау жасау барысында жеңімпаз екі үміткердің бірінен анықталады - дейді Вашингтондағы Джордж Вашингтон университетіндегі саяси басқарулар мектебінің деканы Кристофер Артертон.

Сонымен қатар, Вашингтондағы Американ университетіндегі Американың саяси тарихы жөніндегі профессор Аллан Лихтман Құрама штаттардағы басқа партиялардың танылмай отырғанына себеп деп, мына жайтқа тоқталды. Оның Азаттықтың тілшісіне айтқанындай, басқа партиялар еңсесін көтеру үшін, Республикандық және Демократтар партияларымен сәтті бәсекеге түсе алатын қымбат жарнамаларды сатып алуына жеткілікті қаражат керек.

Бірақ, Құрама штаттардың басты екі партиясының көптің қолдауына ие болып, басқа бір партияның өздері тәрізді кең танылуына жол бермей отырғаны оларға тиімді болып отыр дейді Лихтман. Америка тарихындағы екі партиялық жүйе барлық уақытта басқа көптеген кіші партиялардың дамуы мен құлдырауы жағдайында теңесіп отырған. Құлдыққа қарсы, ішімдікке тыйым салуды жақтаған және социалистік партиясы мен еркіндікті аңсаған партиялар болған. Сөйтіп, бізде екі партиялы жүйе болғанымен, үшінші немесе кішігірім партиялар басты партиялардың әрдайым бүгінгі күн талабын ескеріп отыруына, партиялардың әрекетсіздікте қалмауына, қоғамда жаңа идеалар мен жаңа жетекшілердің пайда болуына үнемі түрткі болып отырады.

Әрбірден кейін-, дейді Лихтман, Құрама Штаттар егеменді үкіметтері бар штаттардан құралған федерация екенін атап өткен жөн. Бірақ, кейбір штаттарда сайлаушылардың талаптарына толық жауап беретіндей жағдай үнемі ескеріле бермейді. Мәселен, Лихтманның айтуынша, 2000 жылы Флорида штатының оңтүстік-шығысында вице президент демократ Альберт Гор мен Джордж Буш арасындағы сайыста дауыс санағы дұрыс болмағаны айтылады. Біріншіден, Флоридадағы әрбір округ өз сайлау технологиясын таңдаған. Екіншіден, ондағы кейбір технологиялардың дайындығы аз болған. Флоридада сол жылы кездескен проблема кейбір сайлау округтерінде сайлау бюллетендері картамен болғандықтан орын алған. Сайлаушы өз таңдауын жасау үшін кішкентай түймені басып, сайлау бюллетенін тесіп белгі салады. Сонда сол белгіні компьютер арқылы оқуға болады. Алайда, біраз сайлаушы сол түймені күшпен баспай тек сайлау бюллетенін жай ғана түртіп жүре берген. Осындай жағдайлар сайлау қорытындысын шығаруға кедергі келтірген. Сондықтан, 2000 жылғы мұндай жағдайлар қайталанбас үшін орталық үкімет қажетті шараларды қолға алуы керек дейді Аллан Лихтман.
XS
SM
MD
LG