Қара базарда құны жарты миллион доллар тұратын жоғары сапалы үлкен көлемдегі есірткіні Ингушетия азаматы кәдуілгі спорттық сөмекемен Тәжікстан, Өзбекстан шекараларынан кідіріссіз алып өткен. Алайда, Алматыға келгенде оның тежелеуіне тура келеді. Бұл жөнінде Алматы қалалық ішкі істер басқарамасының баспасөз қызметінің аға инспекторы Арман Жусанбай былай дейді:
- Полицейлер Әуезов ауданы аумағында қол сөмкесімен кетіп баар жатқан Игнушетия азаматының ізін аңдып қолға түсіреді. Қолға түсіру барысында оның қол сөмкесінен 24 килограмға жуық героин есірткісі табылады.
Оның айтуынша, бұл соңғы кезде қолға түскен үлкен көлемдегі есірткі болып есептеледі:
- Мұндай үлкен көлемдегі есірткімен бұрын-соңды алматылық полицейлер ешкімді қолға түсірмеген.
Есірткі саудагері Ауғанстанда әзірленген тауарды Қазақстан арқылы Ресейге апармақшы болған дейді полиция басқармасының қызметкері:
- Ресейде бұл есірткі түрі Ауғанстан, Азия елдеріне қарағанда екі есе бағасына өтеді. Бұл Ресейдегі есірткімен айналысатын қылмыстық топтардың қолына түссе, бұл үшін өте үлкен ақы төлейді.
Мәселен, кейбір деректерге қарағанда, Ауғанстанда 1 килограмм героин 1 мың доллар тұрса, Шымкентте оның құны 3 мың, Алматыда – 4-5 мың доллар, Мәскеуде 10-12 мың долларға жетеді. Жалпы ауған героині қазір Алматы аумағында да кеңінен тарап отыр дейді аға инспектор Арман Жусанбай. - Бұл - әлемді тітіркендіретін есірткі түрі. Бізде мұны шамадан тыс артық пайдаланып өліп жатқандар бар екендігін айта кету керек.
Алматы қалалық нөмірі 1-ші наркологиялық-диспансерлік орталықтың ординаторлық бөлім меңгерушісі Мейрамбек Мұхаметжановтың айтуынша, олардың емдеу мекемелеріне күніне бірнеше азамат келеді, олардың дені - жастар: - Негізінен келетін науқастардың жас мөлшері – 20-30 жас. 18-19-дағылар да кездеседі.
Алматы ішкі істер басқарамасының қызметкері Арман Жусанбай соңғы жылдары есірткі саудасының азаймай отырғандығын айтады. Оның бір себебін ол шекарадағы бақылаудың аздығынан көреді:
- “Көз қысты, бармақ бастымен”, ақшамен өтіп жатқандардың бар екендігі басы ашық жәйт қой. Әсіресе оңтүстіктегі шекарамызда саңылаулар көп. Тәжікстанмен, Қырғызстанмен, Түркіменстан шекраларымен тау жолдары арқылы өтіп кетуі кәдік. Сол себептен, шекара бақылауын қатайтқан абзал.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі басқарамасының басшысының орынбасары Тұрсын Уажанов қазір шекарадағы жағдайдың толық жолға қойылмағандығын мойындайды:
- Шекараның көлемі ұзақ. Қырғызстанның шекарасы 1 мыңнан, Өзбекстанның шекарасы – 2 мыңнан артық. Сондықтан, барлығы өтуге тырмысады. Өзіңіз білесіз, шекарада демаркация біткен жоқ. Белгілерді қойып жатыр. Әлі шекара деп айтатындай жағдай жоқ.
Сол себептен, есірткі алып өтушілер үшін Қазақстан шекрасында да жол көп: - Қырғызстан арқылы да, Өзбекстан арқылы да өтеді. Теміржолмен, автожолдармен өтеді. Бақылау бекеттерін айналып та өтеді.
Алайда, шекара қызметі басшысының орынбасары Алматыда 24 килограммнан астам героинмен шетел азаматының ұсталғанынан бейхабар болып шықты: - Заңды түрде өтті ме, заңсыз түрде өтті ме? Бақылау бекеттері арқылы өтті ме, әлде оны айналып өтті ме? Сондықтан, не деуге болады?
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 259-шы бабында 0,01 грамнан 1 граммға дейін героин сақтаған азаматты 3 жылға дейін, 1 граммнан жоғары көлемде героин сақтағанды 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру шарасы қарастырылған.