Accessibility links

Жерді жекеменшікке сату тоқтатылуы мүмкін бе?


Жерді сату ерте қабылданған шешім. Ал, жерді қосалқы жалға беру мерзімін ұзарту бүгінгі күні шаруаларға аса қажет болып тұр. Өйткені, олардың өз жер үлесін сатып алуға қаржысы жоқ. Парламент Мәжілісіне жаңадан сайланған депутаттардың көпшілігі қарашаның 4-і күнгі өткен жалпы отырыста осы алаңдаушылықтарын білдірді.

Депутаттар заң бойынша меншікте жер үлесі бар адамдардың оны 2005 жылдың бірінші қаңтарына дейін сатып алуы немесе шаруа қожалықтарын құруы көзделгенін, алайда, аталған мерзімге дейін азаматтар бұның екеуінде орындай алмайтын түрі бар дейді.

Қазақстан нарықтық экономикаға көшкен ел. Бір кезде жер сатылады. Бірақ қазірше оны іске асыру ерте. Өйткені, қазақ халықы, әсіресе қарапайым адамдардың жағдайы түзелген жоқ. Мәжіліс депутаты Тоқтар Әубәкіров жерді сатуға қатысты осындай пікірде. Ол бұл мәселені қайта көтеруді ұсынады. Бұл сайлаушыларымның және өзімнің парламентке ала келген ішкі аманатым дейді.

Тоқтар Әубәкіров жерді сатуды 2005 жылдан бастап тоқтатуға бастама көтеру қажет деп есептейді.

Мәжіліске депутаттыққа қайта сайланған Ромин Мадинов елдегі 98 миллион гектар ауылшаруашылығы пайдаланымындағы жердің бүгінгі күнге дейін 2 мың 400 гектары жеке меншікке сатылған. Шетелдіктер, олигархтар жерді жаппай сатып алады деген үрей болатын. Олай болмай шықты дейді.

Ал, депутат Сатыбалды Ибрагимов болса 2 мың гектардан аса жер сатылды дегенді дұрыс ақпаратқа теңемейді. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының өзінде 10 мың гектардан аса жер сатылды деген пікірде.

Депутат Тоқтархан Нұрахметов Шығыс Қазақстан облысының біраз қазақ ауылдарында, Күршім, Зайсан, Тарбағатай, Көкпекті, Катон-Қарағай жерлерде жерді кейбір бөтен жерден келген азаматтар алып жатқан сияқты. Осы мәселені сайлаушылар біздің алдымызға қойғаннан кейін оны біз парламентте Мәжілісте көтеріп отырмыз дейді.

Депутат Мұхтар Шаханов жер жөніндегі шешім өте асығыс қабылданды деп есептейді. Ол бұрынғы парламент бұл мәселені жеріне жеткізіп, дұрыс қоя алмаса ол біздің кінәміз емес. Көптеген әдетсіздіктер болды. Ел арасында көп боып келген адамбыз. Жалпы халықтың көпшілігі бұл мәселеге қарсы. Кейбіреулер ойына келгенін жасаған. 100 мың гектарға дейін алды деген сөз бар дейді. Ал, депутат Ермек Абасов сөз болып отырған заң өлшемдерін халық білмейді, түсінбейді. Жер туралы заңға түсініктеме беру жағынан атқарушы биліктің жұмысы нашар дегенді айтты.

Депутаттық қызметке дейін Алматы облысы, Алакөл ауданының әкімі болған Оралбек Жақиянов аталаған ауданда 30 мың гектардай суармалы жер болса да ешкім сатып алып жатқан жоқ. Негізі заңда жерді сатқанды тоқтатқан дұрыс дейді.

Депутат Ұзақбай Қараманов шаруалар 2005 жылдың бірінші қаңтарына дейін өз жер үлестерін сатып ала алмайды, дейді.

Мәжіліске жаңа сайланған депутаттардың көпшілігінің бірауыздан көтергені осы мәселе болды.
XS
SM
MD
LG