Американдық мәдениеттің түп-төркіні мүмкін Европадан шыққан болар, бірақ саясаттағы сияқты дін саласында бұнда елеулі өзгешелік байқалады. Оның басты бір себебі- Американың өз егемендігін 200 жыл бұрын жариялағандығында болса керек. Бұл американдықтардың азаматтық өмірінде Христиан діні тереңдеп енген, өйткені олардың басым көпшілігі Европадан қоныс аударғандар дейтін американдық екі дін зерттеуші ғалымның жасап отырған қорытындысы.
Шындығында Вашингтондағы Джорж Вашингтон университетінің дін профессоры Диюей Уоллэс Европа тарихында мемлекттік дін болды деп атап көрсетеді. Мұндай тәжірибенің өзі европалықтардың діни сенім таңдаудағы қарсылығын туғызды. Ал Америкада дін бостандығы бар, сондықтан да мұнда таңдауға болады дейді профессор.
-Оларда Европаның көп бөлігінде дінге мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Адамдар Америкадағы сияқты дінге деген наным-сенімдерін өз беттерімен жасай алмайды, дінге мемлекет тарапынан демеу жасалатындығы себепті осындай болып отыр. Ал бізде мұлде басқа дәстүр қалыптасқан, бізде мемлекет пен дін бір-бірінен ажыратылып қаралады, дін еркіндігі және бар,-дейді профессор Уоллэс.
Европада бүгінгі күннің өзінде Ұлыбритания мен Дания және Норвегия сияқты елдерде мемлекет шіркеулерді қаржыландырады. Мұның өзі Америкадағыдай емес, керісінше дінге деген бейтараптыққа әкеледі дейді профессор Уоллэс. Американың Сент-Луис қаласындағы Конкордия семинариясының лютериан теологы Дэвид Адамс шамамен американдықтардың тең жартысы дінге сенетіндер, бірақ олар міндетті діни шарт-талаптарды тұрақты ұстайтындар болмайды дей келе, мәселен Ұлыбритания тұрғындарының 2 процентін ғана осындай топқа жатқызуға болады деп атап көрсетеді.
Тарихи жағынан қарар болсақ, американдықтардың діни белсенділігін көруге болады, бұл олардың сайлауға қатысу барысында да байқалады дейді діни маман Адамс:
-Консерваторлар мен Либерал протестанттардың көпшілігі қоғамның қалыптасуында шіркеудің өзіндік ролі болады деген көзқараста. Бұл Американың өткен тарихына, атап айтқанда 1860 жылдардағы Азаматтық соғыс жылдарына жетелейді. Азаматтық соғысқа жеткізген Құлдыққа қарсы қозғалыстың белсенді жақтаушылары шіркеулер болған. Кейіннен 1950-60 жылдардардағы құқық қорғау қозғалысының да бастаушыларының қатарында шіркеу тұрған болатын,-дейді.
Америкадағы президент сайлауы науқанында дін негізгі мәселе қатарында байқалмайды. Дегенмен де дейді Адамс американдықтардың көпшілігі дауыс берген кезде өз жетекшілерінің діни ұстанымы болғанын қалайды. Бірақ бұл дінге сенбейтін атеист немесе скептиктер президент болып сайлана алмайды деген сөз емес.
Мәселен, қазіргі президент Дж. Буштың Республикандықтар партиясы атеист-скептиктің президент болуына қолдау көрсете қоймауы мүмкін, өйткені ол партия мүшелерінің көпшілігі әзірге консерватор христиандар дейді. Ал бәсекелес Демократтар партиясының адамдарын аса бір діншілдер деуге келе қоймайды. Сонымен қай кандидат преизденттік тартыста жеңсіке жетуі мүмкін, бұл турасында Адамс былай дейді:
-Бұл әрине үміткердің өзіне байланысты, қандай мәселе жөнінде ол қаншалықты ашық пікір білдіріп жане барлық тарапқа да қамқорлықпен назар аударды ма? Сондай-ақ дәл бүгінгі күнгі өткір мәселелерді шешуде ол қайда болды, міне осыларға қатысты. Бірақ мен оның діни наным-сенімдері ең басты шешуші фактор болады деп ойламаймын.