Accessibility links

Фаллужадағы шайқастар Ирақты тыныштандыра ма, әлде болашақта толқуларды өршітіп жіберуі мүмкін бе?


АҚШ пен Ирақ күштері Фаллужа қаласын қаңтар айында болатын сайлау алдында үкімет бақылауына алу жолындағы әскери қимылдарын жалғастыруда. Сейсенбі күні көтерілісшілерге қарсы ұрыстар кезінде қаланың солтүстік батысындағы Жолан ауданында кескілескен қатал шайқастар болды. Бұл уақытта көтерілісшілер де Ирақтың полиция бекеті мен Ұлттық күзетке қарсы шабуылдармен жауап беріп жатты. Сонымен Фаллужадағы бұл шайқастар Ирақты тыныштандыруға көмектесе ме, болмаса толқуларды одан әрі өршітіп жіберуі мүмкін бе?

Бір аптаға жалғасқан келіссөздерден еш нәтиже шықпаған соң, көтерілісшілерді Фаллужадан түп-тамырымен күшпен шығару жөніндегі әскери қимылдар Вашингтон мен Ирақ үкіметі үшін былай айтқанда тәуекелді шаруа деуге болады. Лондондағы патшалық институттың аймақтық талдаушысы Тури Мунтс өз ойын былайша білдіреді:

-Бұл жерде аздап жағдайды қолдан шығарып алуға болады. Мен түсінемін сіздер бәрі де қиратылған соң,қайта құру жобаларын соңынан бастайтын боласыздар, бірақ қиратушы да өздеріңіз боласыздар. Алайда бұл өте бір күрделі жағдай болғалы тұр. Екінші жағынан алғанда тағы да келіссөздер бола ма, болса оның қорытындысы қалай болады деп, қаншалықты күтіп отыра беруге болады.

Американдық жане ирақтық ресмилер Фаллужада күш қолдану себептерін дағдарысты реттеу жөніндегі келіссөздер күткендей нәтиже бермегендіктен деп түсіндірген болатын.

Алайда талдаушылар үкіметтің Фаллужада күш қолдануға таңдау жасауы ұзақ мерзімді табысқа кепілдік бере алмайды дегенді айтады. Мәселен Фаллужадан шығып кеткен көтерілісшілердің кейбірі енді Ирақтың басқа жерлерінде қайта күш жинап жатқан болуы мүмкін дейді олар.

Ирақтың бұрынғы Басқару кеңесінің мүшесі болған, күрдтің тәуелсіз сарапшысы Махмұд Отсман жақын уақытта Самаррада орын алған оқиғаларды мысалға келтіреді:

-АҚШ жасақтары Саммаррада шабуылдарға барып, қаланы өз қолдарына алды және елдің бәрі де американдықтар мұнда келді, Ирақ үкіметі Самарраны бақылауына алды деп ойлады. Одан кейін екі айға толар-толмас уақытта не болғанын өздеріңіз білесіздер. Көтерілісшілер қайтадан Самаррада, өйткені Америка жасақтары қаланы шабуылдаған кезде жолдарды кесіп, қаланы қоршап алдық деп айтады, бірақ көтерілісшілердің көбі ол арадан шығып кетеді. Соғыс қимылдары біткен соң олар қайтып оралады,-дейді талдаушы. Расында өткен айда Америка мен Ирақтың әскери басшылары Самаррадағы операцияларын аяқтадық, енді мұнда үкіметтік бақылауды қайта орнату үшін деген болатын. Аллауи болса бұл операцияларды сайлау алдындағы кезеңде Ирақтың негізгі аймақтарын көтерілісшілерден қайтару жолындағы үлгі болатын қимылдар деп атаған-ды. Алайда Самаррада үкімет билігінің қаншалықты дәрежеде орнатылғанына сенбі күні жанкештілік жарылыстар мен полиция бекетіне жасалған шабуылдан 34 адам опат болғаннан кейін күмән келтіріле бастады. Құрбан болғандардың көпшілігі Ирақ қауіпсіздік күштерінің адамдары болған. Фаллужада күш қолданылуына наразылықтың бір белгісі сейсенбі күні байқалды. Суннит мұсылмандарының жетекші партиясы- Ирақтың Ислам партиясы уақытша үкіметтің қатарынан шығатындығын мәлімдеді. Партияның аға өкілі Мохсен Абдул Хамид партия Фаллужадағы "адамдарға зиян" тигізіп жатқан қимылдарға қарсылық ретінде үкіметтен кету жөнінде шешім қабылдады деген Бағдадта журналистер алдында.

Талдаушы Мунтс Ирақ үкіметі үшін ең күрделі деген шайқастар Фаллужадағы немесе басқа жердегі күрес аяқталған соң басталады, ол қаңтар айына жоспарланған сайлауға елді қатыспауға шақырып жатқан жаппай үгіт-насихаттарға қарамастан, сайлаушылардың бұл сайлауға деген сенімін арттырып, олардың болашаққа көзін жеткізу болып табылады дейді.

Ал кейінгі хабарларға қарағанда сейсенбі күні кешке қарай АҚШ әскерилері Фаллужа қаласының үштен бірін өз бақылауымызға алдық деп айтқан.
XS
SM
MD
LG